Стресстен арылу жолдары! Өрмекші торы Стресс дегеніміз не? Стресс туғызатын факторлардың сыртқы және ішкі факторларын ажыратады.
Сыртқы факторларға шу, иіс, жарақат, ыстық және т.б.
Ішкілерге – қорқыныш, жанжал, жұмыс, уй шаруалары.
Ұзақ мерзімге созылған стрестерде көрінетін психикалық көріністер:
Адамдармен қарым-қатынас барысындағы тітіркенушілік
Әлсіздік сезімі, тез шаршау,
Тұрақты алаңдау, үрей сезімі
Зейінді тұрақтандыра алмау
Өмірге деген қызығушылықтың төмендеуі, пессимизм
Шешім қабылаудағы қиындықтар
Немқұрайлық
СТРЕССТІ ЖЕҢУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР Тарақ - Күні бойы манитордың алдында отырғанда мимикалық бұлшықеттер тырысады да, бас ауыр тартып, ауыра бастайды. Стрестен арылудың бір тәсілі – 15-20 минут бойы шаш тарау. Бұл қанның жүруіне әсер етеді, бұлшықеттерді босатады.
2. Балмұздақ жеу - Тәтті тамақ – стреске қарсы ең жақся допинг. Жақсы көңіл-күйді сақтауға, стрестен арылтуға майлы балық та жақсы көмектеседі. Оның құрамындағы Омега-3 жүйке жүйесіне пайдалы. Балықты жақсы көрмесеңіз, балмұздақ немесе банан жеңіз. Бұлар антидепрессанттан кем түспейді.
3. Массаж - Энергияны сақтау үшін мұрынның астындағы, қастың ортасындағы, еріннің астындағы алақанның ортасындағы нүктелерді 30 секунд уқалаңыз.
4.Алақаныңызды ысқылаңыз - Стрестен құтылудың тағы бір қарапайым тәсілі. Алақандарыңыз ыстық болғанша бар күшіңізбен бір-біріне ысқылаңыз. Сол сияқты құлақты да ысқылауға болады. Бұл сізді сергітеді, жұмысқа ынтаңызды арттырады.
- Негативтен құтылғыңыз келсе, 15 минуттай душ қабылдаңыз. Ағып тұрған жылы судың астында тұрыңыз. Судың сізге қажет емес нәрселерді шайып кеткенін сезінесіз.
6.27 зат - Шығыстың психологтары «қайғы-мұңнан арылғың келсе, үйдегі 27 затты орнынан қозға» дейді. Сол кезде энергияның емін-еркін жүруіне кеңістік ашылады. Осыны жасап көрсеңіз, миыңыз да басқаша қозғала бастайды.
8.Бояулар - Стресс кезінде кез-келген суретті боясаңыз, жұмысты 5 есе тез аяқтайсыз. Бұл арқылы сіз стрестен арылып қана қоймайсыз, керемет шедевр жасап шығуыңыз да мүмкін.
Арт терапия! «Ақиқат орындығы» жаттығуы - Жүргізілуі: Алдарыңызда таратпалар жиыны тұр. Енді сіздер кезекпен ортаға шығып, аяқталамаған сөйлемдерге жауап берулеріңіз керек.
Таратпалардағы сөйлемдер: - Ең үлкен қорқыныш бұл — … Мен мынадай адамдарға сенбеймін… Мен ренжимін, егер… Мен ұмытпаймын егер… Маған көңілсіз, егер… Егер маған дауыс көтерсе, мен… Егер мен сенімсіз болсам…
Бойдағы күйзелістен арылуға арналған жаттығу кешені. - Қол- Алақанның қырымен қатты затты ұрғылау. Каратэ шеберлері осы әдісті жиі пайдаланады.
- Арқа- Екі жауырынның арасын жақындатып, өзіңізді киім ілгіште ілініп тұрғандай сезіну. Екі жауырынның арасын барынша жақындату. Бірден босаңсу.
Іш- Мұрынмен өкпені ауаға толтыру, іштің көлемінің үлкеюіне жол бермей тартып ұстау. Ауаны ауыз арқылы сыртқа шығару кезінде ішті де босаңсыту. - Іш- Мұрынмен өкпені ауаға толтыру, іштің көлемінің үлкеюіне жол бермей тартып ұстау. Ауаны ауыз арқылы сыртқа шығару кезінде ішті де босаңсыту.
- Саусақ- Екі қолымызды алдыға созып, алақанымыздағы лимонды сығып, шырынын шығару керек деп елестету. Алақанды қысуды барынша күшейтіп, бірден тез босаңсыту керек.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |