Әдістемелік нұсқауы:
Проза мен поэзияның айырмашылығына тоқталу. Поэзияның
әдебиеттанудағы орнын айқындау. Поэзияға қатысты мәселелерге толық зер
салу. Көркем туындыдан өлең құрылысына байланысты талдау жасау.
Пайдаланылатын әдебиет:
1 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы, 1992 ж.
2 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. -Алматы, 1969ж.
3 Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. -Алматы,1990ж.
4 Қабдолов З. Сөз өнері.- Алматы, 1992ж.
5 Ахметов З. Поэзия шыңы –даналық. -Астана,2002ж.
Бақылау сұрақтары:
1 Проза дегеніміз не?
2 Поэзия дегеніміз не?
3 Поэзияның қандай түрлері бар?
4 Өлең жүйелері туралы не білесіз?
5 Ұйқас дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
Тақырып №6: Тек пен түр
Мақсаты:
Әдебиеттің тектері (эпос, лирика, драма) мен түрлеріне (шағын, орта, ұзақ
көлемді шығармалар; ода, толғау, сонет, баллада т.б.; комедия, трагедия, драма)
шолу жасау. Жанр туралы А.Байтұрсынұлының т.б. ғалымдар зерттеулерімен
таныстыру.
Жоспары:
1 Жанр туралы түсінік
2 Жанрдың түрлері
3 Жанр туралы ғалымдар классификациялары
4 Эпикалық жанр және оның түрлері
5 Лирикалық жанр және оның түрлері
6 Драмалық жанр және оның түрлері
Мазмұны:
Әдебиеттің тегі мен түрлеріне жалпы түсінік. Әдеби жанр терминінің шығу
тегі. Әр жанрдың әдеби түр ретінде тууы мен дамуының негізінде мазмұнның
құбылуы туралы. Әдебиеттің әдеби жанр жағынан дамуы. Әрбір әдеби шығарма-
белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Әрбір әдеби туындының жанрлық
табиғаты әр алуан. Жанрдың тектері : эпос, лирика, драма туралы ұғым. Эпос
теминінің шығу тегі.Эпос, лирика, драманың ерекшеліктері. Әдеби жанрлардың
суреттейтін құбылыстары.Эпос - жан-жақты жанр. Эпостағы оқиға. Эпостың
іштей түрлері: шағын көлемді (миф, аңыз, мысал, новелла, әңгіме, фельетон,
ертегі т.б.), орта көлемді (поэма, повесть), кең көлемді (роман, дилогия,
трилогия, роман-эпопея); лириканың іштей түрлері: арнау, толғау, сонет,
эпиталама, эпиграмма, эпитафия, баллада, идиллия, элегия, т.б.); драманың
іштей түрлеріне: трагедия, комедия, драма туралы түсінік. Лириканың
қаһарманы-ақынның өзі. Лирикалағы мінез. Драмалық шығарманың құрылу
шарты. Драматургия туралы түсінік. Драмадағы образ. Драмадағы шешуші нәрсе-
тартыс. Жүниежүзілік драматургиядағы драманың тұңғыш үлгілері және ұлы
драматургтері.(эсхил, Софокл, Эврипид т.б.). Жазушы-ғалымдардың жанр
туралы пікірлері, еңбектері, клссификациялары.Жанр мәселесі маңындағы
шартты пікірлер. Жанр даму үстіндегі ұғым. Эпос адам мінезін терң ашып,
жан-жақты танытатын күрделі жанр. Лириканың шындықты адамның көңіл-күйі
мен ой-сезіміне астастыра суреттейтін психологиялық қасиеті.Аристотель,
Гегель, Белинскийлердің поэзияның түрі мен тегі туралы ойлары.
Жанрлардың өзара байланысы және шартты шекаралары. Түр – жанрдың
жеке, нақты көрінісі. Көркем шығарманың жанрлық-түрлік өзіндік
ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |