108
Ұлы жүз аумағына неғұрлым тереңдей ену арқылы
патша үкiметi бiр қатар стратегиялық маңызды мiндеттерге
қол жеткiзудi көздедi.
Бiрiншiден,
Орта жүз бен Кiшi
жүздегi хандық билiктiң жойылуына, ок ругтiк при каз-
дардың құрылуына наразы бiрқатар сұлтандар мен батыр-
ларды бейтараптандыру қажет болды.
Екiншiден,
патша үкiметi Қытаймен
шегараны нақты белгiлеуге және өзiне ти iм дi қарым-қа ты настар орнатуға
мүдделi едi.
Үшiншiден,
патша үкi метiнiң Ұлы жүз жерiнде бекiнiстi
күшейтiп, одан әрi Орта Азия мем лекеттерiнiң аума ғына қарай әскери
күштерiн енгiзудi көздедi.
Ресей Iле сыртындағы өлкеде бiржолата бекiнiп қа лу ға тырыс-
ты. Қазақтар империяның әскери күштерiнiң iлгерi жылжуына қатты
қарсылық көрсеттi. Мәселен, дулат тайпасының қазақтары әскери
экспедицияға түгелдей қарсы шықты. Патша үкiметi ел де гi ықпалды
билеушi топты сатып алу әдiсiне көштi. Олардың жер дауына байланысты
мәселелерi iшiнара шешiлдi. Шен-шек пен дер, ордендер, айырым белгiлерi
таратылды. Сондай-ақ ақша және ба ғалы сыйлықтар түрiнде әртүрлi
материалдық көтермелеу шарала ры қолданылды.
1854 жылы
Верный бекiнiсi
бой көтердi. Сол жылы онда орыстар-
дың 500 солдаты мен офицерi орналасты. Келесi жылы Сiбiрден 400-ге
жуық шаруа отбасы көшiрiп әкелiндi. Ұлы жүз приставының кеңесi де
осында орналасты. Уақыт өте келе бұл бекiнiс Жетiсуды әскери күш тер дiң
отарлап алуының негiзгi тiрегiне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: