Сабақтың тақырыбы: Магнит Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/2
Дата30.11.2019
өлшемі0,59 Mb.
#52774
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ашық сабақ Магнит


Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Табиғат физикасы.

Күні:15.03.2019ж.

Сынып: 1 «В» сыныбы.

Мектеп: Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясы.

Мұғалімнің аты жөні: Ибатова Э.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Магнит

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.6.1. Магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2. Магниттің қасиетін зерттеу;

1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру.


Бағалау критерийлері:

1. Магниттің магниттік қасиеті бар металдарды тартатынын түсінеді;
2. Магниттің қасиетін анықтау үшін жеке жұмыс жүргізеді, нәтижеге сәйкес қорытынды шығарады.
3. «Магниттік тақта» құралының жұмыс істеу «құпиясын» анықтайды, басқа оқушыларға түсіндіреді. Магниттің күнделікті өмірде қолданылуы жайлы болжам жасайды.

Тілдік мақсаттар:



Магнит, тарту, тебу.

Магнит – магнит - magnet.



Құндылықтарды дарыту:

Сабақ кезінде оқушылардың бір-бірін тыңдау, көмектесу, топта тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәденитін қалыптастыру. Ынтымақтастық, достық сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар:

Тірек сөзді үш тілде қолдану арқылы қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерімен байланыс іске асырылады.

АКТ қолдану:

Магниттің қасиеті туралы мультфильмнен үзінді көрсету.

Бастапқы білім:

Күнделікті өмірде электр энергиясының маңызын, батареяның электр көзі екенін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 минут

3 минут

Айтылым
3 минут




Cабақтың басында жағымды көңіл күй тудыру.

-Балалар мен қандай смайлик көрсетемін сендер сондай эмоция маған қайтарыңдар.

Кәне бастаймыз! (әртүрлі эмоция смайликтерін кезекпен көріп қайталау)
«Электр» тақырыбы қайталау үшін «Еркін микрафон» әдісімен ойын өткізіледі

-Электр деген не?

- Электрді қайда пайдаланамыз?

- Электр көзіне жалғанбайтын құралдарды атайықшы?

-Оларды қалай қуаттаймыз?

Дескриптор:

1. Күнделікті өмірде электр қуатының маңызын айта алады;

2. Электр қуаты арқылы жұмыс істейтін құрылғыларды атай алады;

3. Батареяның қалай қуатталатынын түсіндіре алады.


Қ\Б
Сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылықтарын туғызу мақсатында «Құпия зат» әдісі қолданылады.

Қалтаға түрлі материалдан жасалған заттар салынады (мысалы: түйреуіш, шанышқы, тарақ, темір ақша, шыны, орамал, ағаш қасық, т.б.). Балалар қаптан заттар алады. Қалған заттар қапшық түбінде қалады. Металдан жасалған заттар магнитке тартылып қалған.

Мұғалім:

-Балалар неге бұлай болды екен?

- Менің қолымдағы заттың не екенін білесіңдер ме?- деп сұрайды.

Оқушылар оның магнит екенін айтып, сабақпен қалай байланысқанын анықтайды.


Бағалау: оқушыларды сабаққта белсенді жұмыс істеуге ынталандыру үшін ауызша репликалар айтылады.


Магнит, түйреуіш, шанышқы, тарақ, темір ақша, шыны, орамал, ағаш қасық, т.б.




Сабақтың ортасы:

10 минут

Тыңдалым

Оқылым

5 минут

Сергіту сәті



2 минут

3 минут


3 минут


Сабақтың соңы

3 минут



«Балапан және оның достары. Магнит» мультфильмінен үзінді көрсету.
Оқулықпен жұмыс.

Мәтіннен керекті бөліктерін оқып шығады.

Мұғалім магниттер заттарды тартып алады, сонымен қатар бір –біріне тартылады және магнитке тартылмаитын заттар болатынын түсіндіріп өтеді.

Шағын видеоролик
Топтық жұмыс.

«Шағын эксперимент»

1-топ. Картон бетінде степлер қыстырғыштарын магнитпен қозғалтады және картонның өзі магнитке тартылмаитынын анықтайды.

2-топ. Стакан ішіндегі темір затты магнитпен қозғалтады және шыны ыдысты магнитке тартылмаитынын анықтайды.

3-топ. Тақтай бетіндегі қыстырғыштарды қозғалтады және ағаштың магнитке тартылмаитынын анықтайды.
Дескриптор:

1. Магниттің қасиетін анықтау үшін зерттеу жұмысын жүргізеді;

2. Зерттеу жұмысы барысында анықталған мәліметтерді салыстырады;

3. Нәтижеге сәйкес қорытынды шығарады.

Бағалау:

«Фейерверк» әдісі арқылы бағаланады.


Кішкентай магниттер
Жеке жұмыс:

Берілген тапсырмадан магнитке тартылатын заттарды құсбелгімен белгілеп шығу






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет