Мауараннахрдан бҿліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының кҿсемдері
атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын
жҽне едҽуір аумақты жерді мекендейтін.
Дуғлаттардың феодал үстем табы ХIV ғасырда Шығыс Түркістанның отырықшы-
егіншілік жазираларына да иелік етті. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати дуғлат руының
шонжарлары Шығыс Тұркістандағы ҿз иелігін (ихта) ХIII ғасырда-ақ алған деп жазады.
«Шағатай-хан ҿз мемлекетін (ұлыстарға) бҿлгенде, ол ҽмір Поладшының атасы Ҿртҿбеге
(Ҿрте-Бараққа) Маңлай Сүбені (облысын) берді... Оның шығыс шекарасы – Кұсан
(Кұша) мен Тарбүкір; батыс шекарасы – Шаш (Ташкент),
Ғаз бен Жакишман, оның
сҿнғысы Фергана уҽлаятында орналасқан; солтүстік шекарасы – Ыстықкҿл, ал
оңтүстігінде – Жарқан мен Сарыұйғыр. Ҽмір Поладшы билеген осы аталған бүкіл аумақ
Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең
үлкендері: Қашқар, Қотан, Жаркент, Кашан, Ақшыкент, Ҽндижан, Ақсу, Атбасы, Құсан.
Осы қалалардың ішінен ҽмір Поладшы Ақсуды ҿзінің ордасы етіп таңдап алды». Кейіннен
бұл аудан Моғолстан билеушілері ҿкіметінің тірек базасы ролін атқарды.
Дуғлаттардың үстем табының басшысы ҽмір Поладшы Мауараннахрдан бҿлектенген
хандық құрмақ болып, ҿзінің басшылық жағдайын нығайтуға жҽне феадалдық егестерді
бҽсеңдетуге ұмтылды. Бұл егестер туралы деректемелер былай деп жазады: «Моғол
ұлысы
хансыз қалды, моғол халқы арасында ҽркім ҿзін билеп, ұлыста тҽртіпсіздік
орнады», «ҽрбір моғол ҽмірі тҽуелсіздік пен ҿз билігіне ұмтылып, қарсы ҽрекеттер мен
егестердің жалауын кҿтерді». /«Тарих-и-Рашиди», л.5а, 5 б./.
Дуғлат кҿсемдері арқылы монғол шонжарлары Жетісу мен Шығыс Тұркстанда ҿз
билігін нығайтқанымен, кҿршілес Мауараннахр мен Ақ Орданың феодалдары сияқты
қалыптасқан дҽстүрді бұзуға жҽне Шыңғыс ҽулетінен
билікті тартып алуға батылы
бармады. Поладшы таққа ҿзі қойған ханды отырғызбақ болып, Шағатай ҽулетінен Дува
ханның немересі 18 жастағы Тоғлық Темірді таңдады. Күрделі, саяси жағынан тұрақсыз
жағдайда дҽл осы хан ҿзінің билігін күшейтті жҽне моғол хандарының Моғолстанда,
сонан соң Қашғарияда ХVI ғасырдың
басына дейін билік еткен жаңа, едҽуір орнықты
ҽулеттің негізін қалады.
Ҿздері қойған адамды хан етіп бекіте отырып, дуғлат ҽмірлері ел ішіндегі ҿз
ықпалын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар ҿз иеліктерін түрік ҽмірлерінің
билік
үшін шиеленіскен күресі жүріп жатқан Ферғана мен Мауараннахр тарапынан болатын
шапқыншылықтан қорғауға, ол былай тұрсын, кҿрші елдің ісіне араласуға тырысты.
Жаңа мемлекет сол кезге дейін-ақ Шағатай үрпағы иеліктерінің шығыс бҿлігінде
қалыптасқан атпен, яғни Моғолстан («Моғұлстан») деп атала бастады. Мырза Мұхаммед
Хайдар Дулатидың «Та`рих-и Рашидиіне» сҽйкес Моғолстанның шекарасы тҿмендегідей
болды: «...ұзындығы мен кҿлденеңі 7-8 айлық жол. Шығыс шеті
қалмақтардың жерімен
шектеседі жҽне Барыскҿл
Достарыңызбен бөлісу: