Талдау мақсаты
Спектакльді талдаудың үш түрлі тәсіл бар:
• Үдеріске бағытталған талдау спектакльдің жасалуын зерттейді және оның әлеуметтік немесе
мәдени негізі бар. Бұл тәсіл үшін үдеріске қатысушылардың бақылауы мен сұхбаты көрермендердің
белгілерді интерпретациялауынан маңызды. Үдеріскеке бағытталған талдау уақыт өте келе
спектакльдің қалай өзгергенін түсіну үшін жиі қолданылады, әсіресе ол түрлі мәдени контекстерде
ойналғанда өзекті болып табылады.
• өнімге бағытталған талдау эстетикалық мәселелерді инсайдерлік ақпаратты пайдаланбай,
қарапайым көрермен сияқты позициядан қарастырады. Қойылым аяқталған эстетикалық өнім
болып саналады және зерттеу әдісі негізінен семиотикалық болады.
• оқиғалы-бағытталған талдау қойылымның үдерісін бір көрсетілімі барысында зерттейді. Басты
назарда – сахна мен көрермендер залының арасындағы өзара қарым-қатынасы, сонымен қатар
спектакль көрсетілімдері негізінде вариацияның пайда болуына әсер ететін факторлар.
Әдістер мен модельдер
Спектакльді талдаудың негізгі екі тәсілі – трансформациялық және құрылымдық талдау.
Трансформациялық талдау нәтижесінде мәтін спектакльге айналатын үдерісті зерттейді. Басында
мәтіннің өзі талданады, содан кейін спектакльдегі шығармашылық шешімдер мәтінде көрсетілген
қойылым мүмкіндіктерімен салыстырылады.
Құрылымдық талдау анық бір белгілік жүйені немесе құрылымдық деңгейді (мысалы, кейіпкер, сюжет,
кеңістік) таңдауды көздейді. Э. Фишер-Лихте құрылымдық талдау үшін спектакльдің қай элементінен
басталатыны маңызды емес деп санайды. Зерттеушіге әрбір жеке спектакльде белгілік жүйелер қалай
ұйымдастырылғанын түсіну керек және осыны негізге алу керек. П. Пави, керісінше, спектакльді талдау
ең алдымен актерлік жұмыстарға қатысты болуы тиіс деген пікірді ұстанады, өйткені актер спектакльдің
басқа элементтерін біріктіретін қойылым орталығы болып табылады.
Төменде келтірілген кестеде трансформациялық және құрылымдық талдау принциптері салыстырылады.
Трансформациялық талдау Беккеттің «Крэпптің соңғы лентасы» Ройал-Корт театрының (Лондон)
спектаклінің кинонұсқасы мысалында қарастырылады. 1958 жылы қойылған, режиссері Дональд
МакВинни; кинонұсқа 1965 жылы жарыққа шықты.
1.Дайындық қадамдары:
а) фокустау нүктелерін анықтау үшін драмалық мәтінді талдау
б) дәстүрлі оқу стратегияларын бұзуға екпін
2.Талдау:
а) кеңістікті
б) заттарды
в) актерлерді
г) кинематографиялық аспектілерді
3.Нәтижелер: Кинонұсқада Беккеттің театрлық және драмалық клишелердің тұрақсыздануы бойынша
стратегиялары қалай қолданылатыны көрсетіледі
Құрылымдық талдау В. Шекспирдің «Лир патшасы» спектаклінің мысалында қарастырылады.
Режиссері Роберт Уилсон. Франкфурт 1990.
1.Дайындық қадамдары:
а) Уилсонның алдыңғы қойылымдарын талқылау