Жиынтық бағалаудың тест спецификациясы



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата29.03.2023
өлшемі1,44 Mb.
#173248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
TS KAZ G11 KZSL

Бағалау міндеттері
1-емтихан жұмысы
. Оқылым 
мен жазылым 
2-емтихан 
жұмысы

Эссе 
1-БМ 
25 
16 
2-БМ 
25 
16 
3-БМ 
10 

Барлығы 
60 
40 
3.4 
Емтиханды өткізу тілі 
Емтихан қазақ тілінде өтеді.
4. 
Емтиханды өткізу процесін басқару 
Емтихан қауіпсіздік шараларының барлығын қатаң түрде сақтай отырып, Назарбаев 
Зияткерлік мектептері оқушыларының оқу жетістіктерінің сыртқы жиынтық бағалауын 
ұйымдастыру және өткізу туралы Нұсқаулықтың талаптарына сай өткізіледі. Нұсқаулық келесі 
негізгі тармақтарды қамтиды:

емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі;

мұғалімдердің, кезекшілердің және әкімшіліктің міндеттері; 

емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау

жазбаша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін аудиторияларды 
дайындау; 

емтихан кезінде оқушыларға бақылау жасау рәсімін сипаттау. 
5. 
Балдарды қою процесі 
Балл қою процесі бас емтихан алушы, топ лидерлері және емтихан алушылардан тұратын 
аттестациялық комиссия күшімен жүзеге асырылады. Әрбір емтихан жұмысы бойынша балл қою 
үшін емтихан алушылар топтары құрылады. Оларды топ лидерлері басқарады. 
Балдарды қою кезінде барлық емтихан алушылар балл қою кестесінің бірдей нұсқасын 
пайдаланады. Балл қою кестесінің дұрыс қолданылуын және бағалаудың әділдігін қамтамасыз 
ету мақсатында емтихан алушының тексерген жұмыстарын топ лидерлері, бас емтихан алушы 
таңдамалы түрде қайта тексереді. 
 
6. 
Бағаларды қою процесі
Әрбір пән бойынша бағалау нәтижелері A*, A, B, C, D және E әріптік бағалары түрінде 
қойылады, мұндағы A* бағасы оқу жетістіктерінің ең жоғарғы деңгейі, ал Е бағасы ең төменгі 



деңгейі болып табылады.
U бағасы (қанағаттанарлықсыз) оқушының оқу бағдарламасы материалын меңгермегенін
білдіреді.
Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктерінің бағасы әр емтихан жұмыстарының 
бағаларынан емес, барлық емтихан жұмыстарының жалпы балынан шығарылады.
Тест спецификациясында негізгі бағалардың (А, С және Е) сипаттамасы берілген. 
Аттестациялық комиссия осы бағалардың шекараларын кәсіби ой-пікір және оқушылардың 
нәтижелері негізінде анықтайды. A*, B және D бағаларының шекаралары арифметикалық 
жолмен анықталады. 
A*, A, B, C, D және E бағалары қорытынды бағаға аударылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет