153
Алгоритм – мәселені шешуге бағытталған
әрекеттер тізбегін орындау
үшін орындаушыға арналған нақты және түсінікті нұсқаулық. «Алгоритм»
сөзі арифметикалық амалдарды орындау ережелерін тұжырымдаған матема-
тик әл-Хорезмидің есімімен байланысты. Алғашында алгоритм сандармен төрт
арифметикалық амалдарды орындау ережелері ретінде ғана берілді. Одан
кейін бұл тұжырымдаманы кез келген тапсырманы
шешуге әкелетін әрекеттер
тізбегін белгілеу үшін қолдана бастады. Есептеу
процесінің алгоритмі туралы
айтылғанда, алгоритм қолданылатын объект әрқашан деректер болады.
Есептерді
шешудің алгоритмі
дегеніміз – бастапқы деректерді
қорытынды нәтижеге
айналдыру ережелерінің жиынтығы.
1-тапсырма.
Үштаңбалы
N
саны берілген. Осы санның
цифрларының арасындағы ең үлкенін тауып,
экранға
шығар. Тапсырманың блок-схемасын құр.
Сызықтық алгоритмге арналған есеп құрастыр.
Құрастырған есебіңді әрі
қарай тармақталу алгоритміне арналған есепке ауыстыр. Құрастырған
есебіңнің блок-схемасын құрып, программалық кодын жаз.
Мысалы
Нәтиже
120
2
786
8
Достарыңызбен бөлісу: