74
5. Преодоление общего недоразвития речи дошкольников. Т.В. Волосовец
ред. Оқу-әдістемелік құрал. М., 2002.
II ТАРАУ. СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ
ЖОЛДАРЫ
7
БӨЛІМ . ДИСЛАЛИЯ
Дислалия
(«dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының
едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі
дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада
ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк
еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді
барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған.
Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған.
Бірақ
ол
бұл
терминмен
артикуляциалық
аппарат
мүшелерінің
ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.
В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық
аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған
дыбыстардың бұзылуын жатқызды.
20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі
атаған. Мысалы: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы»,
О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие»)
деп атаған.
Дислалия
– сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол
дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен
белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде
болады (Ф.Ф.Рау).
Дислалия
– мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу
тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры
және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина).
Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады.
Дислалия
Достарыңызбен бөлісу: