Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейiн Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779
десятина жер тартылып алынып, 10940 адам халқы бар 24 жаңа село пайда болды. Семей
облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина eгicтік жер тартып алынды.
1884-1892 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды ҽкелiп
қоныстандыру,
Сырдария облысындағы Шымкент, Ташкент жҽне Ҽулиеата уездерiн
кеңiнен қамтыды.
Қоныс аударушылар Ресейдiң еуропалық бҿлiгiнен ғaнa емес, сондай-ақ басқа
облыстардан да келдi. Ҿйткенi, қазақ даласы ұлан-ғайыр кeңдiгiмeн, кең-байтақ жерде eгiн
шаруашылығына да, мал шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мҽселен,
1900 жылғы халық caнағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында / Ақмола, Орал,
Торғай, Семей, Жетicу / ғaнa 3463598 адам болса, оның iшiнде Еуропалық Ресейден
келгендер 247 мыңдай адам, Сiбiрден - 42119, Орта Азиядан - 23530, Польшадан - 1191,
Кавказдан 1672, Финляндиядан - 72, басқа жерлерден 3557 адам келдi. Сҿйтiп, 1900 жылы
5 облыс бойынша сырттан келушiлер ҿлкенiң барлық халқының 10,5 процентiн қамтыды.
Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.
Патша ҿкiмeтi Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты ҿзiнiң шикiзат қоймасына,
елдi ҿндipic тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Мал, жүн, тepiнi cу тeгiнгe
сатып алып, ҿте қымбат бағаға ҿндiрic тауарларын сатып, қазақ халқын аяусыз қанады.
Патша ҽкiмшiлiк органдарының бастықтары мырзалық жасап, қазақтардың шұрайлы
жерлерiнiң ҽр десятинасын он тиыннан оңды-солды сатты.
Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен бiрге
рухани-адамгершiлiк мүддесiн де қысымға салды. Патша ҿкiметiнiң қолдауымен келген
қоныстанушылар, кҿбiнесе кулактар, қазақтарды шұрайлы ҿз мекендерiнен қуып шығып
отырды. Cонымен бiрге қазақтардың бiр-бiрiмен қатынастарына үлкен кедергi жасап,
ауылдастардың экономикалық мүддесiне, адамгершiлiк жҽне рулық қатынастарына
нұқсан келтiрдi. Кей жерлерде қазақтардың кҿшетiн жолдары орыс посѐлкаларының
үстiнде жатқандықтан қоныстанушылар олардан малын ҿткiзгенi үшiн мол алым
тҿлеттiрдi. Сонымен бiрге отаршыл ҽкiмшiлiк бұрыннан қалыптасқан қазақтың
отырықшылық ұяларын бұзып, жергiлiктi тұрғындарды шҿл жҽне шҿлейт аудандарға
күшпен кҿшiру фактiлерi жиiлендi. Бiр ғана Жетiсуда 30 мыңнан астам отырықшылдық
ошағы талқандалынды. Осындай зорлық-зомбылық барлық жерде орын алды.Патша
ҿкіметінің отарлау саясатының салдарынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамудың
орнына дағдырысқа ұшырады.
Жерді тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау,
жергілікті халықты шҿл жҽне шҿлейт далаларға қуалау қазақтың егін шаруашылығын,
ҽсіресе, мал шаруашылығын ҿркейтуге қолайсыз жағдайлар туғызды. Оған мысал,
Қазақстанның далалық облыстарында /Жетісуды қоспағанда/ қой-ешкі 1880 жылдан 1905
жылға дейін 24,9 пайыз, ал жылқы 1905 жылдан 1914 жылға 4,1 пайыз кеміді.
Күйзелicке ұшыраған қазақ кедейлерiнiң едҽуiр бҿлiгi орыс кулактарына, казактарға жҽне
ауқатты шаруаларға жалданып жұмыс iстeyre мҽжбүр болды
XIX ғасырдың екiншi жартысында Ресейдiң капиталистiк ҿнеркҽсiбi
мен Қазақстандағы ауылшаруашылық ҿндiрiсi арасындағы қатынас к үшейдi.
Сауда жҽне ҿсiмқорлық капиталы Ресейдiң орталық губерниялары мен
Қазақстан арасындағы ғана емес, coнымен бiрге ҿлкенiң ҿз iшiнде де тауар
айналысының ҿcyiн шапшаңдатты. Ҿлкеде үстем
болған натуралды
шаруашылық бiртiндеп ыдырай бастады.
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша
ҿкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай кҿптеген
салықтардың салынуы, олардың ҿнiмдерiнiң бiр бҿлiгiн рыноктар арқылы
саудаға салуға мҽжбүр еттi. Мал мен астық барған сайын тayapғa айнал ды.
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шарушылықтың
кҿлемi қысқарды, ҿлке ҿнеркҽсiп тауарларын ҿткiзу рыногы жҽне
бағалы
ауыл шаруашылығы шикiзатының қайнар кҿзi ретiнде капиталистiк Ресейге
барынша тҽуелдi болып шықты.
7 0-80 жылдарда Ресейде фаб рика лық тоқыма ҿндiрiсiнiң шапшаң
ҿcyiмeн байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата кҿп келетiн
болды. Фабрикаларда ҿндiрiлген арзан мaқтa -мата бiрқатар шығыс елдерiнiң
майдагерлiк бұйымдарын шапшаң ығыстырды. Сонымен бiрге күнделiктi
тұрмыста қолданылатын бұйымдар /самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен,
ошақ, балта, пышақ т.с.с./ кҿтерiңкi бағамен сатылды. Қазақстан бұл
тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында ҿндiрiлетiн
шикiзат
бердi. XIX ғасырдың екiншi жартысында Ресейге мал шаруашылығы
ҿнiмдерiн жеткiзу шапшаң ҿсті. Кҿптеген мал мен шикiзат Семейдiң,
Петропавлдың, Оралдың, Орынбордың қасапханаларында былғары, тоң май,
тepi илеу, сабын қайнату зауыттарында ҿңделiп, қырғa тон,
аяқкиiм ретiнде
қайтып оралып отырды.
Қазақстанда капиталистiк түрдегi сауда -саттықтың күшеюi жергiлiктi
сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен ҽcepiн тигiздi. Осы кезде,
Қазақстанда 20-дан астам қалалар мен 400 казак -орыс поселкелері пайда
болды. Қазақстан қалалары халқының қалыптасуы мен ҿc yi Ресейдегi
капиталистiк қатынастардың дамуымен тығыз байланысты едi.
Қалаларда
ҽскери адамдар, құрметтi азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары
тұрды. Қала халқының кҿпшiлiгi кедейленген шаруалар мен майда
кҽсiпорындардың жұмысшылары болатын.
Достарыңызбен бөлісу: