Программалар құру -9 дәріс Тізімдер және кортеждер Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет7/32
Дата24.04.2023
өлшемі2,52 Mb.
#175266
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
8-9- дәріс - Тізімдер мен кортеждерМ

Сұрақтарға жауап берейік
7.1. Төмендегі код фрагментінің нәтижесі қандай? 
numbers = [1, 2, 3, 4, 5] 
numbers[2] = 99 
print (numbers) 
7.2. Төмендегі код фрагментінің нәтижесі қандай?
numbers = list(range(3)) 
print(numbers) 
7.3. Төмендегі код фрагментінің нәтижесі қандай?
numbers = [10] * 5 
print (numbers) 
7.4. Төмендегі код фрагментінің нәтижесі қандай?
numbers = list(range(1, 10, 2)) 
for n in numbers: 
print (n) 


Сұрақтарға жауап берейік
7.5. Төмендегі код фрагментінің нәтижесі қандай?
numbers = [1, 2, 3, 4, 5] 
print(numbers[-2])
7.6. Тізімдегі элементтер санын қалай анықтайды? 
7.7. Төмендегі код фрагментінің нәтижесі қандай?
numbers1 = [1, 2, 3]
numbers2 = [10, 20, 30]
numbers3 = numbers1 + numbers2
print (numbers1) 
print(numbers2) 
print(numbers3) 
7.8. Төмендегі код фрагментінің нәтижесі қандай?
numbers1 = (1, 2, 3) 
numbers2 = (10, 20, 30) 
numbers2 += numbers1 
print(numbers1) 
print(numbers2) 


9. Тізім бөлігін көшіріп қиынды алу

Тізбектен оның қатар тұрған бірсыпыра элементтерін бөліп 
(қиып) алуға болады, оларды қиынды деп атайды. 

Қиынды
– бұл тізбектен бөліп алынған элементтер диапазоны. 
Тізім қиындысын бөліп алу үшін, мынадай форматтағы өрнек 
жазылады: 
тізім_аты [басы : соңы] 

Бұл форматтағы
басы
– бұл қиындының бірінші элементінің
индексі,
соңы
– қиынды соңының индексі. Бұл өрнек
басынан
соңына
(бірақ соңғы элементтің өзі алынбайды) дейінгі элемент-
тер көшірмесінен тұратын тізім қайтарады.


Тізім бөлігін көшіріп қиынды алу

Мысалы, мынадай тізім құрылған болсын: 
days = ['дүйсенбі','сейсенбі','сәрсенбі','бейсенбі', 'жұма', 'сенбі', 
'жексенбі']

Келесі нұсқау осы тізімнен оның 2-индексінен 5-индексіне дейінгі
элементтерді көшіріп алатын қиынды жасайды: 
mid_days = days[2:5] 

Бұл нұсқаудан соң 
mid_days
айнымалысы төмендегі тізімге сілтеме 
жасайтын болады: 
['Сәрсенбі', 'Бейсенбі', 'Жұма'] 

Енді қиынды алу әрекеті қалай орындалатынын көру үшін 
интерактивті режимді пайдаланайық. 


Тізім бөлігін көшіріп қиынды алу
>>> 
numbers = [1, 2, 3, 4, 5]
Enter
>>> 
print(numbers)
Enter
[1, 2, 3, 4, 5]
>>> 
print(numbers[1:3]) 
Enter
[2, 3) 
>>> 

Мұндағы 1-жолда [ 1, 2, 3, 4, 5 ] тізімі 
numbers
айнымалысына 
меншіктелді. 

2-жолда 
print
функциясына аргумент ретінде 
numbers
айнымалы-
сы берілді. 
print
функциясы келесі жолға тізімді шығарды. 

4-жолда numbers [1:3] қиындысы жасалып, ол аргумент ретінде 
print функциясына берілді де, ол қиындыны экранға шығарды. 


Тізім бөлігін көшіріп қиынды алу

Егер қиынды алу кезінде бірінші индекс көрсетілмесе, ол 
0
бып сана-
лады. Ал оның соңы берілмесе, онда ол тізім соңына шейін толық 
алады. Келесі мысалдарды интерактивті режимде қарастырайық:
>>> numbers = [1, 2, 3, 4, 5) 
Enter
>>> print(numbers) 
Enter
[1, 2, 3, 4, 5) 
>>> print(numbers[:3]) 
Enter
[1, 2, 3] 
>>> numbers = [1, 2, 3, 4, 5]
Enter
>>> print(numbers) 
Enter
[1, 2, 3, 4, 5] 
>>> print(numbers[2:]) 
Enter
[3, 4, 5] 
>>> 


Тізім бөлігін көшіріп қиынды алу

Бұған дейінгі қиынды алу мысалдарында қатар орналасқан элемент-
терді көшіріп алу орын алған еді. Қиынды алу өрнектері қадам арқылы
әр жерде орналасқан элементтерді де көшіріп ала алады. Төмендегі
жұмыс сеансы интерактивті режимде қиындыларды қадаммен алу
мысалын көрсетеді:
>>> numbers = [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10] 
Enter
>>> print(numbers) 
Enter
[1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10] 
>>> print(numbers[1:8:2]) 
Enter
[2, 4, 6, 8] 
>>> 

Мұндағы 4-жолдағы үшінші сан қадамның 2 екендігін көрсетеді. Ол 
берілген тізім аралығынан қиындыға әрбір екінші элемент 
алынатындығын білдіреді. 


Тізім бөлігін көшіріп қиынды алу

Қиынды алу өрнектерінде 
қадамды теріс сан 
ретінде де беруге болады, ол 
элемент нөмірін тізімнің артынан кері қарай саналатынын білдіреді. Мұнда 
теріс индекс тізім ұзындығына қосылады да, элемент нөмірі анықталады. 
Төмендегі мысалды көрейік:
>>> numbers = [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10] 
Enter
>>> print(numbers) 
Enter
[ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10] 
>>> print(numbers[-5:]) 
Enter
[6, 7, 8, 9, 10] 
Ескерту
: Қиынды алу кезінде индекстерді дұрыс көрсетпеу аластама 
шақырмайды:
- егер соңғы индекс қате болса, оның орнына тізім ұзындығы алынады;
- егер бастапқы индекс қате болса, оның орнына 0 алынады;
- егер бастапқы индекс соңғы индекстен артық болса, қиынды бос тізім қайтарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет