Областной этап республиканской олимпиады по



Pdf көрінісі
бет16/43
Дата12.04.2023
өлшемі2,12 Mb.
#174360
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
chem10-2-tasks

Областной
 
этап
 
республиканской
 
олимпиады
 
по
 
химии
 2021 
Комплект
 
заданий
 II-
тура
 
для
 10 
класса
 


Нұсқа
 
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9 
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II) 
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді, 
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып, 
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін 
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында 
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық 
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз 
№1 сынауығындағы ерітінді көк түсті. 
Егер №2 сынауығындағы затқа №8 не №3 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе, 
өзгеріс байқалмайды. Егер №2 сынауықтағы затқа №6, №1, №4 не №5 
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №2 сынауығына №9 
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №2 сынауығына №7 сынауықтағы затты 
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №6 сынауықтағы затты №4, №9 не 
№3 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №6 
сынауықтағы затты №1, №8, №5 жəне №7 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба 
пайда болады. Егер №1 сынауықтағы затты №5 не №3 сынауықтарына қосса, өзгеріс 
байқалмайды. Егер №1 сынауыққа №4 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк 
тұнба, кейін №4 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті 
ерітінді пайда болады. Егер №1 затты №8 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ 
тұнба түзіледі. Ал егер №1 сынауығына №9 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою 
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №1 сынауығындағы затқа №7 
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №4 сынауығындағы 
затқа №9, №7 жəне №3 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер 
№4 сынауығына №8 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске 
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №4 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба 
еріп, ерітінді түссізденеді. №4 сынауықтағы зат пен №5 сынауығындағы затты 
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №8 сынауығы мен №3 сынауығына арасындағы 
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №8 сынауығындағы зат №5 не №7 
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №8 сынауығындағы зат №9 
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №5 
сынауығындағы зат №9 не №3 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс 
байқалмайды. Егер №5 сынауығындағы затқа №7 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба 
мен газ пайда болады. Егер №9 сынауығындағы затты №7 сынауығындағы затқа қосса, 
өзгеріс байқалмайды. Егер №9 сынауықтағы затына №3 сынауықтағы затын қосса, 
ерітінді түсі өзгереді. Егер №7 сынауығындағы зат пен №3 сынауығындағы затты өзара 
араластырса, газ бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет