«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет13/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
18 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Негізгі құралдар 
(i) 
Тану және кейінгі бағалау 
Негізгі құралдар қажет болған жағдайда, бастапқы құнынан құнсыздану резервісі және жиналған тозуы 
алыныпкөрсетіледі. Бастапқы құн активті орынға жеткізумен және нысаналы мақсат үшін оны жұмыс 
жағдайына келтірумен тікелей байланысты сауда жеңілдіктері мен қайтарып алудан, сондай-ақ кез келген 
шығындар шегерілген сатып алу құнынан, оның ішінде импорт баждары мен сатып алу бойынша 
қайтарылмайтын салықтардан тұрады. Шаруашылық тәсілмен әзірленген немесе тұрғызылған негізгі құралдар 
объектілерінің бастапқы құнына орындалған өндірістік жұмыстарға жұмсалған материалдардың құны мен 
өндірістік үстеме шығындардың бір бөлігі жатады.
Кейінгі шығындар осы активтің баланстық құнына енгізіледі немесе Топтың осы активті пайдаланған кезде 
экономикалық пайда табу мүмкіндігі болған жағдайда және оның құны дұрыс бағаланғанда ғана жеке актив 
ретінде көрсетіледі. Ауыстырылған бөліктің баланстық құны шығынға жазылады. Жөндеуге және техникалық 
қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық басқа шығындар туындауына қарай есептік кезең ішіндегі пайдаға 
немесе зиянға жатқызылады. 
Негізгі құралдардың істен шығуынан болған пайда немесе залал алынған өтем мен олардың баланстық 
құнының айырмасындағы сомада басқа да операциялық пайда мен зиянның құрамында жыл ішіндегі пайда 
мен залалда көрсетіледі.
 
 (ii) 
Тозу 
Жерге қатысты тозу есептелмейді. Негізгі құралдардың өзге объектілерінің тозуы олардың бастапқы құнын 
біркелкі шығынға жазу әдісі бойынша тиімді пайдалану мерзімі ішінде объектілерді жою құнына дейін 
есептеледі, атап айтқанда: 
Тиімді пайдалану мерзімі (жылдар саны) 
Ғимараттар мен құрылыстар 
8 - 100 
Машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары 
2 - 50 
Басқалар 
3 - 20 
Активтің тарату құны Топ осы сәтте активтің мерзімі мен техникалық жағдайы оны тиімді пайдалану мерзімінің 
соңында күтілетін нәтижеге сәйкес келеді деген пайымдауға сүйене отырып, сатуға жұмсалған шығындарды 
шегергендегі сатудан алынуы мүмкін соманы бағалау болып табылады. Топ объектінің физикалық қызмет ету 
мерзімі аяқталғанша, оны пайдаланамыз деп шешсе, активті тарату құны нөлге тең болады. Активтердің 
тарату құны мен оларды тиімді пайдалану мерзімдері қайта қаралады және, қажет болса, әрбір есептік 
кезеңнің соңында түзетіледі. 
(iii) 
Құнсыздану 
Әрбір есептік кезеңнің соңында басшылық негізгі құралдардың құнсыздану белгілерін анықтайды. Егер ең 
болмағанда осындай бір белгі анықталса, басшылық екі шаманың ең үлкені ретінде анықталатын өтелетін 
соманы бағалайды: активті сату үшін жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құн және оны пайдалану 
құндылықтары. Активтің баланстық құны өтелетін құнға дейін азаяды; құнсызданудан болған шығын жылдық 
пайда мен шығында көрсетіледі. Егер активті пайдалану құндылығын анықтауға негізделген есептік 
бағалауларды немесе сатуға жұмсалған шығындарды шегергенде оның әділ құны өзгерсе, өткен есептік 
кезеңде танылған активтің құнсыздануынан болған шығын қалпына келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет