Бекітемін Оқу жұмысы және жаңа технологиялар



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата22.04.2023
өлшемі480,48 Kb.
#175158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Әдебиеттануға кіріспе

-дағдысы болуы керек:
 
Әдебиеттануға кіріспе пәнінен өтілген барлық тақырыптарды толық
меңгеріп, тәжірибеде қолдана алуы.
3


-құзыретті болуы керек:
 
Әдебиеттің өнер ретінде ерекшелігі жайында; Әдебиеттану - сөз
өнерін зерттейтін ғылым екендігі туралы; Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу
тарихы жөнінде; Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар туралы;
Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы жайында; Образ және образдылық,
образдың түрлері туралы; Мазмұн мен пішін туралы ұғым, олардың бірлігі, ғалымдар
пайымдаулары жайында; Тіл – адам баласының бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын
құралы туралы; Өлең туралы ғылыми пайымдаулар және өлең өлшемдері туралы,
Әдебиеттің тектері мен түрлері туралы. Әдеби процесс туралы толық әрі жан-жақты
ғылыми тұрғыда ой-толғамдар жасай білуде құзыреттіліктері болуы керек. 
4


2 Пәннің мазмұны
 
 1.
Кіріспе.
Әдебиеттің өнер ретінде ерекшелігі.
Сөз өнері жайлы алғашқы
топшылаулар. Қазақстанда әдебиет туралы ғылымның туу, қалыптасу кезеңдері.
Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және
айырмашылығы. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі
қызметі. Оның эстетикалық сипаты. Сөз өнерінің өнер атаулының ең қиын және
күрделі түрі екендігі. Өнер туралы қазіргі түсініктер мен пайымдаулар. Өнер мен
әдебиеттің өмірді образды бейнелеудегі қызметі. Сөз өнерін жасаушы суреткер
шеберлігі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. Қаламгердің қоғамдық тұлғасы. Өнер
иесінің талант табиғаты жайлы ой-пікірлері. Суреткердің азаматтық бітім-болмысы.
Жазушы-ақындардың әрқилы ерекше қасиеттері туралы ойлары. Көркем әдебиеттің
қоғамдық мәні. Әдебиеттің таным тарапындағы маңызы. Әдебиеттің тәрбиелік
қасиеті. Әдебиеттің эстетикалық сипаты. Әдебиеттің халықтығы мен ерекшеліктері
туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет