3. Қайталау операторы
•
*
символы екі санды көбейтеді. Бірақ
*
символының сол жағында тізбек
(мысалы, тізім) тұрса, ал оң жағында бүтін сан болса, ол қайталау операто-
ры болып шығады. Қайталау операторы тізімнің көптеген көшірмелерін
жасайды да, оларды біріктіреді. Бұл операцияның жалпы форматы:
тізім * n
•
Бұл форматтағы
тізім
– өңделуге тиіс тізім,
n
– жасалатын көшірмелер
саны. Төменде келтірілген интерактивті сеанс осы әрекеттер ісін көрсе-
теді:
1 >>> numbers = [0] * 5
Enter
2 >>> print(numbers)
Enter
3 [0, 0, 0, 0, 0]
4 >>>
Қайталау операторы
Бұл орындалған амалдардың әрбір жолын қарастырайық.
•
1-жолдағы
[0]*5
өрнегі
[0]
тізімінің бес көшірмесін жасайды да,
оларды тізімге біріктіреді. Сонда алынған тізім
numbers
айныма-
лысына меншіктеледі.
•
2-жолдағы
numbers
айнымалысы
print
функциясына беріледі.
Функция нәтижесі 3-жолда экранға шығарылады.
Интерактивті режимнің тағы бір мысалы:
1 >>> numbers = [ 1, 2, 3] * 3
Enter
2 >>> print(numbers)
Enter
3 [1, 2, 3, 1, 2, 3, 1, 2, 3]
4 >>>
Қайталау операторы
•
Көптеген программалау тілдері тізбектер түріндегі құрылымдарды
пайдаланады, оларды
жиым
(
array-массив
) деп атайды. Жиымдар
тізімдер тәрізді, бірақ олардың Python тізімдеріне қарағанда, мүм-
кіндіктері шектеулі болып келеді.
•
Python тілінде жиымдарды да құруға болады, тізімдер солардың
орнына жүреді. Тізімдердің ішкі мүмкіндіктері жиымдардан жоғары
болып саналады.
•
Басқа тілдердегі сияқты жиымдар құру мүмкіндігі стандартты
кітапхананың
array
модулі арқылы немесе Python тілінің басқа
кітапханалары көмегімен (мысалы,
numpy)
жүзеге асырылады.
|