Омыраумен емізуді бағалау 1.
Анасынан соңғы бір сағат ішінде нәресте емшек емгенін сұраңыз.
2.
Егер нәрестені соңғы бір сағат ішінде емізбесе, анасынан оны емізуді
сұраңыз.
Емізуді 4 минут бойы бақылаңыз
Омыраумен емізудің ережесі (4*3*4) Нәрестені дұрыс ұстау 1. Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықта ұстаңыз.
2. Сәбидің беті мен денесі анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек
ұшының деңгейінде болу керек.
3. Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болу керек(іші
анасының ішіне түйісуі).
4. Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап
отырады.
Омырауды салу 1. Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз.
2. Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.
3. Емшекті тез сәбидің аузына саламыз.
Омырауға дұрыс салғандығын тексеру 1. Сәбидің иегін емшекке тиіп тұрады.
2. Сәбидің аузы барынша ашық.
3. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады.
4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстіне көрініп тұру керек.
Егер бала омырауға дұрыс салынған болса, онда үзіліс жасап, баяу, терең еміп жатырғанын көреміз.
Бақылаулық шегу өткізу Мақсаты: баланың анасын бір емген кезде, еметін сүттің орташа мөлшерін
анықтау