Жиынтық бағалаудың тест спецификациясы



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата29.03.2023
өлшемі1,44 Mb.
#173248
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
TS KAZ G11 KZSL

 
 
1
2
[2]
 
г) Қылмысқа баратындарға тән белгілер қандай? Кем дегенде екі белгісін жазыңыз. 
1
2
[2]
ғ) Қандай балалар жаман жолға түспейді?
[1]
д) Қоғамдағы заңсыз әрекеттердің деңгейі неге байланысты? 
 
[1]
 
Барлығы [10+5=15] 
 
3-сұрақ. Мазмұны үшін балл қою кестесі (толық нұсқа емес) 
 
Сұрақ 
Жауап 
3а 
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал болғандықтан/жеткіншектердің жан 
дүниесі нәзік, сезімтал 
3ә 
1.Қылмыскерге/тәртіп бұзушыға еліктейді/ұқсағысы келеді 
2.Оның қандай сезімде болғанын білгісі келеді/өзін қылмыскердің орнында 
сезінгісі келеді
3б 
Мектептегі тәртібінің нашарлығы, оқуға деген ынтасының болмауы, 


12 
сыныптастарының кері әсері, мұғалімдерімен және ата-анасымен ортақ тіл 
табыса алмауы, мектептегі жетістіктерінің төмендігі
 
2-бөлім
Берілген мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қылмыс жасаушы балалардың әлеуметтік жағдайлары әртүрлі. Бұл отбасылық 
тәрбиеге байланысты. Кейбір ата-ана балаға бар жағдайды жасайды, қалтасына ақша 
салып береді, бірақ бақыламайды. Бала не істегісі келсе соны істейді. Жастайынан жаман 
қылыққа жақын болады, сөйтіп қылмысқа ұрынады.
Ал кейбір жағдайы төмен отбасының балалары өз қатары сияқты сәнді киінгісі, жақсы 
ұялы телефон ұстағысы келеді. Оған ата-анасының жағдайы келмейді, сондықтан олар 
ұрлық жасайды. Әлі келетіндерге зорлық жасап, ақшасын тартып алады. Қылмыс жасаған, 
бірақ заң бойынша жасына байланысты бас бостандығынан айыруға болмайтын балалар 
бөлек, арнайы мектепте оқуы тиіс деп ойлайтын адамдар да кездеседі. Бұрын да ондай 
мектептер болған. Мұндай мектептерде арнайы мамандар тәлім береді. Баламен үнемі 
психолог мамандар жұмыс істейді және бақылап отырады. Қасында еркелететін ата-анасы 
да болмайды. Бала еркіндіктің қадірін түсінетін болады.
Жалпы мектептерде де тәрбиесі қиын балалар жиі кездеседі. Олармен көбіне жас 
психолог мамандар жұмыс істейді. Мұндай балалармен жұмыс істеуде олардың тәжірибесі 
аз. Оның үстіне, күнделікті ата-анасының қасында болып, еркіндікте жүрген соң бала 
қылмыс жасағанын да сезінбейді.
Ал, психолог мамандар қылмыс жасаған балалардың бәрін бөлек, арнайы мектепке 
жіберу дұрыс емес дейді. Олардың ойынша, балалар әртүрлі жағдайда қылмысқа ұрынады. 
Бүгінгі таңда әрбір мектепте психоаналитик болуы қажет. Бұл – заман талабы. Ата-ана мен 
мектеп арасында тығыз байланыс болуы тиіс. Өкінішке орай, балаға дұрыс жол көрсетудің 
орнына «менің балам ондай емес» деп жанжалдасуға дайын тұратын ата-аналар да бар. 
Мұндай жағдай баланың жаман жолға түсуіне себеп болады. Тағы бір себебі – баланың 
тұлға болып қалыптасуына қоршаған ортаның тигізетін ықпалы. Егер теріс қадамы үшін 
баланы арнайы мектепке жіберсек, ол оның психологиясына кері әсер етеді. Қасындағы 
тәрбиеге көнбейтін баланың ықпалына еріп кетуі де мүмкін. Сондықтан, баланың 
болашағын ата-анасы сәби кезінен ойлауы керек. Олармен тең дәрежеде сөйлесіп, сенім 
білдіріп отыру қажет. Балаға кішкене кезінен бастап олардың құқықтары мен міндеттері 
туралы айтқан жөн. Қысқасы, ойланатын мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет