«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
71
30
Шартты және келісімшартты міндеттемелер мен операциялық тәуекелдер (жалғасы)
Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес Топтың парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар сатып
алу бойынша заңды міндеттемелері бар. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша парниктік газдар
шығарындыларына қосымша квоталар сатып алуға арналған резервтің баланстық құны 2,438,179 мың теңгені
құрады (2020 жылғы 31 желтоқсан: жоқ). Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 295-бабының 1-
тармағына сәйкес квоталау субъектісі Ұлттық көміртегі квоталары жоспарының қолданылу кезеңінде
квоталанатын қондырғының қуаты ұлғайған жағдайда негізгі көміртегі квотасының көлемі болмаған немесе
жеткіліксіз болған жағдайда қосымша көміртегі квотасын алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органға жүгінеді. Электр энергиясына сұраныстың артуына байланысты өндіріс көлемінің ұлғайғанын
ескере отырып, Топта парниктік газдар шығарындыларына квоталар тапшылығы тәуекелі пайда болды. 2022-
2025 жылдарға арналған Ұлттық көміртегі квоталары жоспарының жобасында қызметтің электр энергетикасы
саласы үшін көміртегі квоталарының көлемі бөлінді. Топ үшін электр энергиясын жоспарлы өндіруге және өнім
бірлігіне парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентіне байланысты 2025 жылға дейін
көміртегі квоталарының көлемі белгіленген.2021 жылғы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қазақстан
Республикасының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Экологиялық кодексіне қол қойды. Жаңа
экологиялық кодекске сәйкес 2025 жылдан бастап ТОП-50 кәсіпорын өз еркімен кешенді экологиялық рұқсатқа
(бұдан әрі – «КЭР») көшеді. ТОП-50 кәсіпорынға «АлЭС» АҚ және ЕГРЭС-1 енгізілді. Бұл құжат
кәсіпорындардан ең озық қолжетімді технологияларды (бұдан әрі – «ОҚТ») енгізуді және ОҚТ-ға тән
эмиссиялар нормативтеріне сәйкестікті талап етеді. ОҚТ тізбелерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеуі тиіс. Кәсіпорындардың КЭР-ге ауысуының бүкіл процесі
ерікті болып табылады, алайда егер кәсіпорын КЭР-ге көшу туралы шешім қабылдаса, онда ынталандыру
шарасы ретінде ол эмиссия үшін төлемдерден босатылады, ал егер бас тартса, онда эмиссия үшін төлемдер
2025 жылдан бастап 2 есе, 2028 жылдан бастап 4 есе, 2031 жылдан бастап 8 есе артады. «АлЭС» АҚ
станцияларды жаңғыртуды іске асырудың басында КЭР-ге тиісінше ауыса отырып, өзінің энергия көздерінде
ең озық қолжетімді технологияларды енгізу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ГРЭС – 1
шығарындыларды азайту үшін жанарғы құрылғыларды қайта құру және шаң шығарындыларын азайту үшін
сүзгілерді қайта жаңарту бойынша 2025-2034 жылдарға арналған жабдықты қайта жаңартудың алдын ала
жоспары әзірленуде. 2021 жылғы 31 желтоқсанда жаңа экологиялық кодекстің енгізілуі Топтың
шоғырландырылған қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: