Бекітемін Оқу жұмысы және жаңа технологиялар



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата22.04.2023
өлшемі480,48 Kb.
#175158
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Әдебиеттануға кіріспе

Әдістемелік нұсқауы: 
Сөз өнеріне қатысты мәселелерге жан-жақты тоқталу. Өнер түрлерінің
ішіндегі ең бастысы – сөз өнерінің дамуы, қалыптасуына зер салу. Сөз өнерін
зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен танысып, пікірлерін салыстыра зерттеу.
Пайдаланылатын әдебиет:
1 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы, 1992 ж.
2 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы.- Алматы, 1969ж.
3 Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері.- Алматы,1990ж.
4 Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы, 1992ж.
5 Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе.- Алматы, 1991ж.
Бақылау сұрақтары:
1 Сөз өнері дегеніміз не?
2 Әдебиеттану қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
3 Әдебиеттанудың салалары қандай?
4 Әдебиеттанудың қосымша салалары қандай?
5 Әдебиеттануды зерттеуші ғалымдар кім?
Тақырып №2: Образ ораздылық. Образдық түрлері.
Мақсаты:
Көркем шығармадағы көркем образ және оның түрлеріне; типтік бейне,
прототип, әдеби тип, шындық және суреттілік, жинақтау мен даралау, мінез,
портрет т.б. ұғымдармен таныстырып толық түсінік беру.


Жоспары:
1 Образ туралы түсінік
2 Көркем бейненің түрлері
3 Әдеби тип. Прототип.Типтендіру мен жинақтау
4 Қоғамдық идеал. Мінез

 
Дәстүр мен жаңашылдық
Мазмұны:
Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. Әдебиеттің
обьектісі- өмір, предметі – адам екендігі.Әдебиетте адам бейнесін жасаудың
алуан түрлі амалдары. Образбен ойлаудың ерекшеліктері. Өнердің өмірді
бейнелеу ерекшеліктері. Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арқауы емес,
өмірді танудың өзгеше тәсілі. Ойдан шығару – образдарға барар жол;
суреткерлердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың
тәсілі. Жинақтау үшін суреткерге керектігі – талғампаздық. Образдылық –
суреттілік, сөздігі сурет. Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау –
мінезге әкеледі. Кейіпкер туралы түсінік. Ұнамды кейіпкер – тарихи категория.
Адам тағдыры - өмірді танудың өзгеше тәсілі екендігі. Қаламгер
фантазиясының көркем бейне жасаудағы ролі. Жинақтау мен даралаудың
қызметі. Образ-адам-көркем бейне. Образ көркем суретті сөз. Суретті сөздің
пайда болу жолдары.Көркем әдебиеттің образ жасаудағы құралы – сөз. Әр
адамда болатын ерекшеліктерді жазушылардың бір образда көрсетушіліктері –
шығармашылық қиялдың атқаратын жұмысы. Шығармашылық қиял туралы
түсінік. Жазушылардың көркем қиял арқылы жасайтын образдары. Көркем
шығармадағы деталь. Типтік образдардың қасиеті. Даралаудың мінез
жасаудағы қызметі. Мінез – адамның психологиялық ерекшелігі. Тура және
жанама мінездеу. Образ жасау туралы қазіргі пайымдаулар. Тип және
прототип. Қаламгердің портрет жасау жолындағы ізденімтері. Портрет және
мінездің өзара бірлігі туралы. Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек,
жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні. Романтикалық және реалистік
образдар. Олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары. Лирикалық,
эпикалық, драмалық образдар. Лирикалық образдың шарттылық қасиеті.
Лирикалық бейне мен ақынның өз бейнесінің арақатынасы. Лирикадағы
нәзіктік пен сыршылдық. Эпикалық образдың толық жинақталған, жеке
дараланған тип екендігі. Эпикалық образ сомдаудағы суреткер мүмкіншілігі.
Бұл образдың нақтылығы мен заттылығы. Драмалық образдың көзбе-көз,
қолма-қол жасалатын бейне екендігі. Драмалық образ жасаудағы қимылдың,
іс-әрекеттің, тартыстың ролі. Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан
жіктелуі. Юморлық, сатиралық, трагедиялық, қаһармандық, фантастикалық,
комедиялық, геройлық т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет