I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет6/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы 
 
Логопедия көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Сөйлеу тілі 
бұзылыстарын алдын алу немесе түзету, тұлғаға жанжақты әсер ету үшін 
сөйлеу тілі бұзылыстарының симптоматикасын, этиологиясын, механизмін, 
сөз және сөзсіз симптомдарының арақатынасын білу қажет. 
Жүйелік байланыстың ішкі және сыртқы түрі болады. Ішкі жүйелік 
байланысқа педагогика, арнайы педагогиканың әр түрлі саласымен 
(сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогикамен); ана тіліне 
және математикаға оқыту әдістемесімен; логопедиялық ритмикамен, жалпы 
және арнайы психологиямен байланысты. Сыртқы жүйелік байланысқа 
медициналық-биологиялық және лингвистикалық ғылымдар жатады.
Логопедияның табиғи ғылыми негізі болып: И.П.Павловтың бірінші 
және екінші сигналды жүйесінің өзара әсерлесіп әрекет жасауы, шартты-
рефлекторлық байланыстың қалыптасуының зандылығы туралы, П.К. 
Анохинның функционалды жүйе туралы ілімі және сөйлеу тілінің әрекеттері 


11 
туралы казіргі нейропсихолингвистикалық ілім табылады. И. П. Павловтың 
ілімі бойынша сөйлеу тілі мидың күрделі психофизиологиялық қызметі, 
екінші сигналды жүйесі, сигналдың сигналы деп саналады. Біздің сезімімізді, 
қабылдауымызды И. П. Павлов бірінші сигнал болмысы деп атады. Олар 
арнайы физиологиялық механизмдердің, талдаушылардың арқасында пайда 
болады. Адамның ең зор дәулеті - оның сигнализациясының ерекше, жоғары 
түрі - сөйлеуі. Ол екінші сигналды жүйесі деп аталады. 
И. П. Павловтың ілімі бойынша бірінші және екінші сигналды жүйелер 
өзара тығыз байланыста. Екінші сигналды жүйе бірінші сигналды жүйенің 
негізінде қалыптасады. Бірақ кейін екінші сигналды жүйе бірінші сигналды 
жүйеге реттеуші ретінде әсер ететін болады. Бірінші сигналды жүйенің 
бұзылуы екінші сигналды жүйенің бұзылуына апарып соғуы мүмкін. 
Мәселен, сөйлеу тілінің бұзылу себебі кейде есту, көру анализаторларының 
механизмінің бұзылуынан болуы мүмкін. Сөз ерекше қасиеті бар сигнал 
болып табылады. Осы екі жүйенің өзара күрделі және тығыз байланысын 
ескеруі сөйлеу тіл бұзылыстарын және сөзсіз функцияларын түзетуіне 
бағытталған логопедиялық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. 
Логопедияда сөйлеу тілінің механизмі, сөйлеу процесін ұйымдастыру, 
сөйлеу әрекетіне қатысатын анализаторлардың құрылысы және жұмысы 
туралы жалпы анатомия, физиология, нейрофизиологияның жалпы бөлімдері 
қарастырылады. Сөйлеу тілі бұзылыстарының механизмін түсіну және түзету 
процесінің 
заңдылықтарын 
анықтау 
үшін 
жоғары 
психикалық 
функциялардың динамикалық оқшалануы, сөйлеу тілін ұйымдастыру 
жайындағы білім өте маңызды болып табылады. 
Сөйлеу күрделі функционалды жүйе болып табылады. Сөйлеудің 
күрделі жүйесі ұзақ әлеуметтік-тарихи дамудың нәтижесі болып келеді және 
бала оны қысқа мерзімде менгереді. 
Отариноларингология, невропатология, психопатология, олигофрения 
клиникасы, педиатрия ғылымдарының мәліметтері сөйлеу тілі бұзылуының 
механизмі және этиологиясын зерттеуде мамандарға өте көп көмегін тигізіп, 
логопедиялық ықпалмен қатар медициналық көмекті де уақытылы көрсетуге 
мүмкіндік береді. Мәселен, дауыстың бұзылуы көмей және дауыс 
перделерінің органикалық зақымдалуының салдарынан болуы мүмкін 
(ісіктер, папиломмалар, т.б.). Бұл жағдайда дауыс бұзылуын жою дауыс 
аппаратының физиологиялық қалыпты қызмет етуінсіз мүмкін емес. Ол тек 
дәрімен емдеу, хирургиялық, физиотерапиялық, психотерапиялық ықпал 
арқылы нәтижелі болады.
Көптеген сөйлеу тілі бұзылыстары орталық жүйке жүйесінің 
бұзылыстарымен байланысты. Оларды анықтау тек логопедтің невропатолог 
дәрігермен немесе психоневрологпен өзара тығыз байланыста болғанда ғана 
бұзылысты диагностикалауға мүмкін болады. Сөйлеу тіл бұзылыстары бар 
адамдарда психикалық әрекетінің әр түрлі бұзылыстары байқалуы мүмкін 
(психикалық дамуының тежелуі, мінез-құлық және эмоционалдық 
бұзылыстары, зейін, ес, т.б бұзылыстары). Оларды сөйлеу тілі 
бұзылыстарының құрылысы ішінде, механизмінің пайда болуын талдау, 


12 
орталық жүйке жүйесінің зақымдалуына байланысты біріншіреттік 
бұзылыстарды және сөйлеу тілі бұзылыстарының салдарынан пайда болған 
психикалық әрекеттерінің екіншіреттік бұзыстарын ажыратып, анықтау 
психоневролог-дәрігердің міндеті. Дәрігер баланың зияты жайында 
қорытынды жасап, сөйлеу тілінің клиникалық диагнозын қояды, тиісті ем 
жасайды. 
Көптеген сөйлеу тілі бұзылыстары мидың ерте органикалық зақымдалуының 
салдарынан тежелуі мүмкін. Бұл жағдайда логопедиялық жұмыс орталық 
жүйке жүйесін толықтыруға түрткі болатын арнайы дәрімен емделгенде ғана 
нәтижелі болады. Бұндай емді психоневролог белгілейді.
Кейбір сөйлеу тілі бұзылыстарының, мәселен, тұтықпаның кейбір 
түрлерінің, мутизмнің, себебі асқынған психикалық жарақаттар–шошыну, 
қобалжу, үйреншікті стереотипінің өзгеруі (жақын адамдардан айырылуы) 
және т.б. болуі мүмкін. Олардың пайда болу кезінде бала тиісті режимге 
және емге мұқтаж болады. Тек психоневролог дәрігермен логопедтің 
бірлескен жұмысы оның сауығуына ықпал етеді. Осы деректердің барлығы 
логопедия 
педагогикалық 
ғылым 
болғанымен 
тек 
медициналық 
ғылымдармен, әсіресе невропатология және балалар психиатриясымен тығыз 
байланысының арқасында өз алдына қойылған міндеттерді шеше алады. 
Мұмкіндіктері шектеулі балаларды, сонымен қатар сөйлеу тілі кемістігі бар 
балаларды оқыту және тәрбиелеу теориясы орталық жүйке жүйесінің 
құрылысы, қызметі және дамуының ерекшеліктері туралы білім негізінде 
құрылады. 
Невропатология, психопатология, олигофрения клиникасы, есту, көру, 
сөйлеу тілі мүшелерінің патологиясының өзара байланысы сөйлеу тілін 
дифференциалды диагностикалауға қажет. Мысалы, естуі төмендеуінің 
салдарынан сөйлеу тілінің бұзылуы мен сенсорлы алалияны диагностикалау 
есту функциясын мұқият тексергенді талап етеді, ал олигофрения және 
алалия кезінде сөйлеу тілі бұзылыстарын анықтау үшін баланың зиятының 
қалпын, психикалық және сенсомоторлы дамуының ерекшеліктерін 
анықтамай онша мүмкін болмайды. 
Медициналық ғылымдардың мәліметтері логопедке сөйлеу тілі 
бұзылыстарының механизмінің, этиологиясын дұрыс түсінуге, диагностика 
және сөйлеу тілі кемістіктерін түзету ықпалы жайында туындаған сауалдарға 
дұрыс шешім табуға, сөйлеу тілі бұзылыстарына дұрыс педагогикалық 
талдау жасауға және логопедиялық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, арнайы 
білім беру ұйымының түрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Логопедия лингвистикалық ғылыммен және психолингвистикамен 
тығыз байланысты. Сөйлеу тілі әртүрлі денгейдегі тіл бөлшектерінің және 
олардың жұмысының ережелерін пайдалануды болжайды. Олар әр түрлі 
сөйлеу тілі кемістіктерінде әр түрлі бұзылуы мүмкін. Баланың тіл 
нормаларын менгеру реттілігі мен заңдылықтары туралы білу логопедиялық 
қорытындыны анықтауға ықпал етеді, логопедиялық жұмыс жүйесін құруға 
қажет. Заманауи логопедияда сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуын зерттеу және 
түзетуде сөйлеу әрекетінің күрделі құрылысы, қабылдау операцияларының 


13 
және сөйлеудің пайда болуы туралы Л. С. Выготский, А. Р. Лурия, А. А. 
Леонтьевтің іліміне негізделген психолингвистиканың деректері кеңінен 
қолданылады. 
Сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеген кезде сөйлеудің пайда болуының 
қай операциясы зақымдалғанын анықтау қажет. Логопедияда сөйлеудің 
тууының Л. С. Выготский, А. А. Леонтьев, Т. В. Рябованың модельдері 
пайдаланылады. 
Л. С. Выготский ой мен сөз арасындағы байланысты ойдан сөзге қарай және 
кері қимыл-қозғалыс үрдісі деп қарастырған. Ол сөйлеудің сыртқы 
(физикалық) және семантикалық (психикалық) жоспарын ажырата отырып, 
қимыл-қозғалыстың келесі жоспарын белгілеген: түрткі – ой- ішкі сөз – 
сыртқы сөз. 
Сыртқы сөйлеуде грамматикалық және семантикалық (психологиялық) 
құрылысының өзара байланысы көрінеді. Семантикалық жоспардан сыртқы 
сөйлеуге көшудің өтпелі құрылысы ішкі сөйлеу тілі болып табылады. Л.С. 
Выготский ішкі сөйлеуге терең талдау жасап, оған тән ерекшеліктерін ашып 
көрсетті. 
Сөйлеу процесінің құрылымына негізделе отырып Л.С. Выготский, А. 
А. Леонтьев сөйлеудің келесі пайда болатын операцияларын ажыратады: 
түрткі – ой (сөйлеу интенциясы) – іштей бағдарлама жасау – лексикалық 
күшейту және грамматикалық құрастыру – моторлы іске асыру – сыртқы 
сөйлеу. 
Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге арналған логопедиялық жұмыстың 
нәтижелі болуына, сонымен қатар біркелкі жүйе шеңберінде тіл және сөйлеу 
құрылысының өзара байланысын түсінуіне психолингвистикалық қозқарас 
ықпал етеді.
Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен 
тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын 
және ерте жастағы баланы психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдермен 
тексеруді пайдалана білуі керек. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тіл 
кемістіктерінің түрлерін, зиятты бұзылыстар, эмоционалды және мінез-
құлықтағы бұзылыстар салдарынан пайда болған сөйлеу тілі кемістіктерін 
ажыратуға болады.
Психологияны білу логопедке тек сөйлеу тілі бұзылыстарын ғана 
байқап қоймай, бәрінен бұрын баланың өзін, оның сөйлеу тілінің 
бұзылыстары мен жалпы психикасының дамуының ерекшеліктерін байқауға 
мүмкіндік береді. Бұл білім әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынасқа 
түсуге, олардың сөйлеу тілін, қабылдауын, есін, зейінін, ой-өрісін, жігер-ерік 
аймағын тексеруге арналған дұрыс тәсілдерін таңдауға және тиімді 
логопедиялық жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет