Балалар аурулары пәні


Балаларда пульсты анықтау



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата30.03.2023
өлшемі3,24 Mb.
#173320
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Байланысты:
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Балаларда пульсты анықтау 
1. Баланы тыныштандыр 
2. Ыңғайлы жағдай жаса /отырғыз немесе жатқыз/ 
3. Баланың білегін және қолын көлденең тегістікке жатқыз 
4. Оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарымен кәрі жілік артериясын тауып пульсті 
анықта 
5. 1 минуттағы пульс толқындарының соғысын сана 
6. Пульс соғысын қалыпты жағдайдағымен салыстыр /соғысының жиілеуі 
– тахикардия, сиреуі – брадикардия/ 
7. Пульстің ырғақтығын анықта 
8. Толымдылығын анықта /толық немесе бос/ 
9. Пульстің кернеулігін анықта /қатты немесе жұмсақ/ 
Кернеулігі - арерияны саусақпен қатты басқанда артерияның қарсыласу 
күші 
Ескерту:
Ерте жастағы балаларда пульсті ұйқы немесе самай артерияларынан 
анықтаған ыңғайлы 
Қалыпты жағдайдағы пульс көрсеткіштері 
Баланың жасы 
1 минутта пульс жиілігі 
Жаңа туған бала 
120-140 
0-6 ай 
130-135 
6-12 ай 
120-125 
2 жас 
110-115 
3 жас 
105-110 
4 жас 
100-105 
5 жас 
100 
6 жас 
90-95 
7 жас 
85-90 
8 жас 
80-85 
9 жас 
80-85 
10 жас-12 жас 
75-85 
13 жас және одан жоғары 
70-80 
 


Балаларда қан қысымын өлшеу техникасы 
Назар аударыңыз! 

Балаларда қан қысымы 10-15 минут демалғаннан кейін, отырған немесе 


жатқан жағдайда өлшенеді 
Алгоритм іс-әрекеті. 
1.
Баланы отырғыз немесе жатқыз. 
2.
Баланың қолын алақанын жоғары қаратып тегіс жерге орналастыр. 
3.
Манжетканы шынтақ иілісінен 2 см жоғары ора Манжеткамен 
қолының арасында сұқ саусақ сию қажет. 
4.
Фонендоскопты шынтақ иілісінің алдыңғы бетіне орналастыр. 
5.
Манжеткаға резин балонмен ауаны диастоликалық қысымның 
дыбысы жоғалып кеткеннен кейін және +30 -40 мм с .б дейін толтыр 
6.
Винты жаймен ашып манжеткадан ауаны шығар. 
7.
Ең бірінші естілген дыбыстың монометрдегі көрсеткішін жазып ал 
/бұл максималды немесе систоликалық қ/қ көрсеткіші/ 
8.
Манжеткадан ауаны шығаруды жалғастыр. 
9.
Пульстың жоғалған дыбысының монометрдегі көрсеткішін жазып ал 
/бұл минималды немесе диастоликалық қ/қ көрсеткіші/ 
10.
Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштермен салыстыр. 
Баланың жасы 
Қан қысымының көрсеткіші, мм с.б 
Жаңа туған бала 
75/35 
6 ай 
80/40 
12 ай 
85/42 
1-5 жас 
80+2п/макс көрсеткішінің 1\2 бөлігі 
п-баланың жасы 
5 жас 
100 
5-15 жас 
100+п/ макс көрсеткіштің 1\2 -2\3 
бөлігі п-баланың жасы 
Ескерту: 
Манжетканың ені баланың иығының айналымына сәйкес келу керек 
Иық айналымы, см 
Манжетканың ені, см 
5-7,5 
2,5 
7,5-10 

10-12,5 
5,5 
12,5-15 

15-20 

20-23 
11 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет