Жанар
Тарихы бар дастанындай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің
Қазақстан- алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.
Қилы тағдыр, сан тауқымет сомдаған
Ер халқы бармәңгі сені қолдаған,
Қазақстан, еркін елсің сен бүгін,
Бұрын-соңды тарихында болмаған!
Елім менің-қанат қаққан қырандай,
Ен байлығы - өнер таққан тұмардай.
Сары даланың сазға бөлер қайнауын
Кімдер біліп, кімдерің жүр ұға алмай.
Азатпыз! Еркiн елмiз не десең де
Жарасар,
Жас ұрпақтың өресi - өрде.
Еңсеңдi көтер, елiм, еңкiш тартқан
Жасара серпiлiп қал ендi сенде!
Билiгiң тидi өзiңе көптен күткен,
Арқаға Астана – Ордаң отау тiккен.
Келмеске кеттi бақзы бодандығың
Бүгiнде болмыс – бейнең оқшау тiптен.
Көк аспан аясында шуақтанып,
Шаттықпен тағы таңым тұр атқалы!
Желбiреп көк байрағы азаттықтың
Елдiгiң жалғасқандай қуаттанып!
Қазақпыз!
Ата жұртты – сайран дала,
Ұрпағы өнiп-өсiп жайраңдаған
Қарамай заманалар сызына да,
Нұр шашқан, елiм, саған қайран қалам!
Туған ел, мұңалмасын еркiң сенiң,
Менi де құшағыңа ал, еркiңдемiн!
Өзiңдiкi – елiң де
Өзiңдiкi – жерiң де
Өзiңдi өзiң еткен бақ
Тәуелсiздiк төрiнде.
Өзiңдiкi – туың да,
От пен ауа, суың да
Жаса Қазақстаным
Белдi бекем буын да.
Жалғанның жартысындай қазақ елi,
Алғандай күздiң жауы сұлу жерi.
Ақ пейiл дархан көңiл халқымыз бар,
Болған да бiрi серi, бiрi батыр.
Өз бабам, азаттықты аңсап өткен
Ел үшiн талай саңлақ шахид еткен,
Солардың құдiреттi ой-арманы
Таңы боп тәуелсiздiк бiзге жеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |