Областной этап республиканской олимпиады по



Pdf көрінісі
бет18/43
Дата12.04.2023
өлшемі2,12 Mb.
#174360
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
chem10-2-tasks

Областной
 
этап
 
республиканской
 
олимпиады
 
по
 
химии
 2021 
Комплект
 
заданий
 II-
тура
 
для
 10 
класса
 


Нұсқа
 
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9 
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II) 
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді, 
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып, 
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін 
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында 
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық 
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз 
№1 сынауығындағы ерітінді көк түсті. 
Егер №4 сынауығындағы затқа №5 не №2 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе, 
өзгеріс байқалмайды. Егер №4 сынауықтағы затқа №3, №1, №6 не №7 
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №4 сынауығына №8 
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №4 сынауығына №9 сынауықтағы затты 
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №3 сынауықтағы затты №6, №8 не 
№2 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №3 
сынауықтағы затты №1, №5, №7 жəне №9 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба 
пайда болады. Егер №1 сынауықтағы затты №7 не №2 сынауықтарына қосса, өзгеріс 
байқалмайды. Егер №1 сынауыққа №6 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк 
тұнба, кейін №6 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті 
ерітінді пайда болады. Егер №1 затты №5 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ 
тұнба түзіледі. Ал егер №1 сынауығына №8 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою 
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №1 сынауығындағы затқа №9 
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №6 сынауығындағы 
затқа №8, №9 жəне №2 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер 
№6 сынауығына №5 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске 
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №6 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба 
еріп, ерітінді түссізденеді. №6 сынауықтағы зат пен №7 сынауығындағы затты 
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №5 сынауығы мен №2 сынауығына арасындағы 
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №5 сынауығындағы зат №7 не №9 
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №5 сынауығындағы зат №8 
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №7 
сынауығындағы зат №8 не №2 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс 
байқалмайды. Егер №7 сынауығындағы затқа №9 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба 
мен газ пайда болады. Егер №8 сынауығындағы затты №9 сынауығындағы затқа қосса, 
өзгеріс байқалмайды. Егер №8 сынауықтағы затына №2 сынауықтағы затын қосса, 
ерітінді түсі өзгереді. Егер №9 сынауығындағы зат пен №2 сынауығындағы затты өзара 
араластырса, газ бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет