Бекітемін Оқу жұмысы және жаңа технологиялар



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата22.04.2023
өлшемі480,48 Kb.
#175158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Әдебиеттануға кіріспе

Образдың түрлері. 
Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек, жасалу тәсілі
жағынан бөлудің ғылыми мәні. Романтикалық және реалистік образдар. Олардың
ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары. Лирикалық, эпикалық, драмалық образдар.
Лирикалық образдың шарттылық қасиеті. Лирикалық бейне мен ақынның өз
бейнесінің арақатынасы. Лирикадағы нәзіктік пен сыршылдық. Эпикалық образдың
толық жинақталған, жеке дараланған тип екендігі. Эпикалық образ сомдаудағы
суреткер мүмкіншілігі. Бұл образдың нақтылығы мен заттылығы. Драмалық образдың
көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне екендігі. Драмалық образ жасаудағы
қимылдың, іс-әрекеттің, тартыстың ролі. Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан
жіктелуі. Юморлық, сатиралық, трагедиялық, қаһармандық, фантастикалық,
комедиялық, геройлық т.б. 
 3. Мазмұн мен пішін туралы ұғым, олардың бірлігі, ғалымдар пайымдаулары.
Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен арақатынасы.
Мазмұнның пішінге қарағанда басымдылығы. Мазмұнның көркем әдебиетте тақырып
пен идеяға негізділігі, пішіннің образдар жүйесіне қатыстылығы. Әсемдіктің өмір мен
өнердегі қызметі. Эстетика туралы түсінік. Негізгі эстетикалық категориялар.
Эстетикалық сезім мен талғам. Көркем пішіннің ажырамас бірлігі мен бейнелілігі.
Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы және пішіннің өзгермелі қасиеті. Көркем
шығармадағы мазмұн мен пігінге қатысты қазіргі ғылыми ой-тұжырымдар. Өнер
туындысының тақырыбы туралы пайымдаулар. Көркем шығарманың тақырыбы
туралы түсініктер. Тақырып табу және шығармашылық процесс. Тақырып пен
идеяның тығыз байланысы. Шығарма тақырыбы және онда көрініс табатын шындық
өмірдің мәні мен мазмұны. Кез-келген шығарма белгілі бір идеяны үндейді. Ал қандай
6


идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделінеді.
Көркем шығарманың идеясын айқындау тек оның мазмұнын ғана айту емес, сол идеяны
образ арқылы (адам образы) оқырманның ой-сезіміне қалай жететіндігін ашу.
Шығармадағы оқиға байланысы, дамуы, дәлелденуі, шарықтау шегі, шешуі – жалпы
құрылысы, адам образы, олардың жасалу жолдары – бәрі шығармадағы негізгі идеяны
оқырманға жеткізу үшін керек нәрсе. Шығарманың идеясын ашу үшін ең шешуші орын
алатыны – адам образы. Негізгі идея. Оның алғышарттары мен принциптері. Авторлық
идея және шығармашылық фантазия. Обьективті идея. Оның шығу тенденциялары.
Қаламгар идеясының обьективтілік ерекшеліктері мен субьективтілік қасиеті.
Идеяның күрделілігі. Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-
қатынасы, тартыстың нақты көрінісі екендігі. Өмірдегі тартысты қайшылықтардың
өнер шығармасындағы көрініс табу ерекшеліктері. Тартыстың көркем шығармадағы
мәні мен маңызы, оның қозғаушы күш екендігі. Оқиғаның құрылыс тәртібі. Сюжет пен
фабула. Лирикалық шығармадағы сюжет. Сюжетсіз шығармалар. Композиция –
көркем шығарма құрылысы, образдың өзара жүйелі байланысуы. Композицияның
негізгі композициялары. Көркем шығарма композициясының негізгі талабы. Көркем
шығарма композициясының жанрлық ерекшеліктері. Шығарма композициясының
уақыт пен кеңістік. Сюжет пен композицияның өзара бірлігі. Пролог пен эпилог
туралы қазіргі ой-пікірлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет