«Тілім менің – мақтанышым!» тақырыбындағы айлық бағдарламасының жабылуының сценарийі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі емес пе? Ендеше, жабылуына қош келдіңіздер!
Тарихы бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің –
дей отыра, ортамызға көркемсөзге жаны құмар оқушыларымыздың шығармашылығын тыңдауға шақырамыз.
Ән.10 «Б» сынып оқушысы Шамсидинова Аселья
Би. (Үш ұлттың биі)
Жүргізуші:
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы. Әрбіріміз өз ана тілімізді құрметтей білейік! «Тілім менің - мақтанышым» айлық іс-шарасына белсене қатысқан оқушыларды марапаттау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Манасова Жадра Амангелдиевнаға береміз.
Жүргізуші
Осымен «Тіл мерекесі» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!
№127 жалпы орта білім беретін мектеп
Бекітемін
Мектеп директоры: О.А.Камысбаев
Тілім менің – мақтанышым!
2023-2024
Достарыңызбен бөлісу: |