78
Бірақ, кез келген тіс ақаулары дыбыс айтуының бұзылуына әкелмейді. Кейбір
кезде тістердің деформациясы кезінде дыбыс айтуы қалыпты болып қалады.
Тілдің патологиялық өзгерістерінің (өте үлкен, көлемді немесе кішкентей тіл,
тіл асты желбезегінің қысқа болуы) салдарынан дыбыс айтуының бұзылуы
таралуы бойынша екінші қатарда тұр. Бұндай ақаулықтарда ызың, ысқырық
және вибрант дыбыстардың айтылуы бұзылады. Кейбір жағдайда сөздің
жалпы анықтығы бұзылады.
Бірақ, лингвисттер (Р. О. Якобсон, М. В. Панов) және арнайы мамандардың
(Г. Гутцман, Р. А. Юрова және б.) айтуы бойынша тілдің патологиялық
кемістіктері айтуына барлық жағдайда әсер ете бермейді.
Тіл және тіс ақаулары бола тұра баланың дыбысты дұрыс айтуы
компенсаторлы мүмкіндіктерді дәлелдейді.
Еріннің ақауларынан дыбыс айтуының бұзылуы сирек кездеседі. Өйткені туа
біткен ерін жарықтары хирургиялық жолдармен ерте жаста емделеді.
Сондықтан, логопед өз жұмысында жарақаттардан кейін болған деформация
салдарымен кездеседі. Осындай жағдайда еріннің толық қабыстауынан
еріндік дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сонымен қатар еріндік-тістік
дыбыстардың да айтылуы бұзылады.
Механикалық дислалия функционалды және фонематикалық дислалиямен
қосарлануы мүмкін. Механикалық дислалияның барлық жағдайында хирург
және ортодонт мамандарының кеңесі, ал кейбір жағдайда емдеуі қажет.
Функционалды
дислалияның
табиғи
негізі
болмайды.
Мысалы,
еліктеушілікпен дамыған дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Себебі сөйлеу
өзінің бастапқы даму кезінде еліктеу негізінде айтарлықтай дәрежеде
қалыптасады, сонымен қатар оның бұзылу себебінің бірі ретінде баланы
қоршаған адамдарда дыбысты айту кемшілігі бар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: