Арыс, Шу, Талас ҿзендері аудандарында, Қаратаудан басталатын ҿзендердің
аңғарларында, сол сияқты Ұлытау тҿңірегінде, Атбасар даласында шоғырланды. Зайсан
кҿлін жағалай «егін егумен» шұғылдану ісін 1654 жылы орыс елшісі Федор Байков атап
ҿткен. XVII ғасырдың аяқ шенінде Тҽуке ханға барып қайтқан орыс елшілері де Түркістан
тҿңірегіндегі қазақтардың астық (бидай, арпа), сондай-ақ тары ҿсіргені жҿнінде
хабарлайды.
Оңтүстікте
егіншілік, ҿдетте, суармалы болған. Сырдарияға жақын жатқан
ҿңірлердегі егіс майдандарында ҽдетте тарам-тарам каналдар мен арықтар жүйесі болған.
XVI ғасырда Сауран қаласының тҿңірегінде кяриздік суару жүйесі болған.
Қалалары
. XVIXVII ғасырларда Қазақстан территориясындағы, ең алдымен Сырдария
ауданындығы қалалар ҿмір сүріп, жекелеген реттерде тіпті ұлғая түскен. ХV ғасырдың
аяғында XVI ғасырда Сығанақ Шығыс Дешті Қыпшақтың ірі экономикалық жҽне
саяси
орталығы ретіндегі манызын сақтап қала берді. Бұл қаланың орны қазір Тҿменарық
станциясынан солтүстікке таман 20 км. жерде Сұнақата деген атпен мҽлім.
XVIXVII ғасырларда Ясы қаласы бүкіл Оңтүстік Қазақстанның, немесе сол заманғы
деректемелер бойынша, Түркістан ҿңірінің аса ірі орталығы болған. Оның маңында үлкен
егіншілікті ҿңір құраған, атап айтқанда, Иқан, Қарнақ, Қарашоқ, Сури жҽне
қоныстар
болған.
Қалалық орталық ретінде Сауран ҿз маңызын сақтап қалды. XV ғасырдың 80-ші
жылдарында Сауранды қазақтың алғашқы хандарының бірі – Жҽнібек ханның баласы
Еренші сұлтан билеген. Қала қазақ хандығының құрамына XVI ғасырдың аяғында
түпкілікті кірді. Сауран Түркістандағы ең берік қамалдардың бірі болған. Қазір бұл қала
орны Түркестан қаласының солтүстік-батыс жағына қарай 30 км. жерде жатыр.
Қазақ хандары мен Шайбани ҽулетінің Түркістан үшін күресінің алғашқы кезеңінде,
XV ғасырдың үшінші ширегінде XVI ғасырдың басында Отырар ҿлкенің ҽлі де болса ірі
ҽкімшілік орталығы болып тұр еді. Отырарды билеу Сырдария бойындағы бүкіл ҿңірге
билік құруға дҽмеленуге мүмкіндік берді.
Кейінгі орта ғасырларда Сайрам Мауараннахрдан Дешті Қыпшақ пен Жетісуға келетін
сауда жолдарының түйіскен
жеріне жатқан, халық жиі қоныстанған егіншілікті ауданға
айналған.
Деректемелерде Сырдария ҿңіріндегі егіншілік аймағы бар басқа да қамал-қалалар –
Аркҿк, Үзкент, Аққорған жҽне басқа қалалар аталады.
Достарыңызбен бөлісу: