Әмір Темір мемлекеттігіндегі орнатылған жүйе.
Әмір Темір мен Тимуридтер әулеті мемлекеттің экономикасының барынша гүлденуіне жаңа бір жүйені ойластырды. Ол жерді қолдан суару мен егіншіліктің дамуы болатын. ХІV-ХV ғғ. аралығында Мауереннахр мен Хорасан аймақтарындағы үлкен және кіші өзен арналарына, соның ішінде су көзі жоқ жерлеріне бөгеттер, кәріздер, су қоймалары, су сақтағышы секілді сумен қамтамасыз ету үшін жасалған бірнеше құрал-жабдықтар орнатылды. Суармалы ауыл шаруашылығы аймағын кеңейту үшін тың жерлерді игеру науқаны басталды. Қыстаулар, қала сыртынан қоныстар, бау-бақшалар салынды.
Темір мемлекеттігінің астанасы Самарқандқа және оның құрылысына, жер суаруына басты назарын аударылды. Обирахмат, Маздахин, Базар, Коран, Нахри Жадид қыстақтарында жер суару жүргізіліп, 72-ге жуық егіншілік аймақ пайда болды. Темір өз астанасын көркейту үшін, Самарқандқа жақын Шығыс мұсылман жерінің әдемі қалаларын: Дамаск, Миср, Бағдад, Султания, Ширазды атады. Ол Самарқандты өзінің ұлылығымен, әдемілігімен, көз тартарлық құрылысымен әлемдегі ең әдемі қала болатынын айтып кеткен еді [1, 168 б.].
Әмір Темір ірі ауқымды суландыру жүйесіне арналған жұмыстарын тек Мауереннахрда ғана емес, сонымен бірге Хорасан, Иран, Кавказ аймақтарында және өз державасына жақын жерлерге де жүргізді. Деректер бойынша, Әмір Темір 1381 жылы өз билігі кезінде Хорасандағы Мургаб өзенінен Мерв алқабына дейінгі жерге канал құрылысын бастау туралы бұйрық шығарды [2, 151 б.]. Канал құрылысына мемлекеттің шенеуніктері мен әскери билігі басшылық етті. Хафизи Абру «Зубдат ат-таварих» еңбегінде 20-ға жуық канал құрылыстары жүргізілгенін атап кеткен, олар: Дилкушо, Ганчхан, Умар Таибон, Шайх Абу Саъд, Шайх Али Кутлуг Ханум және т.б.
1401 жылы Әмір Темірдің өз заманындағы ең ірі құрылыстың бірі Кавказдағы Байлақан деген жеріндегі Аракс өзені бойындағы «Барлас» каналы болатын. Оның ұзындығы 10 фарсах (60-70 км), ені 10 газ (10 м), тереңдігі - 4 газ (4 м). Хафизи Абру каналда басты мираб (геодезист) болып қызмет етті.
Шахрух пен Ұлығбектің билеген кезінде Мауереннахр мен Хорасанда суландыру жұмыстары кеңейтілді. Байтақ жерлер игеріле бастады. Жаңа жерлердің игерілуі (кәріздердің, бау-бақшалардың салынуы, жаңа құрылыстардың басталуы) Темірдің және оның жақтастарына өтті. Оның бастамашылары бір-екі жылға жер салығынан және төлемнен босатылды.
Самарқандта, Бұхарада, Kашкадарьеде, Мерв алқабында, Түс жазығында сонымен қатар, Герат және оның аймақтарына ірі суландыру құрылыстары салынды. Диқаншылық облыстары сумен қамтамасыз етілді. Даргомнан шығып қалған ертедегі Ангор каналына да ірі суландырғыш құрылысы жүргізілді. Осы канал арқылы Зарафшанның су қоймасының тең бөлігі Кашкадарье ауданының кіші су қоймасына, оның шаруашылығына бөлінді.
Археологиялық зерттеулер бойынша, моңғолдар шапқыншылығынан қиратылған Бұхарадағы су каналдары ХV ғасырдың аяғында қайта қалпына келтіріле бастады. Жердің ауқымы кеңейіп: батыс шекарадағы аймақтың тереңдегі 5-6 км-ге дейін созылды [3, 109 б.].
Саманджух далалығындағы Бұхара шекарасының оңтүстік-шығыс аймағындағы суландыру науқанында жаңа жерлер игеріле бастады. Моңғолдар жаулаушылығынан қираған Мургаб-Султанбанд бөгеті Шахрухтың нұсқауымен қалпына келтірілді. Мерв пен Мургаб алқаптары сумен жабдықталды. Суармалы жерлердің ауқымы кеңейіп, тың жерлердің жерін суландырды. Сұлтан Хусайн Мирзо Мерв алқабына жаңа каналдар салуды көздеді. Алишер Навои де суландыру жұмыстарына аса мән берген еді. Ол Түс алқабының жоғарғы жағындағы Чашмагул ауданына Турукбанд су қоймасын салғыздырды. Жер суару науқынын дамуымен ирригациялық техника да қатар жүрді. Суландыру жүйесі инженер ғылымына негізделді [4, 387-394 бб.]. Бұл кезеңде ауыл шаруашылығында қолдан көкөністер, бақша және де өсімдіктердің түрлері өсіріле бастады. Бау-бақшада жеміс-жидек ағаштарының түр түрлері өсірілді, халықты жазда жаңа піскен жемістермен, қыс және көктем айларында кептірілген жеміс-жидектермен қамтамасыз етіп отырды. Тағы бір шаруашылықтың бірі мал шаруашылығы қолға алынды. Оның ішінде түйе, мүйізді жануарлар, қаракөлді қойлар. Жылқы шаруашылығына аса мән берілді.
Әмір Темір мемлекетінде әлеуметтік-экономикалық қатынастарында осы ауыл шаруашылығымен қоса, мал мен жер шаруашылығы басты назарда болды.
ХV ғасырға таман Мауереннахр мен Хорасанда жер меншігі құқықтық нормаға сай негізгі төрт түрге бөлінді:
«мүлки девани» (мемлекеттік меншік) мемлекеттің жерлері;
«мулк» (жеке меншік) жеке жерлер;
«мулки вакф» (вакфтық меншік) діни мекемелерге жататын жерлер;
«жамоа ерлари» қоғамдық жерлер [7, 63-64 бб.].
Мемлекеттік жерлер Тимуридтер заманында сойырғал ретінде кең таратылды. Әдетте сойырғал қыстақтан бөлек, қаладағы және облыстардағы әмірлер, ірі әскери қолбасшылар, мемлекеттік шенеуніктерге берілді. Бұл жерлер мұрагерлікпен де берілді. Сонымен қатар, сойырғал басшысы шенеуніктерді тағайындауға да, салық жинауға да, алуға, жазалауға да тәуелді болды. Абд ар-Раззак Самаркандидің айтуынша, Шахрух заманында Хорезм басшысы сойырғал ретінде Шахмалік, Ферғанадан Мирза Ахмед, Хорасаннан Байсунгур сайланған. Сойырғал мадақтамасының басшылығы ретінде орталық басқармадан формальді түрде облыстар яғни, уәлаяттың басшылары болды. Олар өз алдына тағайындалды. Сойырғал иесіне орталық басқармадан қысқартылған жерлерді игеруге тыйым салды. Егер де сойырғал иесі оған бағынбаса, мемлекет басқармасы оны басқа облысқа аударған. Солардың ішінен, Шахрух 1414 жылы Мирза Искандерді және 1425 жылы Мирза Байкароны сойырғалдан шектеді. Тимуридтер заманында кіші көлемді сойырғал жерлері де шектеулі болды. Ол жерлер жоғарғы басшылықтағы гвардияға берілді. Бабырдың айтуынша, сұлтан Хусейн Байкаро әр әскери адамдарына, оның ішінде 14 мың гвардия құрамына, 40 мың әскери құрамына кемінде 80 жарибтен, яғни 40 танаб (жер аумағы) жерлер берілді. Берілген бұл жерлер алым-салықтан босатылды.
Келесі түрі, «мулк» жеке меншік жерлер. Бұл жерлердің көп бөлігі әр санаттағы шенеуніктерге, әскери және діни қызмет атқаратындарға берілді. Мысалға, ХV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген шейх Ходжа Ахрар 1300-ге жуық (участок) жерлерге иелік етті. Жердің белгілі бір аумағын басқарып отырғандар тархандардың грамотасымен мадақталды. Грамота алғандар міндеттелген төлемдерден, салықтан босатылды. Бұл грамоталарды әмірлер, бектер, сарай шенеуніктері және т.б. жоғары шендегілер алды. Грамота алғандар өз аттарына «тархан» атауын қосып отырды. Көптеген тархандар байлыққа кеңелді. Мысалға, Дарвешали Тархан және Абдаләлі Тархан Самарқанд, Герат, Бұхара аумағына жақын жерлерді өз қолдарында ұстады. Бабыр Абдаләлі Тарханның «хандық» өмірін баяндаған болатын, онда ол ірі үш мыңға жуық қызметшілері, әскерлері бар үлкен сарайда өмір сүрген делінген [5, 353 б.]. Тимуридтердің билігінің кейінгі уақыттағы мемлекет қызметі тархандар қолына өте бастады. Қолдарына тиген көптеген құқықтық жүйелерді ала отырып, олар саяси өмірге қол сұға бастады [6, 32 б.].
ХV ғасырда тағы да жердің бірталай бөліктері мешіт, медресе, ханака, мавзолейлерге, қазына қоймаларына және т.б. өткізілді. Бұл жерлерді «мулки вакф» вакфтық жерлер деп атады. Мешіт, медресе, ханака, мавзолей тұрғызу үшін вакфтық жерден берілді. Сонымен қатар, вакфқа базарлардан, цехтардан, диірмендерден және т.б. салық ретінде жиналып беріліп отырды. Олардан алынғандар мешіт, медресе, ханаканы т.б.ын жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Кейбір жердің бөлігі ауылдың жеке меншік қоғамына немес руына қаратылды. Еңбекшілер егіс науқанын өңдеу арқылы «музарлар» деп аталып кетті. Олардың өздері төртке бөлінді: мемлекеттің жерін өңдейтін музарлар; ірі жер алқабтары барлардың жерін өңдейтін музарлар; жердің шамалы бөлігіне иелік ететін музар дехкандар және вакфтық меншіктің арқасында өмір сүретіндер.
Мемлекеттік немесе вакфтық жерлер де өмір сүретін музарлар ірі меншіктің иелерінде (тархан, сойырғалға) жалға қызмет етті. Олар шыққан өнімнен өз үлестерін алып отырды, бірақ қай жерде қызмет атқарса да тиесілі салықты төлеуге міндеттелдi [7, 64 б.].
Негізгі жер салығы (рента), суармалы егіншіліктен алынатын, «харадж» (немесе «мол») өнімнің пісіп жетілуінен кейін алынатын немесе ақшалай төленетін. Мысалға, харадж егістік жермен тепе тең, заңға сай егіс алқабы үш бөлікке бөлінген, екеуі жер иелеріне қалдырылса, ал біреуінің үштен бір бөлігі мемлекеттің қазынасына аударылған. Егер тұрғындар хараджды ақшалай төлеуге келіссе, онда егіс алқабының үштен бір бөлігі нарықтағы бағаның санымен бағаланған. Қолдан суарылмаған егін шаруашылығына (богарные) қарағанда, суармалы егіншілік жоғары бағаланды. Бұл қолдан суарылмаған егін шаруашылығымен айналысқан музарлар салықтың алтыдан бір бөлігінен бастап сегіздің бір бөлігіне дейін төлеген.
Жеке меншік жері барларға егіс алқабының он бөлігін төлеу үшін «ушр» («ұшыр») салығы міндеттелді. Бұл жерлер саид, ходжа, улем, шейхтарға берілген еді. Мысалға, Ходжа Ахрар Самарқандта Сұлтан Ахмед билеп отырған кезінде де, 1300 учаскелік жерінен түскен өнімнен 80 мың батман астықты мемлекеттің қазынасы жіберіп отырды. Сонымен қатар, бау-бақшалардан және жеміс беретін ағаштары барлардан арнайы салықтың түрі «мол дарахт» енгізілді, мал жайылымынан да, мал шаруашылығынан да 2,5% «закат» («зекет») салығы салынды. Жер салығы мен мал салығымен қоса, шенеуніктердің пайдасына халықтан «йигим» жиналды. Мысалға, «сахиб жамона» - егіс алқабының көлеміне қарай, «мухассилона» - салық жинаушылардың пайдасына қарай, «зобитона» - шығынның басшыларынан, «доругана» - қалалық хакімнен, «мирабона» - мирабтар пайдасына қарай жиналды. Одан басқа, халықтың шығынына қарай «аваризод» және «таваджухат-и хориджи» салығы енгізілді. Астықтың жиналуына дейін, салық үш мезгіл салынып отырды: ол саратон кезінде (маусым-шілде айлары), сумбула-и мезин (тамыз-қыркүйек айлары) және кавс (қараша айларында) еді [5, 356 б.].
Салық жинаушылар салық жинау кезінде халық арасында наразы тудырмай, таяқ және қамшымен күш қолданбай, яғни қарызы бар адамды кісендеп, мәжбүрлеуге міндетті болмаған. Негізгі салықтан бөлек, еңбекші жұмысшылар басшылыққа, сойырғал мен тархан иеліктеріне, ірі меншік иелеріне ақысыз қызмет етуге міндетті болған [5, 357 б.]. Суландырғыш жүйе бойынша қорғаныс орнатуға, қоғамдық мекемелер және жол құрылыстарын салуға, оларды жөндеуге еңбекші халықты күш жұмылдыра міндеттеліп пайдаланды. Бұл міндеткерліктің түрін «бегар» деп атады. Міндеткерлікке (хашарчи) руынан жұмысқа тартылғандар өздерімен қоса құрал-жабдықтарын, тағамдарын алып келуге мәжбүрлі болды. Хашарчилердің бұл «бегар» міндеткерлігін төлеуге қиындатылып отырды.
Басшылар мен оның уәзірлері, сонымен бірге ірі меншік иелері «бегар» міндеткерлігін қолданды. Мысалға, Ходжа Ахрар үш мыңға жуық музарларды «бегар» қылып қолдануға құқылы болды [7, 65 б.].
Еңбекші халықтың мойнында бұл міндеткерліктен бөлек, «саришумар», «хонашумар» секілді міндеткерліктер түрлері болды, бірақ Әмір Темір бұл салық түрін алдыртып тастады. Кейін оның мұрагерлері бұл салықтың түрлерін қайта қосқан. Одан бөлек, белгіленген салық төлемінен басқа, шенеуніктер асыра сілтеп алып отырды. Бұл жерде белгілі ортағасырдың ақыны, ғұламасы Саади Ширазидің сөзіне құлақ салсақ: «Егер, әмірші өз тұрғындарының бағынан бір үзім алманы алса, ал оның жақтастары тамырымен қоса жұлып алар еді. Егер, әмірші еріксіз бес жұмыртқаны алса, ал оның әскербасылары тауықты шаңышқыға байлап кәуап жасар еді». Сол себептен, Темір және мұрагерлері құн төлеудің және салықтың салыну жүйесін ретімен қолданып, жаман ойға беріліп, қиянат етушілікке бармауға тырысты. Бұл ұстамды бұзған шенеуніктер жазаға тартылып отырды [7, 66-67 бб.].
Бірақ та, салық жинаушылар бассыздық көрсетіп, шамадан тыс алым-салықты жинаумен де айналысты. 1401 жылы Фарс уәлаят халқынан салық жинаушы басшысы Мавлен Кутбиддиннің және нөкері Арғұнның бастауымен жер салығынан 300 мыңға жуық динар алынды. Бұл жөнінде Темірге хабар жеткенде, Арғұн сол Шераз жерінде дарға асылды, ал Мавлен Кутбиддин кісенделіп Самарқандқа жіберілді. Жиналған 300 мың динар екі ай ішінде Фарстың салық басқарушысына уәлаят қазыларының бақылауымен қайтарылды. Кейін 1470 жылы шенеуніктердің салықты теріс пайдаланушылық әсерінен Гератта халық наразылығы орын алды. Нәтижесінде, Хорасан билеушісі Сұлтан Хусайн Гераттағы халықты салық пен міндеткерліктен екі жылға босатты [7, 67 б.].
Бұл айтылғандардың барлығы Әмір Темірдің және Тимуридтердің билік еткен заманындағы жағдайдың барынша қалыпқа келуі еді. Елде, мемлекеттің қақ ортасы Мауереннахрды да, Мерв, Кабул, Мешхед, Герат және Кавказ аймақтарын да, жерді ауқымды түрде суландыру, қаланы және егіншілік науқаны бар ауылдарды сумен жабдықтау жүйесі қолға алынып, жүзеге асырылды. Белгіленген мөлшерде салық жүйесі де қалыпқа келтірілді.
Бұның барлығы мемлекеттің ауыл шаруашылығын көркейтуі, елдің экономикасын нығайтуы еді.
История Самарканда, Т. І., Ташкент, 1969.
Бартольд В.В. К истории орошения туркестана // соч. Т.3. М., 1965.
Mухамеджанов А.Р. История орошения Бухарского оазиса. Ташкент., 1978.
Gleveger W.M. Doms in Horasan // East and West. 1969. V.79. N3-4.
История Узбекистана. Т.І. кн.І. Ташкент. 1955.
Бабур-наме. Записки Бабура. Ташкент., 1953.
Общественные науки в Узбекистане. Ташкент., 1996. Изд. «ФАН».
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается фискальная система во время правлении Амир Тимура.
SUMMARY
In the article the fiscal system is examined in time rule of Amir Timur.
Достарыңызбен бөлісу: |