Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет42/65
Дата30.03.2023
өлшемі3,24 Mb.
#173320
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Байланысты:
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Егуден кейінгі асқынулар: 
1.
Тері асты суық абцесс; 
2.
Жайылған тыртықтану; 
3.
Егуден кейінгі лимфадениттер; 
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ 
 
Мақсаты: 
диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау. 
Қолдану көрсетілімдері: 
туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар. 
Дайындаңыз: 
залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз 
жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны 
аяқ, қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, 
қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру 
ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. 
Іс-әрекет алгоритмі: 
 
1.
Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады. 
2.
Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз. 
3.
Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз. 
4.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет пердені 
киіңіз. 
5.
Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын 
түсіндіріңіз. 
6.
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен 
жүргізіңіз. 
7.
Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық 
жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін 
ескертіңіз. 
8.
Науқастан сұраңыз: 
-
таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды
-
ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды; 
-
тік тұруын немесе тік отыруын; 
-
түкіргіштің қақпағын ашуды; 
-
аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып 
және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты 
өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын; 
-
науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, 
түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін. 
9.
Түкіргішті немесе банканы қақпақпен жабыңыз. 
10.
Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған 
салфеткамен сүртіңіз. 


11.
Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз. 
12.
Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз. 
13.
Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 
14.
Қолды жуып, кептіріңіз. 
Ескерту: 
-
қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді 
тағайындалғаннан кейін жинайды; 
-
антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет