I теоретические основы логопедии


Логопедияның принциптері және әдістері



Pdf көрінісі
бет5/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
 
Логопедияның принциптері және әдістері 
 
Логопедияның 
негізгі 
принциптеріне:
жүйелік, 
кешендік, 
жанжақтылық, онтогенетикалық, сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы 
мен механизмін ескеру (этиопатогенетикалық принцип), бұзылыстың 
симтоматикасын, сөйлеу тілі ақаулығының құрылымын ескеру принципы, 
дамытушылық, т.б. жатады.
 
Логопедияда жалпы педагогиканың принциптері мен тәсілдері кеңінен 
пайдаланылады. Кейбір принциптерді қарастырайық. 
Жүйелік принципі.
 
Сөйлеу тілі күрделі функционалды жүйе, оның 
құрылу компоненттері бір бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, сөйлеу 
тілін және оның дамуын зерттеу, түзету сөйлеу тілінің барлық 
компонеттеріне ықпал етуді болжайды.
Жанжақтылық принципі.
Логопедиялық жұмыс логопаттың тұтас 
тұлғасына ықпал ету арқылы жүргізілуі керек. Оның қайта тәрбиелетін 
жағымсыз жағы және компенсация процесінде пайдаланатын жағымды 
жағын ескеру қажет (бұзылған анализатор орнына сақтаулы анализаторды 
қолдану). 
Кешенді принципі.
 
Логопедиялық қорытынды жасау, сөйлеу тілінің 
бұзылуын ұқсас формаларынан ажырату үшін сөйлеу және сөзсіз 
симптомдарына, медициналық, психологиялық және логопедиялық тексеру 
нәтижелеріне талдау жасау керек. Сонымен қатар баланың сөйлеу тілінің 
даму денгейі мен танымдық әрекеттерінің даму денгейін салыстыру керек 
болады. 
Көптеген жағдайда сөйлеу тіл бұзылыстары әр түрлі жүйке және 
психикалық-жүйке аурулардың сиптомдарына қосылады (дизартрия, алалия, 
тұтықпа, т.б.). Бұндай жағдайда сөйлеу тіл бұзылыстарын түзету жұмысы 
кешенді түрде өтуі керек, яғни медициналық-психологиялық- педагогикалық 
көмек көрсетілуі керек. Сонымен, сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеу және 
түзету барысында кешенді принцип маңызды орын алады. 
Дамытушылық принципі.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеуде және 
түзетуде нормадан ауытқыған бала дамуының ерекшеліктерін және жалпы 
даму заңдылықтарын ескерген жөн. Дамытушылық принцип логопедиялық 
жұмыс барысында баланың «жақын» даму аймағына байланысты 
міндеттерді, қиыншылықтарды, кезендерін ажыратуды болжайды. Сөйлеу 
тілі кемістігі бар балаларды зерттеу, олармен логопедиялық жұмысты 
ұйымдастыру баланың негізгі іс -әрекетін (заттық-тәжірибелік, ойын, оқу) 
ескере отырып жүзеге асырылады. 


10 
Онтогенетикалық принципі.
 
Логопедиялық түзету жұмысы баланың 
сөйлеу тілінің түрлері мен функцияларының шығу реттілігін және баланың 
онтогенездегі іс-әрекетінің түрлерін ескеруді талап етеді. 
Динамикалық принципі.
Баланың даму барысында ауытқушылықтың 
байқалуы. 
Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзетуде келесі дидактикалық 
принциптер маңызды орын алады: көрнекілік, қолжетімділік, саналылық, 
даралап тіл табу және т.б. 
Логопедия әдістерін
 
бірнеше топқа бөлуге болады: 
1 топ – ұйымдастыру әдістер: салыстыру, лонгитюдиналды (даму барысында 
зерттеу), кешенді. 
2 топ –эмпирикалық әдістер: обсервациялық (бақылау), экспериментальді 
(зертханалық, табиғи, қалыптастырушы, психологиялық –педагогикалық), 
психологиялық 
–диагностикалық 
(тестер, 
анкеталар, 
сұқбаттасу), 
биографиялық (анамнез бойынша мәліметтер жинау және оларға анализ 
жасау). 
3 топ – жинаған мәліметтерді ЭЕМ қолдану арқылы сапалық және сандық 
(математика –статистикалық) талдау.
4 топ- интерпретациялық әдістер, зерттеу құбылыстары арасындағы 
байланысты теория жүзінде зерттеу тәсілдері (тұтас пен бөлшектердің, 
жалпы құбылыс пен жеке параметрлердің, тұлға мен функциялар арасындағы 
байланыс).
Зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар 
кеңінен қолданылады: интонографтар, спектографтар, назометрлер, бейнесөз, 
фонографтар, спирометрлер және басқа да құралдар, сонымен қатар біртұтас 
сөйлеу әрекетінің және оның бөлшектерінің динамикасын зерттеуге 
мүмкіндік беретін рентгенокиносуреттер, глоттография, кинематография, 
электромиография. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет