Менің тілім-менің мақтанышым Мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі76,83 Kb.
#38505
Менің тілім-менің мақтанышым

Мақсаты:1) елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу;

2) әр ұлттың тілі мен дәстүріне құрмет көрсету.

Көрнекілігі:ұлағатты сөздер (М.Әуезов: «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды» .Ш.Айтматов: «Әрбір тіл өзінің халқы үшін -ұлы».

Мұғалім:Ақ түйенің қарны жарылып,1991 жылы еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз ел болдық.

«Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. «Жүзі басқа болса да жүрегі бір,тілі басқа болса да тілегі бір,атасы басқа болса да Отаны бір» қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз,көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз-біздің байлығымыз,мақтанышымыз.

«Ел бірлігі-ең асыл қасиет,бірлік,ынтымақ,сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге керек»деп көрегендікпен Елбасымыз айтқандай біз сияқты мемлекеттің даму болашағының бір көзі-халықтарының бірлігі.

Қуан халқым,

Қуанатын күн бүгін!

Тіл заңының күшіне енген күн бүгін!-деп ақындарымыз жырлағандай 21-қыркүйек-«Қазақстан халықтарының тілдері күні»



1-жүргізуші:Сәлем достым!

2-жүргізуші:Сәлем!Қалың қалай?
1-жүргізуші:Жақсы!Достым,бүгін мұғалімдер мен оқушылар осы жерде не үшін жиналғанын білесің бе?
2-жүргізуші:Білемін.Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесі біздің елімізде 1998 жылдан бері тойланып келеді.
1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Осы мерекеге арналған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау,ашық мінезім бар аңқылдар.





  1. Жүргізуші: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

2-жүргізуші: Достым,біздің Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

1-жүргізуші:Біздің елімізде 150-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
2-жүргізуші:Иә, Қазақстан-біздің үлкен достық үйіміз,ал мектебіміз-білім үйіміз.
1-жүргізуші:Иә,достым бүгін олардың бәрі өзінің өнерін көрсету үшін жиналыпты.

2-жүргізуші:Олай болса сөз кезегін оқушыларымызға берейік.
(Тіл туралы өлеңдер оқылады)

1.оқушы : Алуан-алуан ғасырлардың

Шежіресі болған тіл.

Небір ұлы асылдардың

Шын көңілі толған тіл.




  1. оқушы : Бір-ақ ауыз сөзіменен

Дауды әділ шешкен тіл.

Өз еліңді әнге бөлеп,

Болған ғажап досы-тіл.


  1. оқушы : Қазақ жері-достықтың гүлстаны,

Дархан өлкем-мерейлі ырыс-бағы.

Күрестерде,еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Мұғалім: Балалар,енді мен сендердің білімдеріңді сынағым келіп тұр.Ол үшін тіл туралы викториналық сұрақтарға жауап беріңдер.
Викториналық сұрақтар
1)Қазақ тілі қай халықтың ана тілі?
2)Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
3)Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет өткізіледі?
4)Қазақстан қандай мемлекет?
5)Қазақстанда «Тіл туралы заң» қашан қабылданды?
6)Тіл туралы заң неше тарау,неше баптан тұрады?

Мұғалім: Сонымен,балалар,біз тіл туралы көп нәрсе айттық,ал енді мына «Тіл» деген Күнімізді толтырайық,яғни күннің шуағына тілге байланысты сөздер жазайық.
Тіл

Меелекеттік Туған
Қазақ
Мұғалім:Балалар,сендер тіл туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

-Иә,білеміз.

-Онда келіңдер ,жарысайық.

Сендер әр тілде тіл туралы мақалдар айтасыңдар.Қай топ көп мақал айтса,сол топ жеңімпаз атанады. (Үш топ мақал-мәтел айтып жарысады.)



Мұғалім: Керемет, біз үш топтың да білімді екеніне көзіміз әбден жетті,жарайсыңдар!

2-жүргізуші: Біздің жерімізде байлықтың сан алуан түрі бар:алтын да, көмір де, газ да, мұнай да,темір де.Бірақ ең бастысы-кең байтақ елімізде тату-тәтті тұрып жатқанымыз.
Үш топтың оқушылары тіл туралы нақыл сөздер айтады.

1-оқушы: Тіл-жүректің айтқанына көнсе,жалған шықпайды.Ақылдың тілін алса,жүрек ұмыт қалады. Абай.
2-оқушы:Ана тілді шекараны қорғағандай қорғау керек.П.Рязенский.
3-оқушы: Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ.

Тілден терең теңіз жоқ. Ғ.Мүсірепов.
4-оқушы:Аспанда жұлдыз көп, менің де жұлдызым бар-ол ана тілі. Р.Гамзатов.
5-оқушы:Тәрбие басы-тіл. М.Қашқари.
6-оқушы:Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құр алақан қалады.Ғ.Мүсірепов.
7-оқушы:Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып,ел-жұртыңды сүйе алмайсың. К.Паустовский.
8-оқушы:Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. Ш.Айтматов.

9-оқушы:Білімділіктің басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады. Г.Гегель.
10-оқушы:Халықтың тіліне қиянат жасау-оның жүрегін жаралау. Г.Лаубе.
11-оқушы:Тіл-ұлттың жан дүниесі. Л.Толстой.
12- оқушы : Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың,елдігің.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


13- оқушы : «Ана тілі»

Мейірімі мол балаға,

Барлық,барлық анаға

Басымызды иеміз.

Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп

Ана тілін,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз.
14- оқушы : «Ана тіліне тағзым»

Ана тілі-біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

«Анасынан безген ұл!» деп қараңыз.
Шарадалар
1-оқушы:Алғашқы түбір сөз-

Малдың түрі.

Екінші түбір сөз-

Жыл аттарының бірі.

Екеуін қосып оқысаң-

Үй құсы ірі.


2-оқушы:Алғашқы түбір сөз

Қай сан?Тап.

Екінші түбір сөз-

Сұйық зат.

Екеуін қосып оқысаң-

Жерге қойған ат.


3-оқушы:Алғашқы буыны-

Ұя ішіне жиған.

Екінші буыны-

Шөпке тұнған.

Екеуін қосып оқысаң-

Илеп,кірпіш құйған.


Жаңылтпаштар
4-оқушы : Мына мұнаралар

Мына мұнаралардан

Биік мұнаралар.

Мұнараларға шығар жол

Мың бұралар.

Мұнараларды бұлар

Мың аралар.
5-оқушы: Шыңға шынар өскен,

Шынар сыңар өскен,

Сыңар шынар-шымыр шынар.

Сыңар шынар деме, сынар.


Әріп жұмбақтар
Санда бар,

Сапада жоқ.

Ханда бар,

Қарада жоқ.
Иекте бар,

Бетте жоқ.

Сүйекте бар,

Етте жоқ.
2-жүргізуші: Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын,боздақтар,

Аралас тілге үңілме!

Миды оят, жамиғат,

Қазақша алтын,жезіңді

Қазақша жазбай жүргенді

Түзет құрып тізгінді.

Хат жазылсын өзара,

Жетілдір, қазақ,сөзіңді.

Жат алдында ез болмай,

Берік ұста өзіңді.

Асан қайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Осы тілді жек көрген

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен,

Баба тілің-асыл нұр.


1-жүргізуші:Құрметті қонақтар!Оқушылар!Осымен сайысымыздың соңына да келіп жеттік. Барлығымызға тіл мерекесі құтты болсын!Тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 041b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
041b -> Семинарды тындаушылар саны: 18 Мерзімі: 23. 11. 2015 Мұғалім: Куталиева Канағат
041b -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру
041b -> Сабақтың тақырыбы: Кестелік шамалармен жұмыс істеуге арналған алгоритмдер. Жиымдар
041b -> Қ арабауортамектеб і (Тәрбие сағаты) Сынып жетекшісі: Кубенов Асхат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет