Баланың бойын өлшеу
Алгоритм іс әрекеті:
1.
Баланың бойын айқындау алдында бой өлшегіштің үстін дез
ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп,
сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.
2.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
3.
Бой өлшегішке таза жөргек төсеңіз.
4.
Баланың бас киімін, аяқ киімін, шашындағы резенкелер мен
қыстырғыштырды шешіңіз, бұрымын тарқатыңыз, егер бойын
өлшеуге кедергі жасаса.
5.
Анасына баланы өлшегішке жатқызып, баланың басын өлшеп
болғанша қозғалтпай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
6.
Баланың басын жоғарғы планкаға тығыз тірелетіндей етіп,
арқасымен жатқызыңыз.
7.
Баланың басын есту каналынан көздің астыңғы жағымен ойша
жүргізілген түзеу сызық бой өлшегіш тақтайға перпендикуляр
болатындай етіп орналастырыңыз. Бұл түзу сызық «Франкфурт
сызығы» деп аталады.
8.
Баланың түзу жатырғанына, иықтыры тақтайға тиген, арқасы
қисық еместігіне көз жеткізіңіз.
9.
Баланың тізесін бір қолыңызбен жаймен басып ұстап, аяғын
барынша жазыңыз.
10.
Екінші қолыңызбен қозғалмалы планканы табанына тіреңіз,
табаны тақтайға толық тиіп тұруы керек.
11.
Егер табаны толық тимей тұрса, табанын қыдықтап жіберіңіз,
сол кезде бала табанын жазады.
12.
Көрсеткішті қарап, жазып алыңыз. Өлшемді 0,1 см дәлдікпен
алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: