Театртануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата30.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#175764
1   2   3
Байланысты:
teatrtanua-krspe 18 lecture

Талдау мақсаты
Спектакльді талдаудың үш түрлі тәсіл бар:
• Үдеріске бағытталған талдау спектакльдің жасалуын зерттейді және оның әлеуметтік немесе 
мәдени негізі бар. Бұл тәсіл үшін үдеріске қатысушылардың бақылауы мен сұхбаты көрермендердің 
белгілерді интерпретациялауынан маңызды. Үдеріскеке бағытталған талдау уақыт өте келе 
спектакльдің қалай өзгергенін түсіну үшін жиі қолданылады, әсіресе ол түрлі мәдени контекстерде 
ойналғанда өзекті болып табылады.
• өнімге бағытталған талдау эстетикалық мәселелерді инсайдерлік ақпаратты пайдаланбай, 
қарапайым көрермен сияқты позициядан қарастырады. Қойылым аяқталған эстетикалық өнім 
болып саналады және зерттеу әдісі негізінен семиотикалық болады.
• оқиғалы-бағытталған талдау қойылымның үдерісін бір көрсетілімі барысында зерттейді. Басты 
назарда – сахна мен көрермендер залының арасындағы өзара қарым-қатынасы, сонымен қатар 
спектакль көрсетілімдері негізінде вариацияның пайда болуына әсер ететін факторлар.
Әдістер мен модельдер
Спектакльді талдаудың негізгі екі тәсілі – трансформациялық және құрылымдық талдау. 
Трансформациялық талдау нәтижесінде мәтін спектакльге айналатын үдерісті зерттейді. Басында 
мәтіннің өзі талданады, содан кейін спектакльдегі шығармашылық шешімдер мәтінде көрсетілген 
қойылым мүмкіндіктерімен салыстырылады. 
Құрылымдық талдау анық бір белгілік жүйені немесе құрылымдық деңгейді (мысалы, кейіпкер, сюжет, 
кеңістік) таңдауды көздейді. Э. Фишер-Лихте құрылымдық талдау үшін спектакльдің қай элементінен 
басталатыны маңызды емес деп санайды. Зерттеушіге әрбір жеке спектакльде белгілік жүйелер қалай 
ұйымдастырылғанын түсіну керек және осыны негізге алу керек. П. Пави, керісінше, спектакльді талдау 
ең алдымен актерлік жұмыстарға қатысты болуы тиіс деген пікірді ұстанады, өйткені актер спектакльдің 
басқа элементтерін біріктіретін қойылым орталығы болып табылады.
Төменде келтірілген кестеде трансформациялық және құрылымдық талдау принциптері салыстырылады.
Трансформациялық талдау Беккеттің «Крэпптің соңғы лентасы» Ройал-Корт театрының (Лондон) 
спектаклінің кинонұсқасы мысалында қарастырылады. 1958 жылы қойылған, режиссері Дональд 
МакВинни; кинонұсқа 1965 жылы жарыққа шықты.
1.Дайындық қадамдары:
а) фокустау нүктелерін анықтау үшін драмалық мәтінді талдау
б) дәстүрлі оқу стратегияларын бұзуға екпін
2.Талдау:
а) кеңістікті
б) заттарды
в) актерлерді
г) кинематографиялық аспектілерді 
3.Нәтижелер: Кинонұсқада Беккеттің театрлық және драмалық клишелердің тұрақсыздануы бойынша 
стратегиялары қалай қолданылатыны көрсетіледі
Құрылымдық талдау В. Шекспирдің «Лир патшасы» спектаклінің мысалында қарастырылады. 
Режиссері Роберт Уилсон. Франкфурт 1990.
1.Дайындық қадамдары:
а) Уилсонның алдыңғы қойылымдарын талқылау


Кітап:
Дәріс:
Театртануға кіріспе
Спектакльді талдау
6
б) Уилсон позициясы бойынша пікірлер-интерпретациядан бас тарту
2) Талдау:
а) қойылым құрылымы: бірінші сахнаның сипаттамасы; лейтмотивті пайдалану
б) кеңістікті
с) костюмдерді, ым-ишараттар, дикциялар мен мизансценалар
3) нәтижелер:
а) перформанс – бастаманың бір түрі
б) ол уақыт пен кеңістік туралы түсінікті өзгертеді
в) авангард дәстүрімен байланыс
г) қойылым – бұл өмір және өлім тақырыбындағы вариация, бірақ пьесаны белгілі бір «оқу» әрекеті 
емес.
Постдрамалық театрдың қойылымдарына трансформациялық, құрылымдық талдау қолданылмайды. 
Трансформациялық талдауды қолдануға қойылымның негізінде жатқан мәтіннің болмауы, сондай-ақ 
постдрамалық театрдың қойылымдары бір адамның ғана қатысуымен жиі жүзеге асырылады. Құрылымдық 
талдау шеңбері тым тар болуы мүмкін, өйткені перформанстағы ең бастысы «белгілер жүйесі» емес, 
көрерменнің перформер денесімен бір кеңістікте бар болу тәжірибесі маңызды. Сондықтан постдрамалық 
театрдың қойылымы үшін талдаудың бірыңғай процедурасын ұсыну мүмкін емес: әрбір жағдай жеке 
тәсілді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет