1. Бағалау мақсаты Бағалау мақсаты – оқушының оқу процесінде алған білімі мен білігінің деңгейін, сондай-ақ
олардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын қолдана алу қабілетін анықтау.
1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы 11-сыныптағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2)
пәні бойынша сыртқы жиынтық бағалау
тапсырмалары AS Level халықаралық стандартына сай құрастырылған.
1.2 Оқу бағдарламасымен байланысы 11-сыныптың сыртқы жиынтық бағалауы 11-сыныптағы «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ NIS-Programme Білім беру бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Оқушылардың білімі мен білігінің деңгейі, сондай-ақ дағдылары «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2)
пәні бойынша оқу бағдарламасының күтілетін оқу нәтижелерімен анықталады.
1.3 Критериалды бағалау моделімен (КБМ) байланысы Сыртқы жиынтық бағалау Критериалды бағалау моделінің бір бөлігі болып табылады,
сонымен бірге оған қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.
2. Сыртқы жиынтық бағалауға шолу Барлық оқушылар екі емтихан жұмысын орындайды.
1-емтихан жұмысы: Оқылым мен жазылым 105 минут Оқушылар берілген 5 сұрақтың барлығына жауап береді. Сұрақтар қазақ тіліндегі мәтіннен
алынған 2 үзіндіге құрылып, сөздік қор мен грамматикалық құрылымды дұрыс қолдануын
тексереді. Одан әрі мәтінді түсінуге арналған сұрақтар беріледі. Соңғы сұраққа жауап
бергенде оқушылар үзінділерге сілтеме жасай отырып, өз көзқарасын қосып, 140 сөзден
тұратын жауап жазады.
Берілген тапсырманың сұрақтары оқушылардың тілді қолдана алуы мен мәтінді түсіну
дағдыларын (жалпы түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты алу үшін оқу, астарлы мағынаны түсіну
үшін оқу, жол арасынан оқу) көрсетуін және өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін, қорытынды
жасай алуын бағалайды.