қалаған кісі -Жеңіс хан. Бірақ моғол мемлекеті ұзақ ҿмір сүре алмай 1207 жылы
бҿлшектеніп, жұрты құлдыққа түсіп зар илеген моғол халқы 1346 жылда Болатшы Дулат
негізін құрған Моғолстан хандығына бірікті. Ҿзі Шыңғысхан ұрпағынан болмағандықтан
таққа Тоғылық Темірді отырғызған. Хан оған «ұлысбегі» лауазымын беріп, оған «ханға
айтпай ҿз бетімен қосынның ҽмірін немесе мың нҿкердің (ҽмірін) тағайындап орнынан
ала алу» құқығын берген. «Ұлысбегі» мұрагерлік болған. Ең соңғы ұлысбегі Мүхаммед
Хайдар Дулати болған.
Бұл мемлекеттер патриархалды-феодалдық мемлекеттер болып, олардың ҿздері жер-
су, жайылымы жақсы жайлау үшін бір-бірімен соғысып, талас-тартыста болса, ал ҿз
ішінде де хандық ҿкімет үшін, билік үшін талас-тартыста болды. Сондай саяси жҽне
ҽлеуметтік-экономикалық талас-тартыстың шиеленісіп шегіне жеткен жері, Ҽбілхайыр
хандығы болды. XV ғасырдың орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан-
байтақ жерді алып жатқан бұл мемлекеттің ішіндегі билік үшін күрес бір сҽт те толастаған
жоқ. Ҽбілқайыр хан ҿзінің саяси дұшпандарын – Жошы ҽулетінен шыққан сұлтандарды
қудалауын тоқтатпады. Билік үшін күрес барысында Дешті Қыпшақтан ҿздерін қолдайтын
жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шҿберелері Керей жҽне Жҽнібек сүлтандар
1456 жылы кҿшпелі жҽне жартылай кҿшпелі халықтың ҿздеріне тҽуелді тайпалар
топтарын біріктіріп Шу ҿзенінің бойына кҿшіп кетті. Оларға Моғолстан ханы Есен Бұға
Қозыбасы иелігін берді. Бұл жерде:
Достарыңызбен бөлісу: