«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бас компаниясының ЕГРЭС-2-дегі үлесін сатып алуы 2019 жылғы желтоқсанда Топтың бас компаниясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ "Интер-РАО ЕЭЖ" ААҚ-тан
ЕГРЭС-2 үлесінің 50% сатып алғаны туралы жариялады және осылайша, ЕГРЭС-2-ге тікелей иелену үлесінің
50%
және топтағы үлес арқылы иелену үлесінің 50% толық бақылауға алды.
2020 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Топ бірлескен басқару туралы
келісімге қол қойды, оның шарттары мен ережелері негізінен топ пен «Интер-РАО ЕЭС» ААҚ арасындағы
бірлескен басқару туралы алдыңғы Келісімге ұқсас. Бірлескен басқару туралы келісімнің негізгі
тармақтарының бірі Тараптар арасындағы «операциялық және қаржылық басқарудың мерзімді ауысымдары»
туралы тараптардың келісімі болып табылады.
ЕГРЭС-2 жарғысына сәйкес ЕГРЭС-2-дегі пайданың үлесіне бірлескен кәсіпорынға өзінің қатысу үлесінің
шегінде ғана негізделе отырып Топтың құқығы бар және жарғыда немесе келісімде топтың бірлескен
кәсіпорынды басқарғаны үшін сыйақы алатыны көзделмеген.
Жоғарыда баяндалған факторларды және бірлескен басқару туралы келісімнің шарттарын ескере отырып,
басшылық топ СЭМАЭС-2 акционерлері құрылымының өзгеруі нәтижесінде ЕГРЭС-2-ге бақылау алған жоқ
деп есептейді. Тиісінше, Топ басшылығы бас компанияның үлесін сатып алған күннен бастап есепті күнге
дейінгі кезеңде бірлескен кәсіпорындағы топтың рөлі өзгерген жоқ деп есептегендіктен, ЕГРЭС-2-ге
инвестицияларды үлестік қатысу әдісімен есепке алуды жалғастыруда.
Әкімдік алдындағы берешек 2009 жылы АЖК Алматы қаласы әкімдігімен (бұдан әрі – «Әкімдік») АЖК-ның әкімдік алдындағы берешегін
өтеу туралы сот процесіне қатысты. 2014 жылғы 14 ақпанда әкімдік пен АЖК әкімдік алдындағы АЖК
берешегін реттеу тәртібі туралы бітімгершілік келісімге қол қойды,бұл ретте АЖК өзінің берешегін өтеу
есебінен басқаларымен қатар, коммуналдық меншіктегі және әкімдіктің сенімгерлік басқаруындағы электр
желілерін меншікке қабылдауға міндеттенеді. Бітімгершілік келісім шеңберінде өткен жылдар ішінде
жүргізілген барлық төлемдерді шегергендегі әкімдік алдындағы АЖК міндеттемелерінің сомасы
2021 жылғы 31 желтоқсанға 5,841,514 мың теңгені құрайды (2020 жылғы 31 желтоқсанда:
5,841,514 мың теңге).
2021 жылғы 31 желтоқсанда электр желілерін меншікке қабылдау аяқталған жоқ. Топ осы міндеттемені ол
төлемдерден босатылған кезде, яғни бітімгершілік келісім тараптарының барлық іс-әрекеттерін орындаған
кезде, атап айтқанда әкімдіктен электр желілерін меншікке қабылдаған кезде тануды тоқтатады. Бұл ретте топ
5,841,514 мың теңге мөлшерінде міндеттемені есептен шығарудан түскен пайданы таниды.