Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Тақырып 11. XVII ғ. жәнеXVIIIғ.басындағы Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет28/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX

Тақырып 11. XVII ғ. жәнеXVIIIғ.басындағы Қазақ хандығы. 
1. XVIІ ғ. Қазақ хандығының ҽлеуметтік*экономикалық жҽне саяси жағдайы. 
2.Жоңғар хандығының пайда болуы, 
алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. 
3. Тҽуке ханның билікке келуі, оның
 
Тақырып12.XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жҥздерінің сыртқы саяси 
жағдайы. 
1.Жаңа заман дҽуіріндегі Қазақстан: зерттеудің жаңа ҽдіснамалық трендтері. 
Кезеңдеу.Тарихнама жҽне дереккҿздер. 
2.Қазақстандағы отарлық дҽуірінің басы. 
3.Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында: ҽкімшілік реформа (ХҮІІІ ғасырдың соңғы 
ширегі – ХХ ғ. басы).
 
 
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, ҽсіресе, ХVІІ ғасырдың 
екінші жартысынан бастап қазақ хандары ҿзінің үлкен кҿршісі Ресей мемлекетімен 
байланыс жасауға кҿңіл бҿлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда жҽне елшілік 
байланыстары Қазан (1552 ж.) жҽне Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге 
қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына 


саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың 
орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. 
Маңғыстау мен Үстірт арқылы ҿтетін құрылықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, 
Еділ мен Кама арқылы ҿтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия жҽне Қазақстанмен 
экономикалық байланысын күшейтуде зор рҿл атқарды. Қазақстан ҿлкесі арқылы ҿтетін 
атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс жҽне 
Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық 
қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды. 
Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы ҿтетін қатынас, сауда 
жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын 
нығайтуды кҿздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте 
жҽне жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген 
Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға 
мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі 
жіберілді. Соның нҽтижесінде орыстың атақты кҽсіпкерлері Строгановтар ҿзіне Тобыл, 
Ертіс жҽне Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен 
қатар олар баж тҿлемей қазақтармен сауда жүргізуге рұқсат алды. Бұл кезде Мҽскеу 
мемлекетінің билеушісі ІV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы саяси 
байланыстар Сібір ханы Кҿшімге қарсы бағытталды. 
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы саяси байланыстардың дамуы 
Тҽуекел хан жіберген елшілікпен одан ҽрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен 
достық келісім жасау үшін Мҽскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тҽуекел орыс 
патшасымен «достық пен ынтымақ» жасауға асықты. Ҿйткені Бұқар ханы Абдулламен
уақытша бітім жасап, Батыста ноғайлармен арадағы қатынас ҿте шиеленісіп тұрған 
болатын. Елшіліктің алдына Мҽскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені 
Оразмұхаммедті босату жҽне Борис Годуновтан «отты қару» алу еді. Орыс патшасы 
Тҽуекел ханға жауабында оған «отты қаруы бар кҿп ҽскер» жіберетініне жҽне қазақтарды 
олардың барлық жауларынан «сақтайтынына» уҽде берді. Бірақ орыс патшасының бұл 
уҽдесі орындалмай, аяқсыз қалды. 
ХVІІ ғасырда Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығындағы ішкі жҽне сыртқы 
жағдайлармен байланысты бұлардың арасындағы қарым-қатынас біраз уақытқа үзілді. 
Саяси байланыстар ХVІІ ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік басына аса кҿрнекті 
саяси қайраткерлер – Тҽуке хан мен І Петр келген кезде жанданды. Тҽуке Бұхара мен 
Хиуа хандарымен арадағы даулы мҽселелерді шешіп, Жоңғар қаупіне олардың кҿздерін 
жеткізді. Сонымен қатар Тҽуке хан сенімді одақтас орыс елі болуы керек деп есептеді. 
Осы шешімі негізінде Тҽуке Ресейге 1687, 1690, 1691,1694,1716 жылдары ресми елшілер 
аттандырады. Бірақ олардың жұмысы ешқандай нҽтиже бермеді. 
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың кҿктемгі тҿл алу 
кезеңі мен жазғы кҿш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне қалмақтар 
тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 
70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне басып кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан 
қазақтың қаралы да қайғылы, ҽн ұраны «Елім-ай» , сол кездегі ауыр күндердің ҿшпес 
ескерткіші болып табылады. Қазақ халқы үлкен қырғынға ұшырап, ол тарихта «Ақтабан 
шұбырынды, Алқакҿл сұлама» деп аталды.. Сақталған мҽліметтерге қарағанда, Ұлы жүз 
бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. 
Босқындардың біразы Алакҿл маңына барып паналаған. 
Ақтабан шұбырындыда ауа кҿшкен жұрт Орта Азиядағы кҿптеген қалалар мен елді 
мекендердегі отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нҽтижесінде Самарқанд, 
Бұқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап қалды. Сол жылдарда Хиуа маңындағы 
мекендер мен егіндік жерлер иесізденіп, қаланың ҿзінде қырық шақты ғана отбасы қалған. 


Жаппай босу, аштық, елді, жерді сағыну қазақтардың қайрат-жігерін ұштады, 
оларды ортақ жауға ұйымдасып, қарсы шығуға жұмылдырды. Дҽл осындай ауыр кездерде 
халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты хандарымыз , 
билерімізбен қатар батырларымыз еді. 
1726 жылы Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, билері 
жиын ҿткізіп, онда үш жұздің баласы бір бҽтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануға 
келісті.Қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Ҽбілхайыр хан жҽне Бҿгенбай батыр 
сайланды.
Бұқар жырау ҿзінің 29 толғауында атақты батырлардың аттарын атайды. Қаракерей 
Қабанбай, Қанжығалы Бҿгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жҽнібек, 
Райымбек, Малайсары, Тайлақ, Саңырақ батырлар. 
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың кҿз 
жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол 
бабаларымыз болды. 
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол 
кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар 
қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық кҿрсетсе де, сұрапыл тегеурінге 
шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. 
Жоңғарлар қазақ елінің шығыс жҽне оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап 
алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бҿлігіне ҽл-күші жетпеді» – дейді. 
Сҿйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс 
бетіндегі Бұланты ҿзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете 
соққы береді. Қалмақ ҽскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды. 
Қазақтар жағы ҿздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат-жігерінің 
жемісін кҿріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ арасына ілезде тарап кетті. Алты 
алаштың рухын кҿтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске жеткен жер 
«Қалмақ қырылған» деп аталды.
1729 жылы кҿктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болды. Ол Балқаш 
кҿлінің маңында (оңтүстік батыс) Бҿгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жҽнібек, 
Бҿкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары 
қалмақтарға екінші рет күйрете соққы берді.Майдан даласында мыңдаған қалмақ 
ҽскерлері қаза тапты. Кҿбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау ҽскерінің 
аңыраған даусы бірнеше күн даланы басына кҿтерді. Бұл жер кейіннен тарихта 
«Аңырақай шайқасы» деген атпен белгілі болады. Сҿйтіп, Аңырақайда аяусыз соққыға 
душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ ҽскерлері Іле ҿзенінің бойымен шығысқа 
қарай қашуға мҽжбүр болды. 
Осы тұста Болат хан (Тҽукенің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ 
хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сҽмеке, Ҽбілхайыр, Болаттың 
үшінші баласы Ҽбілмҽмбет арасында билік үшін күрес жүрді. Сҿйтіп, аға хан болып 
кҿпшілік билер қолдамаса да Ҽбілмҽмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына 
Ҽбілхайыр да, Сҽмеке де наразы болып, майдан шебінен ҽскерін алып кетеді. Нҽтижесінде 
қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бҿліне бастайды. Бұл кезде 
Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті. 
Аңырақайдағы жеңіліске ұшырағанына қарамастан Жоңғар мемлекетінің 
қазақтардың жеріне қайта шабуыл жасау қауіпі жойылмады. 1734 жылы жоңғарлар Қазақ 
хандығының жеріне тағы бір үлкен жорығын ұйымдастырды. Жауға қарсы тұра алмайтын 
болғандықтан Орта жүз ханы сол жылы Ресейдің қол астына ҿтуге тілек білдірді. 
