Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет39/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX

Әдебиеттер
1. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. –Астана, Фолиант, 2000. 
2. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасы тарихы.-Алматы, 2
003.
3. Қазақстан тарихы. Очерк. –Алматы, 1994.
 
4. Борцы за Советскую власть в Казахстане. -Алма-Ата, 1982. 
5. Бочагов А.К. Алаш-Орда. -Кызыл-Орда, 1935. 
6. Нурпеисов К.Н. Алаш һҽм Алашорда. - Алматы, 1995.


Тақырып 15.
 
Қазақстан азаматтық және саяси текетірес жылдарында. 
1. Ресейдегі Қазан тҿңкерісі жҽне Қазақстандағы саяси ҿмір.
2. Желтоқсандағы Жалпы қазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. 
3. Қазақ ҿлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы.
Тақырып 16. Қазақстан азаматтық және саяси текетірес жылдарында. 
1. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. 
2. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (НЭП). 
3 Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан 
идеясының күйреуі. 
1. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мҽселені шеше алмауы, езілген 
халықтарға ҿзін-ҿзі билеуі немесе автономия алу мҽселесін күн тҽртібіне қоюға 
тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты кҿкейкесті мҽселелерді 
шешпеуі халық наразылығын одан ҽрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас 
кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы ҿсе 
түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал 
Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола кҿтерді. Осындай 
жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған 
―Барлық билік Кеңестерге берілсін‖ деген ұранды қайта кҿтерді. Енді бұл ұран қарулы 
кҿтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы кҿтеріліс басталды. Келесі күні 
кҿтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 
қарашада) Ҽскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын 
жариялады. Осылайша Қазан тҿңкерісі жеңіске жетті. Қазан қарулы кҿтерілісінің 
Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, 
Астрахань тҽрізді ірі қалаларда Кеңес ҿкіметінің орнауы Қазақстанда да 
биліктің Кеңестердің қолына ҿтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес ҿкіметін 
орнату тҿрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс 
аймақтың ҽлеуметтік–экономикалық жҽне мҽдени баяу дамуымен, ұлтаралық 
қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен 
шиеленісе түсті. Кеңес ҿкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің 
халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен 
ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жҿніндегі уҽдесі ҿз септігін тигізді. Кеңес үкіметін 
орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак ҽскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің 
жақтастарының табанды қарсылық кҿрсетуі жағдайды одан ҽрі шиеленістіре түсті. 
Қазан тҿңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік 
құрылыс мҽселелері ҿткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес ҿкіметінің ұлттық 
саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған 
―Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында‖ жҽне 1917 ж. 20 қарашада 
жарияланған Кеңес ҿкіметінің ―Барлық Ресей жҽне Шығыс мұсылман еңбекшілеріне‖ 
үндеуінде кҿрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде 
В.И.Лениннің дайындаған ―Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары 
Декларациясы‖ 
қабылданды. 
Бұл 
құжатта 
Коммунистік 
партияның 
кеңес 
республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз 
жақтайтыны айқын кҿрсетілді. Декларацияда ―Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар 
одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады‖ 
делінген. 
Кеңес ҿкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 
1. Ҿнеркҽсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік 
жҽне солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен. 


2. Сібір, Орал, Жетісу қазақтары мен офицерлер, кулактар біріккен 
контрреволюциялық күштер басым аудандарда қарулы күрес жолымен 
1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес ҿкіметі Қазақстанда негізінен 
қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес ҿкіметін 
орнатумен бірге ҿлкенің шаруашылығы мен мҽдениетін қайта құру шаралары қатар 
жүргізілді. Ҿнеркҽсіп орындарында, мҽселен Спасск зауытында, Қарағанды шахтасында, 
Успен кенішінде, Ембі мұнай кҽсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер 
мемлекет меншігіне кҿшірілді. Кеңестердің 2- Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер 
туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады. Қазан тҿңкерісінің алғашқы 
күндерінен бастап-ақ облыстық жҽне уездік орталықтарда да жұмысшылар мен 
шаруалардың ҿкіметін нығайту ісі, ауылдық жҽне селолық Кеңестерді құру ісімен бірге 
жүргізді. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бҿлімдері ашылды. 
Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. 
2. Алаш Орда (1917-1920) - Ақпан жҽне Қазан тҿңкерістерінен соң 1917 жылы 
желтоқсанның 13-і күні құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі. 1917 ж. 
желтоқсанның 5-13-і күндері Орынборда II Жалпы қазақ-қырғыз құрылтайы ҿткізілді. 
Құрылтайдың күн тҽртібіне 10 мҽселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-
қырғыз автономиясын жариялау, милиция һҽм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мҽселелері болды.
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың ҿмір 
сүруінің ҿзін күрделендіріп жіберген анархия (тҽртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау 
үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау 
беру (тҿрағасы Ҽлихан Бҿкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ 
милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы - Семей (кейін Алаш-қала 
атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Ҽ. Бҿкейханов (1919 ж. ақпанның 11-і) 
былай деп мҽлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны 
болдырмау, ҿлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол 
бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет тҿрағалығына үш қайраткер - Бҿкейханов, 
Құлманов жҽне Тұрлыбаев ұсынылды. Кҿп дауыс алған Бҿкейханов тҿраға болып 
сайланды. 
Ҿздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне 
Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Ҿйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі 
автономияларды ғана қолдап, кҿтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына кҿзқарасы 
басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дҽлірек айтқанда 
Ҽ.Бҿкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп 
санады.
Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы 
мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс 
жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды 
қажет етті. Сҿйтіп, қазақ аутономиясы ҿлкеде ҽлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне 
қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мҽжбүр болды. 
Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар 
Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін ҿздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға 
мҽселен, қажет кездерде ҽскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына 
арту т.б. жағдайларға пайдалануды кҿздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет 
органы ретінде дербес, белсенді ҽрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір 
үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық 
білдіріп отырғанын кҿрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының ҿзін ресми тану 
туралы мҽлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен 
аяқталды. 


Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел жҽне 
Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жҿніндегі 
халық комиссары Сталинмен келіссҿз жүргізді. Мұның нҽтижесі - автономияның мҽдени 
мұқтажына орталықтың кҿмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, ҿлкеде азаматтық 
бітімге келу туралы уҽделер болды. Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару 
комитетінің 1919 жылғы 4 сҽуірдегі жҽне 1920 жылғы 15 сҽуірдегі шешімімен амнистия 
жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың ҿткенін ешуақытта ұмыта 
да, кешіре де алған жоқ. Түрлі ҽдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын 
жаппай қырғынға ұшыратты.
Алашорда азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында 
болды. Нҽтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес ҿкіметі Алаш партиясы мен 
Алашорда үкіметін таратты. Кеңес ҿкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның 
қоғамдық-саяси ҿмірінен аластауда алдау мен арбау ҽдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын 
да қолданды. Кезінде (1919-1920 жж.) Кеңес ҿкіметі Алаш қозғалысына белсене 
қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік 
сталиншіл ҽкімшіл-ҽміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын 
алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді.
3. Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы - Түркістан ҿлкесі халықтарының 
ҿзін-ҿзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті 
құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның ҿмірге келуіне кеңестік биліктің 
Түркістан халықтарының ҿзін-ҿзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 
жылы Қазан тҿңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте ҿз жұмысын аяқтаған 3-
Түркістан ҿлкелік кеңестер съезі ҿлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты 
Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, ҿлкедегі биліктің ендігі уақытта 
соның қолына ҿтетіндігін мҽлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті 
мұсылман халықтарының бірде-бір ҿкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық 
сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, 
Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан ҿлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан 
қаласында 4-Түркістан ҿлкелік тҿтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге 
созылған съезд 28 қараша күні Түркістан ҿлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, 
Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен 
Түркістан халық билігіне ҿтетіндігі жҿнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі 
құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай 
жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары 
қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 ҿкіл бар болатын. Кеңес 
құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған ҿкілдермен бірге, каланың ҿзін-ҿзі 
басқару ұйымдары съезінің 4 ҿкілі, түрлі ҿлкелік «еуропалық» ұйымдардың 13 ҿкілі бар 
болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының 
Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан ҿлкесіндегі барлық халықтардың құқығын 
сыйлап, қорғайтындығын мҽлімдеп, ҿлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын 
Түркістан автономиясы тҿңірегіне топтасуға шақырды. 1917 жылы қарашада Түркістанда 
қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс 
аударушылардың мүддесін кҿздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, 
соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни жҽне ұлттық негізде құрылып, жергілікті 
халықтардың ҿзін-ҿзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. 
Түркістан Уақытша үкіметінің тҿрағасы жҽне Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан 
Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ҽ.Оразаев бекітілді. 
Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Кҿп 
ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің тҿрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан 
автономиясының құрылуын Түркістан ҿлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен 


карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда 
Түркістан қаласында ҿткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш 
автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын 
білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес 
үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
4. Кеңес үкіметі кеңестік негізде Қазақ Автономиясын құру жҿнінде дайындық 
жұмысын жүргізе бастады. РКФСР ХКК-нің 1918 ж. 12 мамырдағы қаулысына сҽйкес, 
ҚазАКСР-н құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін Ұлттар ісі халық 
комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган - қырғыз (қазақ) бҿлімі ашылды. 
Алайда, азамат соғысы басталып кеткендіктен бұл жұмыстар кейінге қалдырылды. Қазақ 
съезі шақырылып, Қазақ республикасының автономиясы жарияланғанша ҿлкені ҽскери-
ҽкімшілік басқару үшін 1919 ж. 10- шілдеде РКСФР Халық Комиссарлар Кеңесінің 
тҿрағасы В.И. Лениннің қол қоюымен "Қырғыз (қазақ) ҿлкесін басқаратын тҿңкеріс 
комитеті (Ревком) туралы уақытша ереже" жарияланды. Ереженің 3 - бабына сҽйкес, 
Қазақ автономиялы республикасының аумағы Түркістан республикасымен, Қырғыз съезі 
жҽне Орталық Кеңес үкіметімен келісіліп анықталғанға дейін Қазревком құзырына 
"...Астрахань губерниясымен Орал, Торғай, Ақмола жҽне Семей облыстарының 
территориялары қарайды" делінген. Қазревкомның бірінші құрамына: С.Пестковский 
(тҿраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ҽ.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, 
Б.Қаратаев кірді.
1920 ж. тамызында Мҽскеу қаласында қазақ ҽскери тҿңкеріс комитеті жҽне 
Түркістан майданының ҽскери-тҿңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан ҿлкелік комитетінің 
партия жҽне кеңестік ұйымдардың ҿкілдері қатысқан Қазақ АКСР-н құру туралы бірнеше 
мҽжілістер ҿткізді. Соңғы мҽжіліске В.И.Лениннің ҿзі тҿрағалық етті. Нҽтижесінде 1920 
ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ Республикасы жҿніндегі 
Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 ж. 26 тамызында Ленин мен Калинин кол қойған 
БОАК жҽне РКФСР ХКК-нің құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз 
(қазақ) Кеңестік Автономиялы Республикасын құру туралы" тарихи Декреті жарияланды. 
Территориясы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск 
уезінің бір бҿлігі, Астрахань губерниясының бір бҿлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары 
Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген 
болатын (1918 ж). Халқы 5 млн.-ға жуық адам болды. 1920 ж. 4-12 қазанында Орынбор 
қаласында ҿткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі, Қырғыз (қазақ) Кеңестік 
Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын 
қабылдады, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР-нің 
құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, қызыл ҽскерлер 
депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. Мұнда жоғарғы ҿкімет 
органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің тҿрағасы С. Мендешев, 
ал қазақ АКСР - інің Халық Комиссарлар Кеңесінің тҿрағасы В.А.Радус-Зенькович болды. 
Декларацияда Қазақ АКСР-нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары 
мен міндеттері айқындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет