5. Индекстеу
•
Тізімнің жеке элементтеріне қол жеткізу (пайдалану) үшін индекс-
терді қолдану жүзеге асырылған. Тізімнің әрбір элементі жиымдар
тәрізді тізімдегі орын нөмірін индекс ретінде қабылдайды.
•
Индекстеу 0-ден басталады да, біртіндеп өсе береді: 0, 1, 2 және
т.с.с. Ең соңғы элемент индексі тізім элементтерінің санынан 1-ге
кем болады.
•
Мысалы, төмендегі нұсқау 4 элементтен тұратын тізім құрады:
my_list = [10, 20, 30, 40]
•
Мұндағы элементтер индексі –
0, 1, 2
және
3
. Осы тізім
элементтерін
келесі нұсқау басып шығарады:
print(my_list[0], my_list[1], my_list[2], my_list[3])
Мұны цикл арқылы да орындай аламыз.
Индекстеу
index = 0
while index < 4:
print(my_list[index])
index += 1
•
Тізім соңынан кері қарай да индекстерді
теріс таңбамен беру
қарастырылған. Элементтің индексін табу үшін, мұнда индекске
тізім ұзындығын қосылып отырады. -1 индексі ең соңғы элементті
көрсетсе, -2 – соңғының алдындағы элементті тағы солай
жалғастырып индекстей береді. Мысалы:
my_list = [10, 20, 30, 40]
print(my_list[-1],my_list(-2],my_list[-3],my_list[-4])
Бұлардың нәтижесін print функциясы былай көрсетеді:
40 30
20
10
Индекстеу
•
Тізім индексінің нөмірі шектен асып кетсе,
IndexError
(индекстеу қатесі)
аластамасы туындайтын болады. Мысалы, келесі келтірілген код фраг-
менттерін орындасақ:
# Бұл код фрагменті IndexError аластамасын туындатады.
my_list = [10, 20, 30, 40]
index = 0
while index < 5:
print(my_list[index])
index += 1
•
Бұл цикл жұмысын аяқтағанда, index айнымалысына 4
мәні меншіктеледі,
ал ол мұнда мүмкін болмайтын индекс нөмірі болып табылады. Осының
нәтижесінде
print
функциясын орындайтын жол
IndexError
қатесін шақырады.