I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет96/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   230
Тұтықпаның этиологиясы 
 
Арнайы әдебиеттерде тұтықпаның себептеріне әр түрлі
көзқарастар айтылады. Хр. Лагузен (1838) тұтықпаның себептеріне
аффектті, қорқуды, ұялшақты, қатты ашулануды, бас миының зақымдалу
мен ауруын, тұтығуға еліктеуді жатқызады. А. И. Сикорский тұтығудың 
негізгі себебі тұқым қуалаушылық деп есептейді. Г. Д. Неткачев (1909)
отбасында дұрыс тәрбиенің болмауы деп санайды. Көптеген зерттеушілер
тұтықпа инфекциялық аурулардың салдарынан организмнің әлсіреуінен
(А. Г. Гутцман) экзогендік және эндогендік факторлардың қосылып әсер
етуінен деп санайды (В. А. Гиляровский, М. Е. Хватцев, Н. А. Власова, Н. П. 
Тяпугин, М. Зееман т.б) 
Қазіргі кезеңде тұтықпаның себептерін екі топқа бөледі: бейімдеуші
және қоздырушы.
Біріншісіне баланың нерв жүйесін әлсіретіп, оның жұмысының бұзылуына
әкеліп соғатын жағдайлар жатады (құрсақта жатқанда, туу кезеңдегі
зақымдалу; инфекциялық аурулар; тұқымқуалаушылық яғни ата-
аналарының нерв жүйесінің әлсіздігі, ерекшелігі; конституциональдық
бейімділігі, педагогикалық қараусыз қалу). 
Қоздырушы себептерге жататындар:

күшті жүйке күйзелісін тудыратын


кенеттен психиканың зақымдалуы, тәрбиелеу тәсілдерін дұрыс қолданбау
сөйлеу ортасының жағымсыздығы, сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуі.
 


202 
Осы уақытқа дейін тұтықпаның этиологиясына бірдей көзқарас
жоқ. Дегенмен, барлық зерттеушілер, тұтықпаның пайда болуына бірқатар
факторлардың маңызын атайды. 
1.
Баланың жасы. 
2.
Баланың орталық жүйке жүйесінің жағдайы. 
3.
Жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты сөйлеу
онтогенезінің өтуі. 
4.
Бас миының функциональдық ассимитриясының
қалыптасу ерекшеліктері. 
5.
Психикасының зақымдалуы. 
6.
Генетикалық фактор. 
7.
Жыныстық деморфизм. 
Тұтықпаның пайда болуына ықпал ететін көптеген факторларды
атауға болады (соматикалық әлсіреу, мінезінің жағымсыз жақтары, 
әлеуметтік жағдайы мен ортасы т.б). әдетте, тұтықпа бір емес, бірнеше
факторлардың қосылып келу салдарынан пайда болады. Этиологиялық
факторлардың әрқайсысына жекеше тоқталайық. 
Баланың жасы тұтықпа екі – алты жас арасында пайда болады. Ол
мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу іс – әрекетінің
координаторлық механизмдері қарқынды қалыптасу сатысында болуымен
байланысты. Көптеген физиологиялық зерттеулерде, қарқынды даму
сатысында, кез – келген функциональді жүйенің зиянды факторлардың
салдарынан ауытқуға шалдыққыштығы дәлелденген. 
Көп жағдайда тұтығатын балаларда бас миының резидуальдық
сипаттағы органикалық зақымдалуы байқалады. Жалпы тұтықпаларға
әртүрлі деңгейде қимыл сферасының жетілмеуі байқалады. 
Орталық жүйке жүйесінің жағдайы кейбір тұтықпа балаларда бас
миының органикалық зақымдалуы байқалмайды. Сонда да, қалыпты
балаларға қарағанда тұтықпа баланың жүйке жүйесінің ерекшелігін
көрсететін үрейлену, жаңа жағдайдағы бейімділігінің төмендігі сияқты 
белгілері байқалады.

Сөйлеу онтогенезінің өту ерекшеліктері. 
Көптеген балаларда тұтықпа пайда болғанға дейін, сөйлеудің
қарқынды даму кезеңінде, физиологиялық итерация, сөйлеу кезіндегі
тыныс алу мен күрделі фразалы айтудың психикалық мүмкіншіліктерінің
арасындағы үйлеспеушілік байқалады. 
Тұтықпаның пайда болуына сөйлеудің қарқынды даму
жылдамдығының да әсері зор. 1,6 – 1,8 айдағы ауызша толық сөйлеуі
жаңа қалыптасып келе жатқан сөйлеудің функциональды жүйесіне қауіп
төндіреді. Ондай жағдай кейбір сөйлеу тілінің кешеуілдеуінде де
байқалады. Сөйлеуі кешеуілдеп дамыған балаларда 3,5 – 4,5 жаста фраза
қарқынды қалыптаса бастайды, бұл қалыптасып келе жатқан сөйлеу
жүйесінің координаторлық механизімін әлсіретеді және тұтықпаның
пайда болуына мүмкіншілік тудырады. 


203 
 
Бас миының функциональдық ассимитриясының қалыптасу
ерекшеліктері. 
Тұтықпа балалардың арасында солақайлар жиі кездеседі және сол 
қолды оң қолға қайта тәрбиелеу кезінде тұтықпа пайда болуы мүмкін. 
Тұтықпа балалардың ауызша сөйлеуін ұйымдастырудағы сол
жақ жарты шардың басқарушы ролінің бұзылатындығы
электрофизиологиялық зерттеулерде анықталған (И.В. Данилов, И.П. 
Черепанов, 1970) 
Бас миының симметриялық құрылымдарының арасындағы
байланыстың әлсіреуі алдымен сөйлеу функциясына әсерін тигізеді. 
Психиканың зақымдалуы. 
Көптеген авторлар тұтықпаның пайда болуы психикалық
зақымдалуымен байланыстырады. Психикалық зақымдалу әртүрлі болып
келеді. Көбінесе тұтықпаның алғашқы рет пайда болуы психиканың
зақымдалу кезімен сай келеді, оның қоздырушы себебі болып табылады. 
 
Генетикалық фактор. 
Әлемдік әдебиеттердің деректері бойынша тұтықпадағы ауыр
тұқым қуалаушылық бірнеше ұрпақта байқалуы мүмкін. Тұтықпасы бар
ата – аналарды қалыпты ата – аналарға қарағанда, балаларында
тұтықпаның байқалу мүмкіншілігі бірнеше рет көбірек болады. Шамасы, 
орталық сөйлеу механизмдерінің әлсіздігі тұқым қуалауы мүмкін. Кез
келген ауытқу генетикалық тұқым қуалаушылыққа қосымша зиянды
факторлар қосылғанда ғана байқалады. 
Тұтықпа қыздарға қарағанда, еркек балаларда үш есе жиі
кездеседі. Мұның механизмі әлі де түсініксіз. Қыздардың моторлық
функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек
қалыптасады деп болжамдайды. Бәлкім, соған байланысты қыздардың
сөйлеу қимыл механизмдері экзогенді зияндықтарға төтеп беру қабілеті
жоғары болуы мүмкін. 
Тұтықпаның белгілері
 
Тұтықпа
– сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу
салдарынан ауызша сөйлеу тілінің жылдамдығының, ырғақтылығының
бұзылуы. Тұтықпа көбінесе баланың сөйлеу функциясының қалыптасу
кезеңінде ( 2-6 жас аралығында) пайда болады. Арнайы әдебиеттерде
мектеп жасына дейінгі балаларда басталған тұтықпаны өз бетінше
сөйлеу ақаулығы деп қарастырады, ал бас миының әр түрлі органикалық
ауруларында немесе жүйке психикалық бұзылыстарында байқалатын
түрлерін симптоматикалық тұтықпа немесе екінші реттілік деп
есептейді. 
Тұтықпаның негізгі белгісі
– ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу
аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде
немесе сөйлей бастағанда байқалады. 


204 
Тыртысу негізгі екі түрге бөлінеді: тоникалық және клоникалық
сонымен қатар кейде аралас түрге де бөледі. 
Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің 
(мысалы: еріннің, тілдің т.б.) тонусының қатаюымен сипатталады. 
Тұтығушы сөйлеу кезінде тоқтап, бөгеліп қалады (к – ітап). Ауыз бұл
кезде жартылай ашық немесе еріндер қосылып тұрады. 
Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының бұлшық
еттерінің біркелкі қайталанып қысқаруымен сипатталады. Көбінесе 
тұтықпада тыртысудың клоникалық және тоникалық түрлері бірдей
байқалады. 
Тыртысудың оқшаулануы (локализациясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет