I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет74/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   230
1. Тіл қалпының және белсенділігінің өзгеруі
. Тіл артқа тартыңқы, тілдің ұшы 
және арқасы күшпен жоғары көтеріңкі күйде болады (бұлшық еттер 
тонусының жоғарлауы байқалады). Сондықтан ең жеңіл қимыл-
қозғалыстарды орындауы оңай болады. 
 2. Жұмсақ таңдайдың қозғалысын іске асыратын бұлшық еттер әрекетінің 
бұзылуы. 
Жұмсақ таңдайды көтеретін, мұрын және ауыз қуыстарын бөлетін 
барлық бұлшық еттердің қызметі күрт шектеулі болады. Бұл жағдай тек 
сөйлеуде ғана емес, сонымен қатар шайнау және жұту кезінде орын алады. 
Жұмсақ таңдай сылбыр немесе аз қимылды, өзінің мұрын және ауыз қуысын 
бөлу қызметін орындамайды. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы 
керегесі қабыспайды. 
3. Сөйлеу-қозғалу анализаторының бүкіл шеткі (перифериялық) ұшының өз 
ара әрекеттістігінің өзгеруі
. Артикуляциялық және мимикалық бұлшық 
еттерінің өз ара әрекеттістігінің бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда 
артикуляция кезінде бет бұлшық еттерінің артық қимылы, синкенезиялар 


154 
байқалады. Туа біткен жырығы бар адамдарда хирургиялық операциядан 
кейін де бұл қиыншылықтары жойылмайды. Өйткені хейлопластикадан кейін 
қалатын тыртықтар бет бұлшық еттерінің қимылын шектейді. Неғұрлым 
еріннің тыртығы үлкен болса, соғұрлым баланың бет және мимикалық 
бұлшық еттері көбірек артикуляцияға қатысады. Сонымен балада сөйлеуінің 
қиыншылықтары қалыптасады. Артикуляциялық және тыныс алуға 
қатысатын бұлшық еттерінің өзара әрекеттістігінің бұзылуы баланың сөйлеу 
кезіндегі тыныс алу ерекшеліктерімен сипатталады. Көптеген авторлардың 
зерттеулері бойынша ринолалия кезінде тыныс алу тездетілген, саяз және жиі 
болады деген мәліметтер бар. Бұл тыныс алу кезінде мұрын арқылы шығатын 
ауаның көлемі 77% -ға дейін көбейуіне байланысты болады. Сөзді айтқан 
кезде сөйлеу кезіндегі дем шығару біркелкі болмайды: сөздің ортасында ауа 
таусылады (В.Н.Яковенко). Дем шығарудың ағымы және бірқалыптығы , 
сонымен қатар сөйлеу кезіндегі тыныс алудың ырғақтылығы бұзылады. 
4.Дыбыс айтудың тотальді бұзылуы. 
Барлық дыбыстар мұрындық ренкпен айтылады, әсіресе дауысты 
дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы жоқ 
таңдай-жұтқыншақ қалқаншасына қарай тартыңқы болады. Соның 
салдарынан дыбыс айтылуы бұзылады, дыбыстар қырылдап шығады. 
Дыбыстарды алмастыру сирек кездеседі. Ринолалияға шалдыққан балалар 
компенсаторлы құрал ретінде жұтқыншақ аймағындағы дем шығару 
жолында тарылу құрайды. Осы кезде ызың, ысқырық дыбыстар қауырт, 
жағымсыз ренкпен айтылады (М.Зееман). Қауырт дыбыстар ауаның қатайған 
дауыс перделерінің қаттарымен ысылуынан болады. Қысқа және шұғыл дем 
шығарған кезде олардың арасында шу пайда болады. Сонымен, ашық 
органикалық ринолалияда жарықтар артикуляциялық аппараттың қызметін 
патологиялық өзгерістерге соқтырып, сөйлеу тілнің ауытқуын ұлғайтатын 
фактор болып табылады. Туа біткен жырықтардың анатомиялық өзгерістері 
тек сөйлеу-қозғалыс анализаторының шетінің жоғарғы бөлімде байқалады 
(жарықтың болуы, таңдай бұлшық ет кешенінің жеткіліксіз дамуы, тіс-жақ 
жүйесіндегі өзгерістер). Бұл анатомиялық өзгерістер сөйлеуді барлық үш 
жүйесінің (энергетикалық, генераторлық және резонаторлық) тұрақты 
функционалды ауытықуларға әкеліп соқтырады. Бұл сөйлеу кезіндегі тыныс 
алуының түріне, дауысының және оның артикуляциясының ерекшеліктеріне 
әсерін тигізеді. Сонымен, ашық ринолалия және оның сипаты компенсаторлы 
бұзылыстарға байланысты болады: ауыз қуысындағы тілдің патологиялық 
қалпы, жұмсақ таңдай бұлшық еттер қимылының бұзылуы және сөйлеу-
қозғалыс анализаторының шетінің барлық бұлшық ет топтарының өзара 
әрекеттістігінің бұзылуы. 
Функционалдық
 
ашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы 
мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстың айтылу кезінде 
жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалдық ашық 
ринолалияның бір түрі – «үйреншікті» ашық ринолалия. Бұл тамақ, көмей 
бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін немесе 
дифтериядан кейін болған парезден пайда болады. Ол жұмсақ таңдайдың


155 
қимыл-қозғалысы ұзақ мерзімге дейін шектеулі болғанына байланысты. 
Ашық ринолалияның функционалдық тексеруінде қатты және жұмсақ 
таңдайында органикалық өзгерістер байқалмайды. Дауысты дыбыстардың 
айтылуының күрделі бұзылуы функционалдық ашық ринолалияның негізгі 
белгісі. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде таңдай мен жұтқыншақ 
жақсы 
қабысады 
және 
олардың 
үндері 
мұрыннан 
шықпайды. 
Функционалдық ашық ринолалияның болжамы органикалыққа қарағанда 
едәуір қолайлы. Ол фониаторлық жаттығулардан кейін жойылады, ал дыбыс 
айтуының бұзылуы дислалияны түзетуінде қолданатын тәсілдер арқылы 
жойылады.
Бітеу (жабық) ринолалияда
 
барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы 
кезінде ауа ауыз арқылы өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы 
қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін жолды жауып тұратын 
полип, аденоидтың ұлғаю, мұрын қалқасының майысуы және басқалары 
себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас немесе жарым-жартылай дауыс 
қалыптасу барысында өшеді, дауыс бір қатар обертонын жоғалтады, мұрын 
жолды дыбыстары («м», «н», «ң») бұрмаланып қатаң айтылады. Егер мұрын 
резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан айтылады б, б’, д, д.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет