«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
24
2
Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы)
Жалға алуды ұзарту және тоқтату опциондары Топтың ғимараттарды жалдаудың
бірқатар шарттарында
көзделген. Бұл шарттар Топ өз қызметінде пайдаланатын активтерді басқару кезінде барынша операциялық
икемділікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Жалдауды ұзарту мен тоқтатуға арналған опциондардың
басым бөлігін тиісті жалға беруші емес, тек Топ орындауы мүмкін. Ұзарту опциондары (немесе жалдауды
тоқтатуға арналған опциондар шарттарында белгіленген мерзімнен кейінгі уақыт кезеңі) шарт
ұзартылатынына (немесе тоқтатылмайтындығына) жеткілікті сенімділік
болған жағдайда ғана жалдау
мерзіміне енгізіледі. Міндеттемелерді бағалауға, егер жалдау ұзартылатынына жеткілікті сенім болса, ұзарту
опциондарын орындау шеңберінде жүргізілетін жалдау төлемдері де енгізіледі.
Жалдау төлемдері жалдау шартында енгізілген пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып дисконтталады.
Егер бұл мөлшерлемені, әдетте, Топта бар жалдау шарттары жағдайында орын алатын жағдайда айқындау
оңай болмаса, Топ қосымша қарыз қаражатын тарту мөлшерлемесін пайдаланады – бұл Топ осындай
мерзімге және ұқсас қамтамасыз ету кезінде ұқсас экономикалық жағдайларда пайдалану құқығы нысанында
активтің құнына ұқсас құны бар активті алу үшін қажетті қарыз қаражатын тарта алатын мөлшерлеме.
Топтың қосымша қарыз қаражатты тарту мөлшерлемесін анықтау үшін:
мүмкіндігінше үшінші тараптан жақында алынған Қаржыландыру тобы туралы ақпаратты бастапқы ретінде
пайдаланады және оны үшінші тараптан қаржыландыру алған сәттен бастап кезеңдегі қаржыландыру
шарттарындағы өзгерістерді ескере отырып түзетеді,
несие тәуекелін ескере отырып түзетілетін есебі тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемеден басталатын өсіру
тәсілін
қолданады, және есептеу әдісі қолданылады, онда есептеу несиелік тәуекел үшін түзетілген
тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемеден басталады
жалға алу шартының ерекшелігін,
мысалы жалға алу мерзімін, елін, валютасын және қамтамасыз етуді
ескере отырып түзетулер жүргізеді.
Топ күшіне енгенге дейін жалдау міндеттемеде көрсетілмейтін индекске немесе мөлшерлемеге байланысты
болатын ауыспалы жалдау төлемдерін ықтимал ұлғайту тәуекеліне ұшырайды.
Индекске немесе мөлшерлемеге байланысты жалдау төлемдерінің өзгерістері күшіне енген кезде пайдалану
құқығы нысанында активтің құнын түзете отырып, жалдау бойынша міндеттемелерді қайта бағалау жүргізіледі.
Жалдау төлемдері міндеттемелердің негізгі сомасына және қаржылық шығыстарға бөлінеді.
Қаржылық
шығыстар әрбір кезең үшін міндеттемелердің өтелмеген қалдығы бойынша тұрақты мерзімдік пайыздық
мөлшерлемені қамтамасыз ету үшін жалдаудың барлық кезеңі ішінде пайда немесе шығын арқылы
көрсетіледі.
Жабдықтар мен көлік құралдарын қысқа мерзімді жалдау және құны төмен кез
келген активтерді жалдау
бойынша төлемдер пайда немесе шығын құрамындағы шығыстар ретінде желілік әдіспен танылады. Қысқа
мерзімді жалдау 12 айдан аспайтын мерзімге жалдау шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: