Областной
этап
республиканской
олимпиады
по
химии
2021
Комплект
заданий
II-
тура
для
10
класса
7
11
Нұсқа
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II)
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді,
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып,
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз
№8 сынауығындағы ерітінді көк түсті.
Егер №2 сынауығындағы затқа №1 не №9 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе,
өзгеріс байқалмайды. Егер №2 сынауықтағы затқа №4, №8, №5 не №3
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №2 сынауығына №6
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №2 сынауығына №7 сынауықтағы затты
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №4 сынауықтағы затты №5, №6 не
№9 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №4
сынауықтағы затты №8, №1, №3 жəне №7 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба
пайда болады. Егер №8 сынауықтағы затты №3 не №9 сынауықтарына қосса, өзгеріс
байқалмайды. Егер №8 сынауыққа №5 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк
тұнба, кейін №5 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті
ерітінді пайда болады. Егер №8 затты №1 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ
тұнба түзіледі. Ал егер №8 сынауығына №6 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №8 сынауығындағы затқа №7
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №5 сынауығындағы
затқа №6, №7 жəне №9 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер
№5 сынауығына №1 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №5 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба
еріп, ерітінді түссізденеді. №5 сынауықтағы зат пен №3 сынауығындағы затты
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №1 сынауығы мен №9 сынауығына арасындағы
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №1 сынауығындағы зат №3 не №7
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №1 сынауығындағы зат №6
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №3
сынауығындағы зат №6 не №9 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс
байқалмайды. Егер №3 сынауығындағы затқа №7 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба
мен газ пайда болады. Егер №6 сынауығындағы затты №7 сынауығындағы затқа қосса,
өзгеріс байқалмайды. Егер №6 сынауықтағы затына №9 сынауықтағы затын қосса,
ерітінді түсі өзгереді. Егер №7 сынауығындағы зат пен №9 сынауығындағы затты өзара
араластырса, газ бөлінеді.
|