Жеке мәліметтер
Өтініш беру үшін жеке мәліметтерді енгізу қажет (15-сурет):
1)
Байланыс телефонын енгізу;
2)
Мамандығын (біліктілігін) және жоғары оқу орнында оқыған жылдар аралығын
көрсету;
3)
Қандай біліктілік санаты бар және оның жарамдылық мерзімін көрсету;
4)
Тестіленушінің өтініш беріп отырған біліктілік санатын таңдау;
5)
Егер тестіленушінің көру қабілеті бойынша мүгедектігі болған жағдайда «Көру
қабілеті бойынша мүгедектік» деген ұяшыққа белгі қою.
15-сурет-«Өтініш» парақшасы. «Жеке мәліметтер» бөлімі
Жұмыспен қамтылған
«Жұмыспен қамтылған» бөлімі келесі тестілеу типтерін таңдағанда толтырылады:
-
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары;
-
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының
әдістемелік кабинеттерінің
(орталықтарының) әдіскерлері үшін;
-
Жалпы орта білім беру ұйымдары;
-
Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері;
-
Қосымша білім беру ұйымдары;
-
Интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін;
-
Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін;
-
Қосымша
білім
беру
ұйымдарының
әдістемелік
кабинеттерінің
(орталықтарының) әдіскерлері үшін;
-
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары.
Бұл бөлімде тестіленушінің жұмыс істейтін білім беру ұйымын көрсету керек (16-
сурет). Ол үшін екі жол бар:
1)
Ұйымның БСН-і арқылы іздеу – тиісті
өріске ұйымның БСН енгізіп, «БСН
бойынша білім беру ұйымын іздеу» батырмасын басу;
2)
Ұйымның орналасқан орны бойынша іздеу.
Егер іздеу сәтті аяқталса, «Жұмыс орны» өрісінде ұйымның атауы көрсетіледі.
16-сурет-«Өтініш» парақшасы. «Жұмыспен қамтылған» бөлімі
«Білім беру ұйымдарының басшылары үшін» тестілеу
типін таңдаған жағдайда
«Жұмыспен қамтылған» бөлімінде жұмыс орны мен тестіленуші басшы (директор) болып
табылатын ұйымның түрін таңдау қажет (17-сурет).
17-сурет-«Өтініш» парақшасы. Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған
«Жұмыспен қамтылған» бөлімі
Оқу орны
«Оқу орны» бөлімі келесі тестілеу типтерін таңдағанда толтырылады:
-
Педагогикалық
бағыттар
бойынша
ЖЖОКБҰ-ның
білім
алушылары
(бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
-
Педагогикалық бағыттар бойынша колледж білім алушылары.
Бұл бөлімде тестіленуші білім алатын білім беру ұйымын таңдау қажет (18-сурет).
Ол үшін ашылатын тізімнен облыс және ЖОО-ны таңдау қажет.
18-сурет-«Өтініш» парақшасы. ЖЖОКБҰ және колледж білім алушыларына арналған
«Оқу орны» бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: