Жазушылардың өмір құбылысының керекті жағын таңдап алып, оны өз
елегінен өткізіп, өз көзқарасы тұрғысынан суреттеу қажеттілігінен барып, әр
түрлі шығармашылық әдіс, тәсіл туады. Әдеби әдіс пен әдеби стильге жалпы
түсінік. Әдебиет дамуының заңдылықтары.Әдебиет және фольклор. Әдебиеттің
қалыптасуы.Әдебиет дамуының тарихи кезеңдері, мәдени-тарихи дәуірлері.
Әдеби байланыстар. Дәстүр мен жаңашылдық. Әдебиетті нақты тарихи және
салыстырмалы типологиялық тұрғыда зерттеу. Әдебиеттің жаппай
дамуы.Көркемдік әдіс, әдеби ағым, бағыттар туралы түсінік. Бағыттар мен
ағымдарды бағалау, таңдау принципі бойынша қалыптасуы.
Әдіс бірлігі, тақырып бірлігі, қаһармандық бірлігі туралы түсінік. Көркемдік әдіс,
әдеби әдіс, шығармашылық әдіс. Романтизм, реализм әдістері. Классицизм,
сентиментализм, натурализм, формализм, футуризм т.б. бағыттарға толық
түсінік беру. Осы әдіс, бағыттар туралы ғалымдар пікірлері. Әдебиеттегі
негізгі бағыттар. Әдіс және стиль. Стиль туралы түсінік. Стиль ұғымы ғылым
мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты әр
бөлек. «Стиль-адам» афоризмі. Стильдің жазушы шығармашылығындағы көрінісі
күрделі. Әр стиль- бір-ақ суреткердің өнеріне тән ерекшелік. Стиль-дара қасиет.
Стиль және шығармашылық ерекшелік. Стиль туралы ғалымдар пікірлері.
Қ.Жұмалиевтің «Стиль-өнер ерекшелігі» туралы еңбегі.
Достарыңызбен бөлісу: