Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы



Pdf көрінісі
бет36/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы 
қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – кҿшпелі мал шаруашылығы. Ҽр рудың 800-
1000 шақырымға дейін жететін кҿш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе 
қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын 
ҿзен, кҿл бойларында орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы 
шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) кҿшіп-қону, табиғи жағрафиялық 
жағдайлары мен тарихи дҽстүрлерге, ал кҿшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, 
кҿбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси 
жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түліктері қой, жылқы жҽне түйе еді. 
Бұлар халықтың тұрмыс тіршілігіне бірден-бір қолайлы түліктер. Мұндай мал халықтың 
тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен 
қамтамасыз етіп отырды. Ҽрине, мал бағу ауыр еңбекті, тҿзімділікті жҽне ҿмірге 
икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей 
құбылыстарына түгелдей тҽуелді болғанын да айту керек. Жемшҿп дайындау 
жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты 
болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда кҿшпелі 
малшылар тақырлана кедейленіп қалатын. 


Қазақ халқының ҿмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы 
мен оның ҿнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен ҿсіп 
отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дҽстүрі сақталып, 
үнемі жетілдіріп отырған. 
Кҿшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының ҿмірін кҿп жағынан қамтамасыз етіп 
тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ ҿнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй 
жабдықтары мен жасауларын, кҿшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Ҽскери 
жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнҽрсемен алмастыруға болмайтын. 
Кҿшпелі малшылар ҿздерінде артылып қалған малдан түскен ҿнімдерді Түркістанның 
Сығанақ, Сауран, Ясы жҽне басқа қалаларының базарларына апаратын, соның ішінде 
арбалар, тҿсектер мен ыдыстар жеткізілетін болған. 
Малшылар бұл ҿнімдеріне айырбасқа қалалардан ҽр түрлі тауарлар: мақта маталары 
мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім кешектер, шапандар, 
орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ ҽртүрлі үйге қажетті т.б. алатын. 
Кҿшпелілердің астық ҿнімдеріне – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке – сұранысы ҿте 
қатты болды. 
Кҿшпелі жҽне жартылай кҿшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты 
егіншілік маңызды рҿл атқарды. Қазақстанның оңтүстік аудандары мен Жетісуда 
суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-ХV11 ғасырларда Отырар, 
Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын 
дҽлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мҽдениетінің дҽстүрлі ошақтары ҿзен алқаптары 
мен кҿл жағалауларында, шҿл жҽне шҿлейт далалардың кҿгалды жерлерінде дамыды. 
Ҽдетте, егіншілікпен кҿбінесе кҿшіп-қонуға мүмкіндігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. 
Негізгі дақылдар – тары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау ҿңірлерінде, 
Ертіс ҿзені алқабында, Зайсан кҿлінің жағасында да едҽуір дамыды. Егіншілік саймандары
тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Дҽн түю, ұн тарту үшін 
ағаш келі, қол диірмен пайдаланылды. Астық ұраға кҿміліп сақталды. 
Қазақстанның алуан түрлі тағы жануарлары бар кең байтақ даласы кҿшпелілерге 
жеке-дара жҽне ұжым болып аңшылық етуге зор мүмкіндік берді. Олар аң аулауда басты 
қаруы ретінде кҿбінесе садақты қолданды. Аң аулаудың бірнеше түрі болған: құс салған, 
тазы иттер қосып жҽне қаумалап аулаған. Қыран құстардан қаршыға, бүркіт, сұңқар, 
лашын т.б. пайдаланылған. Қыран құстармен аң аулау Қазақстанда ХХ ғасырдың басына 
дейін кеңінен тараған. 
Бұл кезде, ҽсіресе Оңтүстік Қазақстан қалаларының Орта Азиямен, Шығыс 
Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының 
арқасында кҿшіп-қонушы жҽне отырықшы халық топтарының экономикалық, мҽдени-
ҽлеуметтік қарым-қатынасы мүмкіндігінше кеңейе түсті. ХV-ХV11 ғасырларда «Ұлы 
Жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сауран, Жент т.б. 
қалалардың тездеп ҿркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып 
нығаюына үлкен ҽсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам жҽне тағы басқа 
қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-
саттық ҿркендеп, ақша айналымы дамығандығын кҿрсетеді. Бұл металл ақшаларының 
бірсыпырасы ХV-ХV11 ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан 
қаласында жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет