1. Уақытылы енгізу – 6 айдан бастап беру. Егер ерте бастаса:
ана сүтінің шығуының азяды
инфекциялану қауіпі артады, инфекцияның тамақ және су арқылы түсуінен
аллергиялық аурулардың арту қауіпі, ішектің жетілмеу себебінен
рационның энергиялық жеткіліксіз болмауы қауіпі, әдетте қосымша тамақтарды сұйық ботқалардан немесе сорпалардын бастайды, ал бұлардың қоректік және энергиялық құндылығы омырау сүтімен салыстырғанда төмен болады Егер кеш бастаса:
Физикалық дамуының қалыс қалуы
Ішек және респираторлық аурулармен ауру қауіпі (иммунитеттің төмендеуі себебінен)
Анемия дамуының қауіпі 2. Қоректік құндылығы жағынан адекватты болу керек
Қосымша тамақ қою болуы керек, салған қасық баяу бататындай.
Сұйық сорпалар беруге кеңес берілмейді, себебі бала үшін қажетті энергиялық құндылығы жеткіліксіз
Қою тамаққа 1 шай қасық өсімдік майы, үй қаймағы немесе сары май қосу қажет.
Қосымша тамаққа берілетін тамғамдар көп түрлі болуы тиіс (ет, балық, әртүрлі жармалар, көк өніс, жеміс жидек, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар, жақсылап тазартылған, ұнталған жаңғақтар, сүт тағамдары). 3. Тамақты қабылдау жиілігі мен көлемі жөнінен жеткілікті болуы тиіс
6 айдан 12 айға дейін егер бала табиғи тамақтануда болса күніне 3 рет, е гер табиғи тамақтануда болмаса күніне 5 рет тамақ беріледі. Бір жейтін тамақ көлемі 6–7 айлығында - 150 мл, 8–10 айлығында - 180 мл, 11–12 айлығында - 225 мл
12 айдан 2 жасқа дейін балаға күніне 5 рет, 3 негізгі тамақты қабылдау + 2 қосымша тағамдар тамақ беріледі (жемістер, май жаққан нан, қаймақ қосқан сүзбе, ет қосылған бәліш). Бір жейтін тамақ көлемі – 300 мл
2 жастан жоғары балаға күніне 5 рет, 3 негізгі тамақты қабылдау + 2 қосымша тағамдар тамақ беріледі . Бір жейтін тамақ көлемі