Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет27/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX

«Елім-ай»
деген халық ҽні дҽлел болады: 
Қаратаудың басынан кӛш келеді, 
Кӛшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Ел-жұртынан айырылған жаман екен, 
Қара кӛзден мӛлтілдеп жас келеді. 
Мына заман қай заман? Бағы заман, 
Баяғыдай болсайшы тағы заман. 
Атадан ұл, енеден қыз айырылды, 
Кӛзден жасын кӛл қылып ағызамын. 
Мына заман қай заман? Қысқан заман, 
Бақыт құсы алаштан ұшқан заман. 
Кӛк аспаннан топырақ, шаң борады, 
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман. 

Жоңғарлар ҿздерінің жолында ауылдарды тонап, қазақ қауымдарын бытыратып 
жіберді, малын тартып алып, қалаларын басып алды. Қазақ ауылдары ҽсіресе қонтайшы 
Шона Добаның шабуылдарынан қатты зардап шекті. Ол ҿз жасақтарымен Талас аңғарына, 
Сырдария ҿзенінің бойына ҿтті. 
Үмбетей жырау ҿз толғауларында жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау, Абралы, 
Шыңғыс таулары мен Қара Ертіс бойындағы Мамырықты жҽне Алатауды қалай жаулап 
алғанын суреттеген. 
Жоңғар жайсаны Черек- Дондук Лепсі жҽне Қаратал аңғарларында кҿшіп жүрген. 
Онда қонтайшынікінен кем түспейтін жеке үлкен жасақтары болды. Ұлы жүздің Жетісуда 
кҿшіп жүретін рубасылары соның жасақшыларына бағынды. Сондай-ақ кҿптеген қазақтар 
Шу, Талас аңғарларына, Бетпақдалаға кетіп қалды. 
Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Сырдариядан ҿтіп Ходжентке, Орта жүз руларының 
кҿпшілігі Самарқанға, ал Кіші жүз Хиуа мен Бұхара шегіне кҿшіп борды. 
Ақтабан шұбырынды жылдары Отан алдындағы ҿз жауапкершіліктерін түсінген халық 
ерлік толы күреске шықты. Табан тірескен жҽне ұзаққа созылған шайқастар жүріп жатты. 
Бүкілхалықтық қарсыласуды ұйымдастырушылар Бҿгенбай, Қабанбай, Саңырақ, Жҽнібек, 
Малайсары, Елшібек жҽне басқалар халықты туған жерін қорғауға кҿтерді. 
1726 жылдың күзінде Бадам ҿзені маңындағы – Ордабасы қырында бүкілқазақ съезі 
ҿткізілді. Съезге Ҽбілқайыр, Ҽбілмҽмбет, Сҽмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, сұлтандар, 
Тҿле би, Қазыбек би, Ҽйтеке би бастаған түрлі рудың билері, данқы шыққан қолбасшылар 
мен батырлар шақырылды. 
Съезде негізгі мҽселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру 
туралы мҽселе болды. Отанға қауіп тҿнген жағдайда ру ішіндегі қайшылықтар, барлық 
жүздерге билік жүргізу жолындағы, жайылым үшін күрес екінші қатарға ығысты. Съезге 
қатысушылар бірге болуға, ҿз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан 
құрып аттануға ант берді. Жалпы қазақ жасағының қолбасшысы --«сардарбек» болып 
Ҽбілқайыр хан сайланды. 
Қазақ қоғамының тас-түйін жігерленген кҿтеріңкі рухы, Ордабасыдағы съезде 
қабылданған шешімдерде жалпыға бірдей бірлікке қол жеткізілуі Отан соғысындағы 
түбірлі бетбұрыстың алғашқы нышаны болды.
1728 жылдың кҿктемінде Ұлытау етегінде, Қарасиыр деген жерде қазақ ҽскерлерінің 
жоңғарлармен ірі шайқасы ҿтті. Соғыс қымылдарының басы нақ Білеуті ҿзенінің
Қарағайлымен қосылысына жақын жатқан жерден басталады. Шайқастың басында 
жоңғарлар алғашқы елеулі шығындарға ұшырады. Қазақ жасақтары табысын дамыта 


білді. Шайқас болған кең жазық Қарасиыр деп аталған. Бұл жер Бұланты жҽне Білеуті 
ҿзендерінің аралығында жатыр. 
Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін кҿрсетті. 
Ҿз заманының аса кҿрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, 
Шақшақ Жҽнібек, Тама Есет,Бҽсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы жҽне басқалар 
Ҽбілқҽйыр хан мен Қанжығалы Бҿгенбайдың жалпы басшылығымен ынтымақты қымыл 
жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жҿнінде Шақшақ 
Жҽнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді, Дархан ұстаның басшылық етуімен 
Ұлытауда қару шеберлері еңбек етті. 
Бұланты-Білеуті жеріндегі жеңістің зор маңызы болды. Ол қазақ жасақтарының ҿз 
күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. ΧVІІІ ғасырдың 
20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. 
Мұндағы соңғы тайталас Жақсы Қон ҿзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан 
аудандағы Қарамолда деген жердегі шайқас болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске 
ұшырады. Бүкіл аймаққа бұл жер «Қалмаққырылған» деген атпен белгілі. 
Қазақ жасақтарының Бұланты-Білеуті маңындағы жеңісінің тағы бір жағы – 
стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының бұл жеңісі Аңырайқай 
шайқасының табысқа жетуін қамтамасыз етті. 
Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының(1723-1730) жеңіспен 
аяқталуында Аңырақай шайқасы аса кҿрнекті рҿл атқарды. 
1730 жылы кҿктемінде қазақ жасақтары ҿз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, 
Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайты, Шу ҿзендерінің аңғарларында тынықтырып алып, 
Хантау, Аңырақай таулары ҿңіріне шықты. 
Аңырақайдағы шайқасқа Ҽбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси 
қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл 
шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, ҿздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім 
биледі. 
Шайқас жекпе-жекпен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға таланты ҽскербасы, қоян-
қолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтардан жекпе-жекке 
жиырма жасар Сабалақ сұранды. Сол жылдардағы басты оқиғаларға қатысқан Бұқар 
жыраудың, Үмбетей жыраудың, Тҽтіқара жыраудың айтуынша, Абылай нақ осы жекпе-
жекте ҿзінің қаһарлы қарсыласын жеңіп, есімін мҽнгі данққа бҿлеген. М.Тынышбаев 
кейіннен сол кезде Абылай ҿзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. 
Шайқастың сҽтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сҿйтіп олар 
жеңіп шықты. Асқақ рух сезімімен қанат біткен олар ҿздерінің ерлігін, ержүректігін, 
тастүйін бірлігін жҽне жоғары ҽскери машықтанған-дығын танытты. 
Аңырақай шайқасында жеке ерлігін жҽне ұйымдастырушылық қабілетін кҿрсеткендер 
арасында кҿптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары-барлық үш жүздің ҿкілдері 
болды.
Ҽйгілі Бұқар жырау 28 толғау жырында XVIII ғасырдың 20-жылдарындағы Отан 
соғысы туралы айта келіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бҿгенбай, Шақпақ Жҽнибек, 
Тама Есет, Сіргелі Қаратілеуке, қарақалпақ Құлашек, Шапырашты Наурызбай, 
Құдайменді Жібекбай, Сеңгірбай мен Шүкебай, Тансыққожа Малыт, Қасқарауыл 
Молдабай, Айнақұл Батый батырлардың есімдерін атаған. 
Отан соғысының шайқастарында ақын ҽрі батыр Ақтанберді жырау Сарыұлы қатысты. 
Ол жаумен шайқасып қана қойған жоқ, сонымен бірге ҿз туындыларында Отан 
соғысының халықтық сипатын да ашып кҿрсетті. Нақ осы соғысқа Үмбетей жырау да 
қатысқан. Қазақ халқының ең ҽйгілі ақындары мен ойшылдарының бірі Бұқар жырау бұл 
оқығалардың куасі болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ҿз халқымен бірге
жеңілістердің бүкіл сұмдығы мен Отан соғысындағы жеңістердің қуанышын да бастан 


кешірді. Қазақ батырлары мен қатардағығы сарбаздарының ерлігі мен жеке басының 
қажыр-қайраты қазақ батырлары эпосындағы соғыс қимылдарының кҿріністері мен 
суреттеулерінен ҿз бейнесін тапқан. 
Кҿптеген шайқастарға қатысқан жаршы-жырау Тҽтіқара батырлар даңқын былай деп 
мҽңгіге қалдырган: 
Қамыстың басы майда, түбі сайда, 
Жәнібек Шақшақұлы болат найза, 
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, 
Ер жігіттің ерлігі осындайда. 

Бӛкейді айт Сағырменен Дулаттағы, 
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы,
Ӛзге батыр қайтса да бір қайтпайтын 
Сары менен Баянды айт Уақтағы. 
 
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт, 
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бӛгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген 
Емәнәлі Керейде ер Жабайды айт. 
 
Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету 
оқиғалары халықтың тарихи жадында мҽңгіге қалды.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 2002. 
2.Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 1979. 
3.Тынышпаев М. История казахсого народа.-А.,1993,79-б. 
4. Тынышбаев М. Великие бедствия (Ақтабан шұбырынды).-А.,1992, 146-б. 
5.Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы, 1994, 67-б. 
6.Қозыбаев М. Аңырақай шайқасы- Отан тарихының жарқын белесі. //Егемен Қазақстан, 
1999, 25 тамыз. 
7.Қозыбаев М. Қазақтың данқын асырған. //Егемен Қазақстан, 2000, 1 ақпан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет