Тізім әдістері және пайдалы ішкі функциялар
Әдіс (функция)
Сипаттамасы
арреnd(мән)
Тізім соңына мән қосады
index (мән)
Көрсетілген мәнге тең алғашқы элементтің индексін қайтарады. Егер
мұндай мән тізімнен табылмаса, онда
ValueError
аластамасы шақырылады
insert (индекс,
мән)
Мәнді тізімдегі берілген индекс позициясына қояды. Тізімге мән енгізіліп
қойылған соң, тізім көлемі ұлғаяды. Бұрын осы орында тұрған мән және
одан кейінгілері тізім соңына қарай бір орынға ығысады. Егер көрсе-
тілген индекс дұрыс болмаса да, аластама туындамайды. Егер берілген
индекс тізім соңынан асып кетсе, мән тізім соңына қосылады. Егер теріс
индекс беріліп, ол мүмкін емес орынды көрсетсе,мән тізім басына қосылады.
sort ()
Тізім мәндерін олардың өсуі бойынша (ең кіші мәннен ең үлкен мәнге
қарай) сұрыптайды.
rеmоvе(мән)
Мәннің тізімдегі алғашқы табылғанын өшіреді. Егер мұндай мән тізімде
жоқ болса, онда
ValueError
аластамасы туындайды.
reverse ()
Тізімдегі мәндердің орындарын ауыстырып, оларды кері бағытта реттеп
шығады.