Қалмақтардың жойқын шабулы ҿте-мҿте Жетісу жеріне ауыр тиді. Ҿйткені Ұлы жүз 
қазақтары қаһарлы жауға жалғыз ҿзі тойтарыс беруге күштері жетпеді. 


1740 жылы Ресеймен жақындасу кҿзқарасын ұстанған Жолбарыс ханның ҿлтірілуі 
жҽне ҿзінің саяси бағдарын жиі ҿзгеркен Сҽмеке ханның қайтыс болуы қазақ 
хандықтарының сыртқы саяси жағдайларының осалдығын айғақтай түсті. Ойраттар 
оңтүстік-шығыс шептегі, сондай-ақ Қазақстанның ҿз ішіндегі оқиғалар туралы да жақсы 
хабардар болып отырды. Осы жағдайларды пайдаланып, 1739-1740 жылдардың қысында 
ойрат ҽскерлері оңтүстіктен, Сырдария ҿзенінің жоғарғы ағысынан жҽне солтүстіктен 
Ертіс ҿзені жақтан шапқыншылық жасап, Орта жүздің Тобыл мен Есіл бойындағы 
қоныстарын едҽуір шығынға ұшыратты. 
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар жҽне қарақалпақ, қазақтардың
Кіші, Орта жҽне Ұлы жүздің ҿкілдері қатысқан келіссҿз жүргізілді. Онда Ресей ҿкілі қазақ 
пен жоңғар арасындағы қақтығыстарға байланысты уҽж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар 
басқыншылары оған құлақ аспады. Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне 
шектес жатқан жерлерде 20 мың ҽскер ұстап, қазақтарды мазалауын қоймады. 
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы саяси байланыстардың дамуы 
Тҽуекел хан жіберген елшілікпен одан ҽрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен 
достық келісім жасау үшін Мҽскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тҽуекел орыс 
патшасымен «достық пен ынтымақ» жасауға асықты. Ҿйткені Бұқар ханы Абдулламен
уақытша бітім жасап, Батыста ноғайлармен арадағы қатынас ҿте шиеленісіп тұрған 
болатын. Елшіліктің алдына Мҽскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені 
Оразмұхаммедті босату жҽне Борис Годуновтан «отты қару» алу еді. Орыс патшасы 
Тҽуекел ханға жауабында оған «отты қаруы бар кҿп ҽскер» жіберетініне жҽне қазақтарды 
олардың барлық жауларынан «сақтайтынына» уҽде берді. Бірақ орыс патшасының бұл 
уҽдесі орындалмай, аяқсыз қалды. 
ХVІІ ғасырда Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығындағы ішкі жҽне сыртқы 
жағдайлармен байланысты бұлардың арасындағы қарым-қатынас біраз уақытқа үзілді. 
Саяси байланыстар ХVІІ ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік басына аса кҿрнекті 
саяси қайраткерлер – Тҽуке хан мен І Петр келген кезде жанданды. Тҽуке Бұхара мен 
Хиуа хандарымен арадағы даулы мҽселелерді шешіп, Жоңғар қаупіне олардың кҿздерін 
жеткізді. Сонымен қатар Тҽуке хан сенімді одақтас орыс елі болуы керек деп есептеді. 
Осы шешімі негізінде Тҽуке Ресейге 1687, 1690, 1691,1694,1716 жылдары ресми елшілер 
аттандырады. Бірақ олардың жұмысы ешқандай нҽтиже бермеді. 
Бұл кезде Балтық теңізі жағалауына Петербургты салу арқылы «Еуропаға терезе 
ашқан» ұлы Петр қазақ хандығын бүкіл Азия елдеріне шығудың «кілті мен қақпасы» деп 
білді. Орыс патшасы Бірінші Петр бұл елдермен экономикалық жҽне саяси байланыс 
орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан жҽне Орта Азия хандықтарын Ресейге қосып 
алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. 
Солардың бірі – подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы. Экспедиция 
үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан жҽне басқа жерлерден жинап алынды. 
Ҽскери-дипломатиялық сипаттағы барлық дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың 
шілдесінде құрамында 2797 адамы бар И.Д.Бухгольц отряды жорыққа шықты. 1715 
жылғы қазанда экспедиция Ямышев кҿліне жетіп, сол жерде Ямышевск бекінісі салынды. 
Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом ҿзенінің сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы 
бекінісінің негізін қалады. Бұл ҽскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты 
оңтүстік-шығыс шекараны, Ресей мемлекетінің сыртқы аймағын кеңейту болып табылды. 
И.Д.Бухгольцтің экспедициясынан кейін Батыс-Сібір генерал-губернаторы 
М.Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен 
Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П.Северскийдің отряды – Железинск, 
В.Чередовтың отряды – Колбасин бекіністерін салды. Чередов одан ҽрі жүріп жаңа бекініс 
– Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сҿйтіп, 1718 жылы Семей 


қамалының, ал 1720 жылы И.М.Лихарев экспедициясы Үлбі ҿзенінің Ертіске құятын 
жерінде Ҿскемен бекінісінің негізін қалады. 
Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста Кіші, Орта жҽне 
Ұлы жүз хандары мен ру басшылары да бой ұра бастаған еді. Ҿйткені ондаған жылдар 
бойына созылған жоңғар қалмақтарының жҽне кҿршілес Орта Азия хандарының 
шапқыншылық ҽрекеттері қазақ елін ҽбден тоздырып, ҽлсіреткен болатын. 
ХVІІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандары орыс патшасынан жоңғар қалмақтарына 
қарсы кҿмек сұрап елші жіберді.1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Ҽбілқайырдың
Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар ҽйел патша 
Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жҿнінде ҿтініш жасады.
Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз. 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Ҽбілхайыр 
ханға жҽне «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны 
туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сҽуірінде Кіші 
жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген қазақ 
елшілері де оралды. Сонымен 1731 жылы 10 қазанда қазақ сұлтандары мен ру 
басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы 
жҿнінде шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен 
келіссҿз жүргізген Орта жүздің ханы Сҽмеке Ресей империясының құрамына кіретінін 
білдіріп ант беріп, «ҿзінің мҿрін басты». Бірақ бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана 
жүзеге асырыла бастады. Сҿйтіп, патша ҿкіметі сол кезде қазақ халқының басына түскен 
ауыртпалықты шебер пайдаланып, қазақтардың кең даласының солтүстігіне одан ҽрі еркін 
кіре бастады. 
1734 жылдың 10-маусымда патша үкіметі Ор ҿзенінің жағасынан бекініс салу қажеттігі 
жҿнінде хат жолдап, ол жерге И. Кириллов пен А. Тевкелевті жібереді. 
Экспедицияға мынадай талаптар қойылды:
-қазақ даласымен сауда байланысын күшейте отырып, қазақтарды тҽуелді ету; 
-қазақ даласы мен башқұрттардың шекарасынан Орынбор қаласын тұрғызу; 
-Жайық ҿзенін бойлай қазақтар ҿте алмайтындай етіп ҽскери бекіністер салу; 
-алтын жҽне т.б. бағалы кен орындарын іздеп тауып зауыт салу. 
Сҿйтіп, кҿп ұзамай Кіші жүзде – Новосергеевка, Кулагинская, Сахарная, Орская, 
Кабанье сияқты казак-орыстарының ҽскери бекінісі салынды. 
Патшаның ҽмірімен қазақ даласындағы ҿзендердің бойына бекініс қамалдар 
салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық ҿзені бойынан 14 
қамал салынды. Басқа ҿзендердің жағалауларынан да бірнеше қамал-бекіністер бой 
кҿтерді. ХVІІ ғасырдың 50 жылдарында Ертіс ҿзенінің жағасына салынған Омбы, 
Железинск, Семей, Ҿскемен, Ямышев сияқты қамалдар қалаларға айналды. Мұндай 
ҽскери бекіністер салу отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.
Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында қазақтардың 
кҿшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй ҿзендерінің бойындағы құнарлы 
жерлерінен айырылып, оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен 
Ташкент түбіне қоныстануға мҽжбүр болды. 
1740 жылы Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант князь В.А. Урусов 
Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Нұралы, 
Ералы сұлтандармен , Жҽнібек, Бҿкенбай жҽне Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің 
ханы Ҽбілмҽмбет жҽне Абылай сұлтанмен келіссҿздер жүргізді. Оның барысында Кіші 
жүз бен Орта жүздің 399 ҿкілі Ресейге қарайтындығы жҿніндегі шартқа қол қойды. 
Алайда, осы шарттан кейін де Ресейге Кіші жүздің біраз бҿлігі, Орта жүздің тек азғана 
бҿлігі қосылды. Ал, Солтүстік – Шығыс жҽне Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары 
Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40 жылдарында ғана, патша ҿкіметінің ҽскери-саяси 
күш кҿрсету нҽтижесінде қосылды. 1740-1743 жылдардың ҿзінде ғана Кіші жүз бен


Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақтардың қоныстарын тарылтқан, кҿптеген 
жаңа бекіністер салынды. Мұндай ҽскери тірек базаларын салуға қарсы болған Ҽбілқайыр 
мен оның тҿңірегіндегілердің пікірі ескерусіз қалды. 
Патша ҿкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. 
Олар 1742 жылғы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық ҿзені жағасының қамалдар 
маңында қазақтардың кҿшіп-қонуына тиым салынды, сонымен қатар олардың Каспий 
теңізінің жағалауында кҿшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. ХVІІІ ғасырдың 50-60 
жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй ҿзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да 
ҿздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды. 
Қазақ даласында патша ҿкіметінің отарлау саясаты үш бағытта:
1)гарнизондар мен күшейтілген бекіністі ҽскери шептер салу жҽне тұрақты казак-орыс 
(Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен; 
2)саяси ҽкімшілік реформалар жасау, басқарудың дистанциялық түрін енгізу.
3)қазақ даласын ҿзіне біржолата қосу, ал Орталық Азия хандықтарымен сауда-
саттықты кеңейту. 
Патша үкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін ҽуелі ҽр түрлі реформалар 
жүргізіп,қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бҿлшектеп, оларды 
губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бҽрін 
бірден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан 
қармау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша ҿкіметі оны кезең-
кезеңімен іске асырды. 
Оның алғашқысы - 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі 
протектораттық дҽуір, яғни күшті мемлекеттің ҽлсіз мемлекетке формальды болса да 
қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша ҿкіметі ел билеудің бұрынғы 
хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт 
иелігін жасады, яғни қазақ елін ҿзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар 
арқылы басқарды. 
Патша үкіметінің қазақ елінің басына тҽуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 
жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сҿйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатының 
екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол ҽскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, 
жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде 
жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын ҽкеп орналастырды. 
Отарлаудың осы ҽскери-ҽкімшілік кезеңінде патша ҿкіметінің тірек пунктері ҽскери 
бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен 
бҿлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы 
кезде бұл бекіністер Орал, Ертіс сияқты ҿзен арналарына орналасты. Ал кейінірек патша 
ҿкіметінің отарлау саясатының күшеюі нҽтижесінде ҽскери қамалдар салу Қазақстанның 
батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 
жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы 
бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің 
жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма жҽне Нарым бойындағы жерлердің Ресейге 
қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Ҿскемен бекінісінен Телецк 
кҿліне дейін бекіністер салына бастады, келесі 1761 жылы Ҿскеменнен Зайсан кҿліне 
дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. Сҿйтіп, Қазақстандағы шекаралық 
шептің шығыс қанаты ХVІІІ ғасырдың 60 - жылдары Ресей ҽскери қамалдарының 
бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылды. 
Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден 
Қазақстанға жаңадан кҿптеген ҽскери күштер ҽкелінді. Бұдан басқа патша ҿкіметінің 
ҽкімшілігі Солтүстік жҽне Шығыс Қазақстанға орталық губерниялардан орыс шаруаларын 
қоныстандыруға белсене күш жұмсады. Бұл жерлердегі қазақтарды ығыстырып шығару 


жҿнінде шаралар қолданылды. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан жҽне 
орыс бекіністеріне 30 шақырымнан жақын жерде кҿшіп жүруіне тиым салынды. Патша 
ҿкіметінің отарлауы ежелден тұрып жатқан қазақтардың дҽстүрлі қоныстарын тарылтты,
Сібір ҽкімшілігі мен қазақ сұлтандары арасында шиеленіс тудырды. Шығыс аймақта 
патша үкіметі ҽскери ҽрекеттерінің күшеюі, Цин империясы ҽскерлерінің Қазақстан 
жеріне басып кіру қауіпі, 1771 жылы Орта жүздің ханы Ҽбілмҽмбет ҿлгеннен кейін хан 
болып сайланған Абылайдың Ресей бодандығын сақтай отырып, Қытай империясы ҿкімет 
билігін де қабылдауға мҽжбүр етті. Абылай ұстанған екі жақты бодандық саясат 
Қазақстанның ҿмірлік мүдделеріне сай келді. Екі ірі мемлекеттің Абылайды Орта жүз 
ханы деп мойындауы, оның позициясын едҽуір нығайта түсті. Ол жоңғар 
басқыншылығына қарсы күресте үш жүздің жасақтарын біріктіріп, қазақ халқының 
азаттық күресін ұйымдастырған айбынды ҽскери қолбасшы болды. Абылай аса ірі 
шайқастарда ерен ерлігін, батырлығын кҿрсете білді. Ол қазақтардың бір орталыққа 
бірігіп, сыртқы жаулармен күресте олардың еркіндігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірді. 
1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы
Уҽли сайланды. Ол бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да бодан болатыны жҿнінде ант 
беріп, ҿз ҽкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын кҿрсетті. Дегенмен, оның тұсында 
хандық ішінде ыдыраушылық күшейді, сұлтандардың ықпалы ҿсіп, мұның ҿзі қазақ 
хандығының ҽлсіреуіне ҽсерін тигізді. Бұл Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді 
түрде енуіне жағдай жасады. ХV111 ғасырдың аяғы – Х1Х ғасырдың басында ҿзінің 
отарлау саясаты барысында патша үкіметі ең ҽуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті 
жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеуінігі басқарған уақытша кеңестің қолына кҿшті. 
Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін 
түпкілікті жою мақсатын кҿздеді. Патша ҿкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүздің 
хандығынан бастады. Мұнда 1815 жылы Орта жүздің ханы Уҽли ханның билігін 
ҽлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бҿкейді тағайындады. Бҿкей 1817 жылы, Уҽли 1819 
жылы қайтыс болды, бұдан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше 
ҽкімшілікке бҿліп, оларды басқарып-бақылауға патша ҽкімдерін қойды. 
XIX ғасырдың 20-жылдарында Кіші жүздің ішкі саяси дамуына айтарлықтай 
ҿзгерістер енгізілді. Себебі Ресей империясының басқару жүйесіндегі ҽкімшілік шаралар 
Орынбор Шекара Комиссиясы арқылы жүргізілгенімен, ішкі далада басшылық жергілікті 
сұлтандар мен билердің қолында қалған-ды. Сҿйтіп Ресей империясы қазақтарды 
басқарудың жаңа жүйесін ойластырып, 1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері 
М.М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1824 жылы 
«Орынбор қырғыздары жҿніндегі жарғы» деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін 
басқару тҽртібі жҿніндегі заң шығарды. Соңғы жарлықта былай делінген: «Патша ағзам 
императорының нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, 
Кіші жүзді басқару Ішкі орда ханы Жҽңгірге жүктелсін жҽне даланы үшке бҿліп, ҽрбір 
бҿлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» - делінген. Осы заң бойынша Орта жүз 
бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде (соңғы ханы Шерғазы Айшуақов ) 
хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты ҽкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет