I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет29/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   230
Сөйлеу тіл бұзылыстарының себептері
– ағзаға сөйлеу тілі 
бұзылыстарының ерекшеліктерін дәйектейтін сыртқы немесе ішкі зиянды 
факторлардың әсері болып табылады. 
Бала дамуының қай кезеңінде және қандай жағдайларда сөйлеу тілінің 
бұзылыстары пайда болады? 


65 
Әлі туылмаған баланың сөйлеу тілі дамуына және ауытқуына әсер 
ететін жағымсыз факторлар әсерін тигізуі мүмкін. Оны баланың 
денсаулығына және сөйлеу тілі дамуына жағымсыз тұқым қуалаушылық 
және болашақ ата-аналарының дұрыс емес өмір салты әсер ететінімен 
түсіндіруге болады. Балаға ата-аналарынан психикалық-жүйке ерекшеліктері, 
сөйлеу 
аппаратының 
перифериялық 
және 
орталық 
бөлімдерінің 
құрылымының ерекшеліктері (мысалы, артикуляциялық мүшелерінің 
құрылымының ерекшеліктері, т.б.) балаға берілуі мүмкін. Бірақ, сөйлеу тілі 
бұзылыстары тұқымқуалаушылық арқылы берілетін мәселеге бірдей көзқарас 
жоқ.
Ұрықтың іштей қалыпты дамымауы, яғни сөйлеу аппаратының 
перифериялық және орталық бөліктері дұрыс қалаптаспауы, келесі жағымсыз 
факторлардың салдарынан болуы мүмкін:
• жүктіліктін бірінші-екінші жартылығындағы токсикоздар; 
• жүктілік кезіндегі анасының созылмалы ауырулары (тұмау, қызамық, 
эндокринды бұзылыстары, бүйрек және жүрек ауырулары, т.б.); 
• резус-конфликт; 
• анасының жүктілік кезіндегі әр түрлі жарақаттары; 
• жағымсыз кәсіби жағдайлар (жоғарыда аталған факторлардан басқа 
болашақ анаға ауыр физикалық жүмыс және түнгі ауысымда істеуге 
болмайтынын айтқан жөн); 
• анасының жүктілік кезінде шылым шегуі және ішімдікке құмар болуы; 
• стресстік жағдайлар (ажырасу, жақын адамдарының қаза болуы, т.б.); 
• тастанды түсік жасауға әрекеттену, бірақ оның нәтижелі болмауы. 
Анасының жүктілік кезінде шылым шегуінің балаға тигізетін әсеріне 
ерекше тоқталып кеткен жөн. Көптеген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар 
шылым шегудің ұрықтың дамуына тигізетін жағымсыз әсерін анықтаған. 
Эхографияның көрсеткіштері бойынша, анасының шылым шеккен кезінде 
баланың жүрек қағысы жиілейді, ал баланың өз бетімен қимылы (спонтанды) 
бірте-бірте тоқталады-бала тұншыға бастайды. Шылым шегетін анадан туған 
балалар өмірінің алғашқы 3 айында тыныс алу мүшелерінің ауыруына бейім 
болады. Олардың өкпелерінің көлемі шамадан 5% , ал салмағы 70-140 
граммға аз болады. Егер анасы күніне 10 шылым (сигарет) шегетін болса, 
баланың интелектісінің коэффициенті 9 пунктке төмен болады, өйткені 
темекі бас миына баратын оттегін және көректі заттарды азайтады. Соның 
нәтижесінде бас мидың дамуына кері әсерін тигізеді. Темекі түтінінің 
құрамындағы химиялық элементтер әлі дүниеге келмеген баланың жүйке 
жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді.
Баланың құрсақ ішіндегі дамуының кезкелген бұзылыстары босанудың 
алдын ала ауыр болуын болжайды. Туатын кезде бала толық дамымаған 
болады, сондықтан ол туу процесіне белсенді қатыса алмайды. Осындай 
жағдайлар әр түрлі көмекші құралдарды қолдануға мәжбүр етеді. Соның 
салдарынан әр түрлі жағымсыз бұзылыстар болуы мүмкін (баланың бас 
миінің механикалық зақымдалуына дейін).


66 
Баланың 
ерте жас кезеңінде
сөйлеу тілінің қалыптасуына келесі жағдайлар 
кері әсерін тигізуі мүмкін: 
• бас жарақаттары, ми шайқалуы; 
• бас миының асқыну ауырулары (менингит, менингоэнцефалит) 
• естуінің төмендеуіне немесе мүлдем естімей қалуына себеп болатын 
аяғына дейін емделмеген ортаңғы және ішкі құлағының асқыну 
ауырулары 
• сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін сөйлеу аппаратының перифериялық 
бөліктерінің зақымдалуы (әр түрлі жарақаттар, баланың үнемі саусақ 
емуінің салдарынан болған тіс және жақ сүйектерінің ауытқулары, т.б.); 
• баланың сөйлеу тілі дамуына ересектердің жеткілікті көңіл бөлмеуі 
немесе айналасындағы адамдардың сөйлеу тіл ақаулары. 
Сонымен, бала өмірінің алғашқы жылдарының жүйке-психикалық 
ауырулары әдетте сөйлеу тіл бұзылыстарымен қабаттасады. Осыған 
байланысты сөйлеу тілінің қалаптасуындағы ақаулармен қатар оның 
қалыптасқан кезіндегі ақауларды ажыратқан заңды.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын сараптау барысында баланың сөйлеу жүйесінің 
бөліктерінің қарқынды даму кезеңін ескерген маңызды. Бұл кезеңді 
«қауіпті» кезең деп атайды. Өйткені бұл кезде экзогенді зияндылықтарды 
сөйлеу әрекетінің жүйке механизмінің жоғары жарақаттанғыштығы және 
бұзылыстарының қызметі, бұл жағдайда сөйлеу тілінің дамуының «қатерлі» 
кезеңі сөйлеу тілі бұзылыстарының бейімдеуші шарты болып келеді.
Сөйлеу тілінің бұзылуының пайда болу себептерін анықтау кезінде 
сөйлеу тілінің ақаулығы мен сақтаулы анализаторларының және 
коррекциялық 
жұмыста 
мүмкін 
болатын 
компенсацияның 
өзара 
қатынастығын ескерген жөн.
Сөйлеу тілінің дамуындағы әр түрлі ақауларды ерте жастан 
диагностикалаудың маңызы зор. Егер балада сөйлеу тілі ақаулары мектепке 
барған кезде немесе бастауыш сыныпта анықталса, олар баланың сабақ 
үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Ал, егер бұл ақаулар баланың ерте жасында 
анықталса, оған көрсетілген медициналық және педагогикалық түзету 
жұмысы арқасында мектепте толық бағалы білім алуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет